ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. "Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 840 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17413 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 1-тарауының 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 210 бұйрығымен бекітілген |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттау тәртібін:
1) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі уәкілетті органдар;
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. Осы Қағидалардың 1-тарауының 1-тармағының 2) тармақшасы 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бюджетті атқару, бухгалтерлік есепті, бюджеттік есепті және бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) емтихан жұмысы – кандидат тапсырған емтиханның нәтижесі;
3) емтихан модулі (бұдан әрі – модуль) – осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген әрбір пән бойынша жауап нұсқалары бар тест сұрақтарынан және ахуалдық тапсырмалардан тұратын тапсырмалар көлемі;
4) кандидат – сертификат алуға үміткер республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамы;
5) қадағалаушылар – емтихан өткізу тәртібінің сақталуын қадағалайтын мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының тәуелсіз сыртқы өкілдері;
6) сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – СН) – білімді растаушы ұйым әрбір кандидатқа беретін жеке нөмірі;
7) сертификаттау – кандидаттардың білімін және кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерінің объективтік сипаттамаларын растау арқылы кандидаттың сертификат алу мақсатында емтихандар тапсыру рәсімі;
8) ұйым – жарғылық қызметінде бухгалтерлік есеп бойынша оқыту және біліктілікті арттыру көзделген бар ұйым.
2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджетті, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдарын сертификаттауды өткізу тәртібі
3. Ұйым бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзірлеген және Мемлекеттік органдардың интернет–ресурстарының бірыңғай платформасында "www.gov.kz/memleket/entities/minfin" орналастырған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізеді.
4. Модульдер бюджет заңнамасын және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы заңнаманы ескере отырып, қазақ және орыс тілдерінде жасалады және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
Емтихан кандидаттардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырылады.
5. Кандидаттар мынадай пәндер бойынша емтихан тапсырады:
1) қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау;
2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау.
6. Кандидаттар сертификаттауға тіркелу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) пәндердің атауларын көрсете отырып, емтихандарға жіберу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын қағаз жеткізгіштегі құжаттың көшірмесі немесе цифрлық құжат;
3) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірі;
4) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар (болған жағдайда).
7. Ұсынылған құжаттар пакеті осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда кандидатты сертификаттауға тіркеу жүргізілмейді.
8. Бухгалтерлік есеп және аудит саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілікке кандидаттар мынадай сертификаттау пәндері бойынша жекелеген емтихандар тапсырудан босатылады:
1) кандидаттар мынадай:
"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң) сәйкес Мемлекеттік аудиторды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия берген "Мемлекеттік аудитор" сертификаты;
және (немесе) IPSAS АССА (Certificate in International Public Sector Accounting Standards) халықаралық сертификаты (Мемлекеттік сектордағы бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары бойынша сертификат);
және (немесе) халықаралық CIPFA сертификаты (The Chartered Institute of Public Finance and Accountancy) (Мемлекеттік секторға арналған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша диплом);
және (немесе) CIPFA DipIPSAS (Diploma in international public sector accounting standards) халықаралық сертификаты (Дипломды мемлекеттік қаржы және бухгалтерлік есеп институты мемлекеттік аудитор) болған кезде "Қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады;
2) кандидаттар мынадай:
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аттестатталған Біліктілік комиссиясы берген "Аудитор" біліктілік куәлігі;
және (немесе) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңға сәйкес Мемлекеттік аудиторды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия берген "Мемлекеттік аудитор" сертификаты;
және (немесе) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген ұйым берген "Кәсіби бухгалтер" сертификаты;
және (немесе) АССА (Association of Chartered Certified Accountants) (Сертификатталған алқа бухгалтерлер қауымдастығы) біліктілігі;
және (немесе) АСА (Associated Chartered Accountant) біліктілігі (Қауымдастырылған дипломы бар бухгалтер);
және (немесе) DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) халықаралық сертификаты (Халықаралық қаржылық есептілік бойынша диплом) болған кезде "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес квазимемлекеттік секторда бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау" пәні бойынша емтихан тапсырудан босатылады.
9. Емтихан өткізуге арналған үй-жай бейне тіркеу құралдарымен жарақтандырылады.
10. Емтихан комиссиясын ұйым әрбір пән бойынша тақ санда (кемінде үш адам) комиссия төрағасы сайланатын мамандар санынан қалыптастырады.
11. Ұйымның емтихан өткізуі кезінде байқаушылар қатысады.
12. Емтиханның ұзақтығы үш сағатты (180 минут) құрайды.
13. Емтихан тапсыру үшін жалпы жиынтық балл ("өту" балы) ықтимал жүз (100) балдан кемінде елу (50) балды құрайды.
14. Балдардың саны мен емтиханның ұзақтығы олардың күрделілігіне қарай тест сұрақтары және (немесе) ахуалдық тапсырмалар бойынша әрбір модуль бөлінісінде белгіленеді.
15. Емтихан жұмыстарына емтихан аяқталған соң жеке нөмiр берiледi, олар кейіннен емтихан комиссиясына жіберіледі.
16. Емтихан комиссиясы кандидаттардың емтихан жұмыстарын күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде тексеріп бағалайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады:
кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған "өту балына" қол жеткізсе, емтиханнан өтті (оң нәтиже);
кандидат тапсырған пән бойынша жинақталған "өту балына" қол жеткізе алмаса, емтиханнан өте алмады (теріс нәтиже).
Емтихан нәтижелері комиссия төрағасы мен оның барлық мүшелерінің қолы қойылып емтихан комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.
Оң нәтиже алған кандидаттарға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы сертификат беріледі.
17. Емтиханнан өте алмаған кандидаттар теріс нәтиже алған күннен бастап бір айдан кейін оны қайта тапсырады.
18. Кандидат емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында белгіленген тәртіппен емтихан комиссиясының шешіміне сотқа шағымданады.
__________________________________ ұйымның атауы
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының бухгалтерлік есепті жүргізуге және қаржылық есептілікті жасауға уәкілеттік берілген лауазымды адамдардың оқығаны және емтиханнан өткені туралы СЕРТИФИКАТ
№ _____
________________________________________________________ берілді
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
Емтихан комиссиясының төрағасы
______________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
Ұйым басшысы
______________ _________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
_______________ № _____________________________________________
(күні) (сәйкестендіру нөмірі)
_______________________
(қаланы көрсету)