"Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 сәуірде № 36024 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 319 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23928 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны, сондай-ақ әсер етуге арналған экологиялық рұқсат бланкілерінің нысандарын және оларды толтыру тәртібін ұсыну қағидаларында:

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. ІI санат объектілері үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу II санат объектілері үшін әсер етуге экологиялық рұқсат берілген объектінің атауы өзгерген, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, оператор қайта ұйымдастырылған немесе ауысқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушылар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге 3-Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша II санаттағы әсер етуге экологиялық рұқсатты қайта ресімдеуге өтініш береді.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне оператор жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың бірінші күніне дейін өндірістік экологиялық бақылау қағидаларының 2-қосымшасының 7-кестесінде белгіленген нысан бойынша осындай рұқсат берген мемлекеттік органға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп береді.";

      "Кешенді экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесіне 2-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса;
2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтің нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе;
3) қызметті алушының Кодекстің 115-бабында көзделген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған кешенді экологиялық рұқсаттың талаптарымен келіспеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      ";

      "І санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесіне 8-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық болмаса;
2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтің нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      "ІІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесіне 11-қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық болмаса;
2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтің нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе;
3) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаса мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартылады.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады