"Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36052 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында:

      2-тармақта:

      10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттiк сатып алудың және "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынатын мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;";

      мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) мемлекеттiк сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қағидалар шеңберінде мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану (қолжетімділік) жөніндегі қызметті мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көздеген тарифтерге сәйкес ақылы негізде мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор көрсетеді.";

      67-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "67. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.

      Әлеуетті өнім беруші конкурс қорытындыларына конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасаған кезде веб-порталда конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің шағымын қарау мерзімі шағым беру мерзімі өткен күннен кейін екі жұмыс күнінен аспайды.";

      69-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, тікелей шарт жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өнім берушімен шарттың қолданылуын ұзартады.

      Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, шарт конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге алдыңғы конкурста екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушімен жасалады.

      Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған, шарт жасасудан бас тартқан немесе алдыңғы конкурста кезектілік тәртібімен екінші, үшінші, төртінші және тағы басқа орын алған әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс беруші тамақтандыруды ұйымдастыру немесе біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл қызмет көрсету, тауар жеткізу бойынша тәжірибесі бар тауарларды жеткізу жөнінде қызметтер көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте мұндай сатып алу конкурсты өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде осындай көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

      Конкурс қорытындыларына шағым жасалған жағдайда, шарт шағымдану кезеңіне ұзартылады.";

      73, 74, 75, 76 және 77-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "73. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама жобасына осы Қағидалардың 28-тармағында айқындалған тәртіппен ескертулер берілмеген конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде оларда көрсетілген біліктілік талаптарына жасаған шағымдары қаралуға жатпайды.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады. Конкурсқа қатыспаған тұлғалардың шағымы шарт жасасу мерзімін тоқтатпайды.

      74. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 93-бабына сәйкес веб-портал арқылы беріледі.

      75. Шағымды тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының конкурстық комиссиясы қарайды.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Шағымды қанағаттандырудан бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипаттала отырып веб-порталда орналастырылады.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімге тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының бірінші басшысы, оның міндетін атқарушы тұлға не оның орынбасары қол қояды.

      Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы шағымды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурстық комиссия тапсырыс беруші, ұйымдастырушы тиісті шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады.

      76. Тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, комиссиялардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым ӘРПК-нің 93-бабына сәйкес ресімделеді.

      77. ӘРПК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабының 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес қолданылмайды.";

      91 және 92-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "91. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің шағымын қарау қорытындылары бойынша шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шағым жасалуы мүмкін.

      Бұл ретте әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының шешіміне шағымдану сатып алу рәсімдерін тоқтата тұрмайды.

      92. Сот ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның не конкурстың (лоттың) шешімдерін жойған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады немесе веб-порталда конкурс туралы хабарландыруды орналастырады.";

      106-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "106. Орта білім беру ұйымының басшысы денсаулық сақтауды басқару органы бекіткен перспективалық мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күні берілетін тағамдардың түрлерін көрсете отырып, ас мәзірін бекітеді және оны асханаға және білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерге орналастырады.

      Перспективалық мәзір "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына, "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26866 болып тіркелген), "Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21857 болып тіркелген), "Тамақ өнімдерін тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14674 болып тіркелген) бұйрықтарына және білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, тамақтану объектісінің түрін, үй-жайлардың жиынтығы және тоңазытқыш және технологиялық жабдықтармен жарақтандыруды, сондай-ақ өңірде өндірілетін отандық өнімдердің ұлттық дәстүрлері мен ассортиментін, дұрыс тамақтану рационын қалыптастыруды ескере отырып, тамақтанудың заттай нормаларына сәйкес әзірленеді.";

      108-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "108. Білім беруді басқару органы, білім беру ұйымы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30534 болып тіркелген) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес тіркеу және есептілік функциясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы тегін тамақ алатын білім алушыларды есепке алуды жүзеге асырады.

      Аппараттық-бағдарламалық кешен есепке алу туралы ақпаратты "Әлеуметтік әмиян" ақпараттық жүйесіне береді.

      Білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзі әкелген тамақты ішуге қажетті жағдайлар жасалады.";

      175-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "175. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.

      Әлеуетті өнім беруші конкурс қорытындыларына конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасаған кезде веб-порталда конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің шағымын қарау мерзімі шағым беру мерзімі өткен күннен кейін екі жұмыс күнінен аспайды.";

      177-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "Тәрбиеленушілерді мен білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, тікелей шарт жасасу арқылы жұмыс істеп тұрған өнім берушімен шарттың қолданылуын ұзартады.

      Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған жағдайда, шарт конкурс жеңімпазымен шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге алдыңғы конкурста екінші, үшінші, төртінші және одан әрі кезектілік тәртібімен орын алған әлеуетті өнім берушімен жасалады.

      Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған, шарт жасасудан бас тартқан немесе алдыңғы конкурста кезектілік тәртібімен екінші, үшінші, төртінші және тағы басқа орын алған әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы, тапсырыс беруші біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл тауар жеткізу бойынша тәжірибесі бар тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте мұндай сатып алу конкурсты өткізу мерзімі ішінде тапсырыс берушінің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде осындай тауарларды сатып алу көлемінен аспайтын көлемде жүзеге асырылады.

      Конкурс қорытындыларына шағым жасалған жағдайда, шарт шағымдану кезеңіне ұзартылады.";

      181-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "181. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттама жобасына осы Қағидалардың 28-тармағында айқындалған тәртіппен ескертулер берілмеген конкурстық құжаттаманың талаптарына, оның ішінде оларда көрсетілген біліктілік талаптарына жасаған шағымдары қаралуға жатпайды.

      Конкурс қорытындылары туралы хаттама веб-порталда орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасалған кезде шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатылады. Конкурсқа қатыспаған тұлғалардың шағымы шарт жасасу мерзімін тоқтатпайды.";

      182, 183, 184 және 185-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "182. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 93-бабына сәйкес веб-портал арқылы беріледі.

      183. Шағымды тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының конкурстық комиссиясы қарайды.

      Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің шағымын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Шағымды қанағаттандырудан бас тарту себептері егжей-тегжейлі сипаттала отырып веб-порталда орналастырылады.

      Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімге тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының бірінші басшысы, оның міндетін атқарушы тұлға не оның орынбасары қол қояды.

      Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы шағымды қанағаттандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурстық комиссия тапсырыс беруші, ұйымдастырушы тиісті шешім қабылдағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады.

      184. Тапсырыс берушінің, конкурсты ұйымдастырушының, комиссиялардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым ӘРПК-нің 93-бабына сәйкес ресімделеді.

      185. ӘРПК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабының 2-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес қолданылмайды.";

      197 және 198-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "197. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің шағымын қарау қорытындылары бойынша шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта шағым жасалуы мүмкін.

      Бұл ретте әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының шешіміне шағымдану сатып алу рәсімдерін тоқтата тұрмайды.

      198. Сот ұйымдастырушының және конкурстық комиссияның не конкурстың (лоттың) шешімдерін жойған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурс қорытындыларын қайта қарауды жүзеге асырады немесе веб-порталда конкурс туралы хабарландыруды орналастырады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті (денсаулық сақтауды басқару органы бекіткен және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін перспективалық мәзір қоса беріле отырып) немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы;".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады