"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Балқаш – Бурылбайтал (бұдан әрі – км) учаскесі 1864+000 километр – 1955+000 км (M-36) I-б санатты республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске) ақылы негізде пайдаланылады;
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: "Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал" автомобиль жолы;
3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –1864+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1955+000 км;
4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту жолағының ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс жолақтың саны – екі бағытта – 2 жолақ;
6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 91 км;
7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес айқындалады;
8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына 1-қосымша |
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр | Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы |
1869 + 088 км | Торанғалық ауылы |
1874 + 965 км | Шұбартүбек ауылы |
1888+913 км | "Гольфстрим" демалыс аймағы |
1909 км | Гүлшат ауылы |
1955 км | Тасарал ауылы |
бұйрығына 2-қосымша |
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Балқаш – Бурылбайтал километр (бұдан әрі – км) учаскесі 1864+000-км 1955+000 (M-36) (Ресей Федерациясының шекарасы (Екатеринбургке) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолы (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)):
АЕК:
№ Р/с | Аймақтар | Жеңіл автокөліктер | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыш тар | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | ||||||
Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | Кейінгі төлем | Алдын ала төлем | ||
1 | км 1864+000 - км 1888+000 (24 км) | 0,0201 | 0,0174 | 0,0510 | 0,0436 | 0,1006 | 0,0859 | 0,1509 | 0,1281 | 0,2026 | 0,1724 | 0,2522 | 0,2146 |
2 | км 1888+000 - км 1912+100 (24 км 100 метр) | 0,0201 | 0,0174 | 0,0509 | 0,0435 | 0,1004 | 0,0857 | 0,1506 | 0,1278 | 0,2021 | 0,1720 | 0,2517 | 0,2142 |
3 | км 1912+100 – км 1955+000 (42 км 900 метр) | 0,0361 | 0,0313 | 0,0914 | 0,0782 | 0,1805 | 0,1540 | 0,2707 | 0,2298 | 0,3634 | 0,3092 | 0,4524 | 0,3850 |
4 | Бір бағыт тағы бар лық маршрут бойынша жиыны (91 км) | 0,0763 | 0,0661 | 0,1933 | 0,1653 | 0,3815 | 0,3255 | 0,5722 | 0,4858 | 0,7681 | 0,6536 | 0,9563 | 0,8138 |
1) абоненттік төлем – автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ақылы учаскелер бойынша жол жүру ақысы, ақылы учаскеге іргелес елді мекендерде тіркелген жергілікті автокөлік құралдары үшін белгілі бір уақыт кезеңіне абонемент түрінде бір ауданнан тыс жерде бір айға немесе бір жылға ауысқан кезде;
2) абоненттік төлем жергілікті көлік үшін көлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне қарай белгіленеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | қарастырылмаған | 2 АЕК | 4 АЕК | 6 АЕК | 8 АЕК | 10 АЕК |
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі | Жеңіл автокөліктер үшін | 16 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін | 32 орын нан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін | Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін | Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Абоненттік төлемнің құны | 1 АЕК | 20 АЕК | 40 АЕК | 60 АЕК | 80 АЕК | 100 АЕК |
3) аймақ – жүк көтергіштігі мен көлік құралының түріне байланысты өзінің ұзақтығы мен жол ақысының белгілі бір мөлшері бар ақылы учаскенің жол сегменті;
4) алдын-ала төлеу – ақылы учаскеге кіргенге дейін пайдаланушы дербес шотқа және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің шотына есептеген ақшалай қаражат, оның сомасы жол ақысын төлеу үшін жеткілікті;
5) жергілікті автокөлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде ақылы учаскесіне іргелес әкімшілік- аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген көлік құралы.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
м - метр;
т - тонна.
бұйрығына 3-қосымша |
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с № | Елді мекеннің атауы |
Қарағанды облысы | |
Балқаш қаласының қалалық әкімшіліггі | |
1 | Шұбартүбек ауылы |
2 | Торанғалық ауданы |
3 | "Гольфстрим" демалыс аймағы |
4 | Гүлшат ауылы |
Ақтоғай ауданы | |
4 | Тасарал ауылы |