"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 200-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36044 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20722 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:

      6-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы хабарлайды. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты бере немесе білдіре алады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан қарсылық келіп түскен жағдайда, оны қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мәдени құндылықтардың экспортына немесе ұлттық архив қорлары құжаттарының экспортына немесе архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
К. Искаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады