"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 11-1-4/247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 сәуірде № 36027 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидаларында:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – жеке немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болса, өтінішхатты заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетелдікке беріледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға болса, өтінішхат оның атына беріледі.";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте тіркеледі.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінім тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мынадай шарттардың бірі болған жағдайда өтініш беру туралы шешім қабылдайды:

      1) жеке тұлғаның өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда 300 (үш жүз) мың АҚШ долларына баламалы немесе одан астам Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар салуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдарының болуы.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 10 (он) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың бірі болған кезде өтінішхат 5 (бес) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 3 (үш) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшада баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негіздеме болған кезде, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтініш беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжделген бас тарту туралы шешім жолдайды.";

      8-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-тармағы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
Е. Конуспаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 25 сәуірдегі
№ 11-1-4/247 бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық виза
алуға өтінішхатты
беру қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінім


№ 1 нысан
(заңды тұлға үшін)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


Орналасқан жері: заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері


Бизнес сәйкестендіру номері (БСН)


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс, электрондық пошта)


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)


Инвестор визасын алуға өтініш берген тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы


Лауазымы


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)



№ 2 нысан
(жеке тұлға үшін)

Көрсетілетін қызметті алушы жөнінде ақпарат


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)


  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 25 сәуірдегі
№ 11-1-4/247 бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық
виза алуға өтінішхатты
беру қағидаларына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды
(ішінара автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем

Тегін.

7.

Жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 19.00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) заңды тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
өтінім беруге дейінгі соңғы 36 (отыз алты) айды алғанда көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаға инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар);
көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдары болған жағдайда қосымша ұсынылады;
2) жеке тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және 300 (үш жүз) мыңға баламалы АҚШ долларынан астам Қазақстан Республикасының экономикасына салынған инвестициялар сомасы көрсетілген инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі (10 (он) жылдан асатын эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушының шотынан үзінді немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасы қоса берілген мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар жарғылық капиталды толықтыру жөнінде жарғыдан үзінді ұсынады).

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады