Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 136 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36061 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10618 болып тіркелген);

      2) "Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 455 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19835 болып тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 136 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзуі бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн жүзеге асыру, оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ақылы негізде мынадай көрсетілетін қызметтерді жүзеге асырады:

      1) топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу;

      2) өсімдік шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңделген өнімдерінің сапасын бағалау;

      3) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша топырақтың құрамында макро-, микроэлементтердің, ауыр металдардың, су сорындысының болуына қосымша зерттеп-қараулар жүргізу;

      4) агрохимия саласындағы аспаптар мен зертханалық жабдықтарды, химиялық талдау әдістемелерін байқаудан өткізу, сынақ нәтижелері бойынша қорытындылар беру;

      5) топыраққа, өсімдік шаруашылығы өніміне және оның қайта өңделген өнімдеріне химиялық талдау жүргізу, тыңайтқыштар жүйесін құру, жер учаскелерін пайдалану әдістері мен қағидалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету.

      3. Көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерінің тізбесі және ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің баға прейскуранты мемлекеттік мекеменің аумағында (үй-жайларында) арнайы бөлінген жерде орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жарияланады.

      4. Мемлекеттік мекеме жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – өтініш беруші) еркін түрде жасалған жазбаша өтініші негізінде көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      5. Өтінішті қабылдауды және тіркеуді мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкері жүзеге асырады, мыналарды көрсете отырып, өтініш берушіге өтiнiштiң қабылданғаны туралы қолхат береді:

      1) өтiнiштiң тiркеу нөмiрi мен оның қабылданған күнi;

      2) көрсетілетін қызмет атауы;

      3) өтінішті қабылдаған мемлекеттік мекеменің жауапты қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі.

      6. Көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша ақылы қызмет түрлері мемлекеттік мекемеде белгіленген жұмыс режиміне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетіледі.

      7. Жеке және заңды тұлғалардың қолма қол нысанда жүзеге асырылатын есеп айырысулары мемлекеттік мекеменің кассалары арқылы фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарды пайдалана отырып және бақылау түбіртегін бере отырып не "Ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты" мемлекеттік мекемесінің ағымдағы шотына аудару жолымен қолма қол ақшасыз есеп айыру бойынша жүргізіледі.

      8. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражаты көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа аударылады және Бюджет кодексінің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес ресімделген және ұсынылған төлемшоты негізінде пайдаланылады.

      9. Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан түскен қаражат мемлекеттiк мекеменің көрсетiлетiн қызметтерді өткізуден түскен, өз иелігінде қалған ақшаның кіріс және шығыс жоспарларына (бұдан әрі – жоспар) сәйкес жоспарланады және пайдаланылады.

      10. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған қаражаты мынадай жоспарларға сәйкес пайдаланылады:

      1) зертханалық зерттеулердi жүргiзу;

      2) техника, ауыл шаруашылығы және зертханалық жабдықтарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң материалдық-техникалық базасын жарақтандыруға арналған механизмдерді сатып алу;

      3) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргiзу;

      4) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстар жүргiзу үшiн мемлекеттiк мекеме тартатын штаттан тыс маусымдық қызметкерлер мен жұмысшылардың көрсететін қызметтерi мен жұмысына еңбекақы төлеу;

      5) тауарлық материалдық құндылықтарды: жанар-жағармайды, химиялық реактивтердi, қосалқы бөлшектердi, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректердi, еңбектi қорғауды, өрт қауiпсiздiгi мен гигиенаны қамтамасыз ету үшiн арнайы қорғану құралдарын, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң ағымдағы мақсаттары үшiн қажетті заттар мен материалдарды сатып алу;

      6) көлiк, байланыс қызметiне, коммуналдық қызметке, әкiмшiлiк және қойма үй-жайларын жалға алу, көлiк құралдарын техникалық байқау және мiндеттi сақтандыру, мемлекеттiк мекеменiң мамандандырылған жабдықтарын тексеру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу;

      7) жазылым баспаларын, ғылыми, әдiстемелiк және арнайы әдебиеттердi сатып алу;

      8) ғылыми және әдiстемелiк материалдарды, сондай-ақ мемлекеттiк мекеменiң ресми бюллетендерiн шығару;

      9) мемлекеттiк мекеменiң мамандарын даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;

      10) ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы деректерді автоматты түрде өңдейтін арнайы бағдарламалық қамтылымды сатып алу және енгiзу;

      11) мемлекеттiк мекемеге арналған шетелдiк хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамаларды аудару үшін аудармашылардың көрсететін қызметтеріне ақы төлеу;

      12) жарнамалау мен насихаттау жөнiндегi бұқаралық iс-шараларды өткiзу (танап күнi, семинарлар, көрмелер, саяхаттар мен презентациялар);

      13) мемлекеттiк мекеменiң жұмыс iстеуiне байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектiлердi жөндеу;

      14) мемлекеттiк мекеме қызметкерлерiнiң іссапарлары, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарлары шығыстары;

      15) мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн еңбек көрсеткiштерi үшiн көтермелеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады