Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11113 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 133 бұйрығымен бекітілген |
Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.
2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі
2. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер мемлекеттік мекеменің аумағында (үй-жайында) арнайы бөлінген жерде орналастырады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста мынадай ақпаратты жариялайды:
1) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың ұсыну мерзімін көрсете отырып, өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерінің тізбесін;
2) қажетті құжаттардың тізімін (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтер/орындалған жұмыстар актілері, фискалдық чектер), сондай-ақ ұсынылатын тауарларға (орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға прейскурантын.
4. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады.
5. Өтінішті және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдауды ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкері жүзеге асырады.
6. Өтінішті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге өтінішті қабылдау туралы талон бере отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеме тіркейді.
7. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемеде белгіленген жұмыс режиміне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын ұсынылады.
8. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін ұсыну үшін құжаттарды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталған, оларды толтыруға арналған орындар жасалады.
9. Жеке және заңды тұлғалармен қолма-қол ақша түрінде жүзеге асырылатын есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жадысы бар кассалық-бақылау машинасын қолдана отырып және бақылау чегін бере отырып, ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы, не қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің ағымдағы "Ақылы қызметтерден түсетін қаражат" шотына аудару арқылы жүргізіледі.
10. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеме ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алған жеке немесе заңды тұлғаларға шот-фактура береді.
11. Ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражат:
1) ветеринариялық іс-шараларды және ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жарақтандыруға және ұстауға, негізгі құралдарды сатып алуға және жөндеуге;
2) ветеринариялық іс-шараларды және ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеме жұмыскерлері үшін арнайы киім мен арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;
3) ветеринариялық іс-шараларды және ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін дегельминтизация, дезинфекцияға, дезинсекцияға және дератизацияға арналған ветеринариялық препараттарды арнайы ветеринариялық құралдарды, материалдарды сатып алуға;
4) ветеринария саласындағы мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге пайдаланылады.
Нысан
___________________________
(ветеринария саласындағы мемлекеттік
________________________________
мекеменің атауы)
_________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),тегі
жеке сәйкестендіру нөмірі
/заңды тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі)
Мекенжайы:_________________________
Өтініш
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша мынадай ақылы қызмет түрлерін көрсетуді сұраймын
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын: _____________________________________
__________________________________________________________________________
Байланыс телефоны _________________________________________________________
Электрондық мекенжайы ___________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
________________________________________________ 20 ___ жыл _______________
(өтініш берушінің аты, әкесiнiң аты (бар болса) тегi, қолы)
Қосымша: ______ парақта 1 данада ___________________________________________
Нысан
Өтінішті қабылдау туралы талон
__________________________________________________________________________
(ветеринария саласындағы мемлекеттік мекеменің атауы)
__________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)
Өтініштің тіркелген нөмірі және қабылдау күні _________________________________
Ақылы негізде жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) өткізу бойынша қызметтің түрі ____________________________________
__________________________________________________________________________
Қоса берілген құжаттардың саны және атаулары ________________________________
Қосымша: ______ парақта 1 данада ___________________________________________
Құжаттар 20 __ жылғы ___________________________________________ қабылданды
Кіріс нөмірі ___________
Нәтижелер алынған күн _____________________________________________________
__________________________________________________________________________
(қолы) (өтінішті қабылдаған лауазымды адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi)