БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – жеке немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болса, өтінішхатты заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетелдікке беріледі.
Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға болса, өтінішхат оның атына беріледі.";
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте тіркеледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінім тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мынадай шарттардың бірі болған жағдайда өтініш беру туралы шешім қабылдайды:
1) жеке тұлғаның өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда 300 (үш жүз) мың АҚШ долларына баламалы немесе одан астам Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар салуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі;
3) көрсетілетін қызметті алушыда Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдарының болуы.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 10 (он) жыл мерзімге дейін беріледі.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың бірі болған кезде өтінішхат 5 (бес) жыл мерзімге дейін беріледі.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 3 (үш) жыл мерзімге дейін беріледі.
Осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негіздеме болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжделген бас тарту туралы шешім жолдайды.";
8-тармақ алып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
Е. Конуспаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінім
№ 1 нысан | |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы | |
Орналасқан жері: заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері | |
Бизнес сәйкестендіру номері (БСН) | |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс, электрондық пошта) | |
Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта) | |
Инвестор визасын алуға өтініш берген тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Туған күні және жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | |
Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы | |
Лауазымы | |
Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта) | |
№ 2 нысан | |
Көрсетілетін қызметті алушы жөнінде ақпарат | |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | |
Туған күні және жері | |
Азаматтығы | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері | |
Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі | |
Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы | |
Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта) |
"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал). |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электронды |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем | Тегін. |
7. | Жұмыс графигі |
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) заңды тұлғалар үшін: |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; |
10. | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777. |