"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 36063 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрі
2025 жылғы 30 сәуірдегі
№ 222 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілген

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 55) тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып айқындайтын, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты, жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік атаулы стипендияларды қоспағанда, мемлекеттік стипендиялар төлеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруға қатысушылардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 47-бабының 17-тармағында аталған адамдардың бюджет қаражаты шығыстарын жұмыспен өтеу немесе жұмыспен өтемеген жағдайда орнын толтыру жөніндегі өз міндеттерін сақтауын мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін заңды тұлға (бұдан әрі – Оператор);

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны.

      3. Экономиканың кадрларға, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілікке, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қалыптастырылған және бөлінген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ, оның ішінде Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (Quacquarelli Symonds (бұдан әрі – QS), Academic Ranking of World Universities (бұдан әрі – ARWU), Times Higher Education (бұдан әрі – THE) және/немесе Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарының арасында конкурстық негізде орналастырылады.

      4. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түріне және мәртебесіне қарай сараланған білім беру гранттары түрінде орналастырылады.

      Жоғары білімі бар кадрларды (бакалавриат) және магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранттары түрінде орналастырылады.

      Философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды/индустрия докторларын даярлауға, оның ішінде өңірлік ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдар, мемлекеттік органдар үшін нысаналы даярлыққа мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ-дағы меншік нысанына қарамастан конкурстық негізде орналастырылады.

      5. Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша ЖЖОКБҰ орналастырылады.

      6. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ЖЖОКБҰ-ны қаржыландыруды оператор әкімшісі ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган болып табылатын тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.

2-тарау. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, ЖЖОКБҰ-лардың дайындық бөлімшелеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібі

      7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шiлдедегi № 311 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) сәйкес жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде орналастырылады.

1-параграф. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібі

      8. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган конкурстық негізде ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастырады, онда конкурс қорытындысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.

      Конкурс өткізу туралы шешім Министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен, оны өткізу мерзімдері көрсетіле отырып ресімделеді. Конкурсты өткізу мерзімдерін ұзарту туралы шешімді ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

      9. Конкурс өткізу туралы хабарландыру ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.

      ЖЖОКБҰ – ның конкурстық өтінімдерін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау (бұдан әрі-конкурстық өтінім) хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      10. Конкурсты өткізу үшін министрдің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітілетін, кемінде 5 мүшеден және төрағадан тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      Комиссия ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады. Тізбені қалыптастыру жөніндегі комиссия мүшелерінің ішінен көпшілік дауыспен төраға сайланады. Комиссия құрамының саны оның төрағасын қоса алғанда тақ болып табылады.

      11. Комиссия отырыстары, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісі) астамы қатысса, заңды деп есептеледі.

      12. Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырыстың хаттамасымен ресімделеді, оған төраға қол қояды. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ конкурстық өтінімді электрондық форматта береді және Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖЖОКБҰ ақпараттық картасын толтырады.

      ЖЖОКБҰ ұсынған ақпараттық картаның көрсеткіштері бойынша сұрақтар туындаған кезде Комиссия растайтын құжаттарды сұратады.

      14. Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар ақпараттық жүйеде толтырылады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ЖЖОКБҰ басшысы ЭЦҚ-ға қол қояды.

      Бұл ретте ЖЖОКБҰ ұсынған мәліметтер "Жоғары білімнің бірыңғай платформасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖББП) деректерінің сәйкестігі тұрғысынан салыстырылады.

      15. ЖЖОКБҰ конкурстық өтінімді конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағат пен күннен кешіктірмей электрондық форматта қалыптастырады.

      Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      16. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ЖЖОКБҰ-ның конкурстық құжаттамасын қалыптастырады және комиссияның қарауы үшін олардың конкурстық құжаттамаға сәйкестік дәрежесін айқындайды. Комиссия конкурстық құжаттаманы қарау қорытындылары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру (орналастырмау) туралы шешім шығарады.

      17. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда білім беру бағдарламаларының (даярлау бағыттарының) топтары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясына қосымшалары бар, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ қатысады. Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдары конкурсқа білім беру қызметін жүргізуге рұқсат беру құжаттары және тіркеу елінің бас ЖОО аккредиттеу негізінде қатысады.

      ЖЖОКБҰ бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің шекті мәнін Тізбелерді қалыптастыру жөніндегі комиссия айқындайды.

      Кадрларды даярлаудың жаңа бағыттары, алғаш рет лицензия алған, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ, сондай-ақ, Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдары ерекшелік болып табылады. Бұл ретте ЖЖОКБҰ тізбесін Комиссия айқындайды.

      18. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ-да мынадай жағдайларда орналастырылмайды:

      1) білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру;

      2) білім беру бағдарламаларының тиісті тобына ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізілімінен білім беру бағдарламасының болмауы немесе алып тасталуы.

      19. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (ғылыми-педагогикалық/бейіндік магистратура) білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастыру кезінде, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ үшін комиссия:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына алғаш рет енгізілген бағыттарды қоспағанда, білім беру бағдарламаларының тиісті тобы бойынша білім алушылар контингентінің болуы;

      2) ЖЖОКБҰ кадрлық қамтамасыз ету және ғылыми-білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      3) оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және өзге де ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етілуі;

      4) ЖЖОКБҰ-да жүргізілетін ғылыми зерттеулердің ғылыми әлеуеті мен деңгейі (ЖЖОКБҰ үшін);

      5) жатақханада және/немесе хостелмен/ қонақ үйлермен, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерімен шарттарда басқа қаладан білім алушылардың тұруы үшін орындардың болуы;

      6) Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарын қоспағанда аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      7) Білім беру бағдарламаларының мәлімделген топтары бойынша ЖЖОКБҰ бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер;

      8) ЖЖОКБҰ халықаралық рейтингіне қатысу;

      9) ЖЖОКБҰ-ның Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы өткізетін білім беру бағдарламаларының рейтингіндегі ұстанымы;

      10) ЖББП-дағы мәліметтердің нақты деректерге сәйкестігі;

      11) Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарымен қос дипломды немесе бірлескен білім беру бағдарламаларының болуы.

      20. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастыру кезінде: философия докторы PhD/бейіні бойынша доктор/Индустрия докторы, оның ішінде нысаналы орындар комиссиясы:

      1) ЖЖОКБҰ халықаралық және / немесе ұлттық рейтингтеріне қатысу;

      2) бірлескен ғылыми жобаларды орындау және зерттеу базасын ұсыну туралы аккредиттелген серіктес ғылыми ұйымдармен, оның ішінде шетелдік ұйымдармен шарттардың болуы;

      3) ЖЖОКБҰ профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан ғылым докторы/ғылым кандидаты ғылыми дәрежелері және философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор дәрежелері бар ғылыми басшылардың болуы;

      4) шетелдік ЖЖОКБҰ-серіктестермен (ғылыми ұйымдармен) бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын орындау;

      5) ғылыми-білім беру процесін кадрлармен қамтамасыз ету және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келуі ("өнер" мамандықтар тобы, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған оқытушылар үшін);

      6) әлемдік ғылыми және білім беру ресурстарына қол жеткізу; жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға қойылатын талаптарға сәйкес келетін ғылыми-білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      7) Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарын қоспағанда аккредиттелген білім беру бағдарламаларының болуы;

      8) гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және сыртқы қаржыландыру көздері негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды орындау;

      9) ЖЖОКБҰ-да білім алушылардың жатақханада тұруы үшін орындардың, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерінің болуы;

      10) мәлімделген мамандықтар бойынша ЖЖОКБҰ бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер.

      Докторантура түлектері оқуын аяқтаған және тиісті білім беру бағдарламалары тобы бойынша бітіргеннен кейін 4 (төрт) жыл ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алмаған ЖЖОКБҰ-ны конкурсқа жіберу комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      21. ЖЖОКБҰ дайындық бөлімінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін өтінімді электрондық форматта берген кезде осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген ЖЖОКБҰ ақпараттық картасында мәліметтерді толтырады.

      22. Дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін қалыптастыру кезінде Комиссия мыналарды ескереді:

      1) жатақханада және/немесе жатақханалармен/ қонақ үйлермен, қоғамдық тамақтану және медициналық қызмет көрсету пункттерімен шарттарда басқа қаладан тыс білім алушылардың тұруы үшін орындардың болуы;

      2) өткен жылы ҰБТ шекті балын 50 балдан төмен емес жинаған және ЖЖОКБҰ-ға жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен тыңдаушылардың саны туралы мәліметтер.

      23. Комиссия бағалауды ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбелерін қалыптастыру туралы шешім қабылдайды, оның ішінде:

      1) жоғары білімі бар кадрларды даярлауға, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ, өңірлер үшін гранттар санын, ішінара төленетін ЖЖОКБҰ-дағы гранттар санын көрсете отырып саралап даярлауға;

      2) ғылыми-педагогикалық магистратурада/бейіндік, оның ішінде жекелеген ЖЖОКБҰ үшін гранттар санын көрсете отырып кадрлар даярлау;

      3) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша, оның ішінде философия докторларын (PhD)/ бейіні бойынша докторларды/ индустрия докторларын нысаналы даярлау үшін орындар көлемін көрсете отырып, докторантурада кадрлар даярлау;

      4) ЖЖОКБҰ дайындық бөлімшелерінде тыңдаушыларды оқытуға;

      5) Заңның 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (QS, ARWU, THE) және/немесе ЭЫДҰ және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлар даярлау;

      Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша министр немесе оның міндетін атқарушы тұлға қызметтердің әлеуетті жеткізушілері болып табылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын ЖЖОКБҰ тізбесін бекітеді. ЖЖОКБҰ-ның бекітілген тізбесі операторға беріледі.

  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға жоғары
және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының дайындық
бөлімшелеріне мемлекеттік
білім беру тапсырысын
орналастыру қағидаларына
қосымша

      Нысан

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) конкурсқа қатысуға өтінімі

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақпараттық картасы

№ р/р

ЖЖОКБҰ туралы жалпы мәліметтер

Мәннің тұрі

1

ЖЖОКБҰ толық атауы


2

ЖЖОКБҰ құрылған жылы


3

ЖЖОКБҰ құрылтайшы


4

ЖЖОКБҰ заңды мекен-жайы


5

ЖЖОКБҰ нақты мекенжайы, телефоны, факс, электрондық поштасы


6

ЖЖОКБҰ ректорының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


7

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған, Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арналған білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия, тіркелген елдің негізгі жоғары оқу орнының рұқсат беру құжаттары


8

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары үшін институционалдық аккредитация, тіркелген елдің негізгі жоғары оқу орнының аккредитациясы

бар/жоқ

9

Білім беру порталының болуы

бар/жоқ

10

Халықаралық рейтинг:
- Times higher education (Таймз хайэр едьюкейшн)
- QS World University Rankings (КьюЭс Уорлд Юнив сити Рэнкинз)

бар/жоқ

11

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға ЖЖОКБҰ бюджетінен бөлінетін қаражаттың үлесі

бар/жоқ

12

Өзіне тиесілі немесе жалға алынған жатақхана, хостел, қонақ үйдің болуы, ол санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына, білім беру объектілеріне қойылатын талаптарға, соның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін сәйкес келуі

бар/жоқ

13

Конкурсқа қатысуға құжаттар тапсыру сәтінде ЖЖОКБҰ мемлекеттік сатып алулардың веб-порталындағы сенімсіз қатысушылар тізімінде болмауы

бар/жоқ

14

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектердің автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

бар/жоқ

15

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 428 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен қарастырылған талаптарға сәйкес студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) контингенті туралы өзекті деректер базасымен ЖЖОКБҰ-лардың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің деректерімен сәйкестігінің қажеттілігі

бар/жоқ

I.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жалпы мәліметтер

1

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша

жіберу/жібермеу

2

мамандандырылған аккредиттеу

жіберу/жібермеу

3

ЖЖОКБҰ-лардың білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіндегі орны

бар/жоқ

4

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

жұмысқа орналастыру – %

5

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша білім беру бағдарламаларының болуы

бар/жоқ

6

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

бар/жоқ

ІІ.

Кадрлық қамтылуы және педагогтердің біліктілік деңгейі

1.1

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

сан, бүтін


ғылым докторлары

сан, бүтін


PhD докторлар

сан, бүтін


ғылым кандидаттары

сан, бүтін

1.2

/оның ішінде мамандығы бойынша (саны)

сан, бүтін


ғылым докторлары

сан, бүтін


PhD докторлар

сан, бүтін


ғылым кандидаттары

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ПОҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT (ТОЙФЛ СиБиТи) – 166-ден кем емес; TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБиТи) -58-ден кем емес); CEFR (СЕФР) – В1; APTIS (ЭПТИС) – 38-ден кем емес.

сан, бүтін

4

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісімшарт бойынша ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

сан, бүтін

5

жалпы ЖЖОКБҰ бойынша ПОҚ-ның дәрежелілік %-і

% – пайыз

6

білім беру бағдарламасы бойынша ПОҚ-тың дәрежелілік %-і

% – пайыз

III.

ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметі

1.

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

сан, бүтін


ПОҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 миллион теңгеден кем;
50 миллион теңгеден астам;
100 миллион теңгеден астам;
300 миллион теңгеден астам;
500 миллион теңгеден астам;
1000 миллион теңгеден астам;
50 000 миллион теңгеден астам


ПОҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

50 миллион теңгеден кем;
50 миллион теңгеден астам;
100 миллион теңгеден астам;
150 миллион теңгеден астам;
300 миллион теңгеден астам;

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

саны


ПОҚ ғылыми жарияланымдарының саны:


- Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus (Скопус) деректер базасындағы CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші

Q1-Q2 журналдарында 10 мақала және / немесе CiteScore (СайтСкор) бойынша процентильден 90;
Q3-Q4 журналдарында 10 мақала және / немесе CiteScore (СайтСкор) бойынша пайыз 50;
Citescore (СайтСкор) бойынша пайыздық журналдарда 10 мақала 35.


Меншікті ғылыми басылымдардың саны

Білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы ұсынған журналдар тізіміне кіретін ғылыми басылымдарының болуы сан, бүтін
Халықаралық деректер базасына кіретін Web of Science (Вэб ов Сайэнс), Scopus (Скопус) сан, бүтін

IV.

Корпоративтік серіктестік және халықаралық қызмет


QS ТОП 700+рейтингіне кіретін ЖЖОКБҰ-мен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

сан, бүтін


Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

сан, бүтін


Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

сан, бүтін

      Жоғары білім бойынша

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

гранттардың жалпы саны

қысқартылған мерзімдермен

1

2

3

4





      Жоғары білім (педагогикалық білім беру бағдарламалары топтары)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

гранттардың жалпы саны

қысқартылған мерзімдермен

1

2

3

4





      Жоғары білім бойынша (Серпін)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

гранттардың жалпы саны

қысқартылған мерзімдермен.

1

2

3

4





      Жоғары білім (Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған, екі дипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

гранттардың жалпы саны

Күндізгі оқу нысаны

1

2

3

4





      Жоғары білім (еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу үшін батыс аймақтар жастарына арналған мақсатты гранттар)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

гранттардың жалпы саны

қысқартылған мерзімдермен.

1

2

3

4





      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

орындар саны

1

2

3




      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) олардың филиалдары, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 65-бабының 4-тармағында көзделген тәртіппен құрылған, екі дипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

орындар саны

1

2

3




      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (профильді магистратура)

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

орындар саны

1

2

3




      PhD философия докторларын мақсатты даярлау бойынша

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

Даярлау жоспарланған жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

Орындар саны

1

2

3

4





      Мақсатты бейінді докторлар/индустриялық докторлар даярлау

Код

Білім беру бағдарламаларының атауы

Даярлау жоспарланған жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

Орындар саны

1

2

3

4





      Ұйымның басшысы_________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Толтырылған күні, мөр орны

Ақпараттық карталар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізімі (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ)

№ р/р

ЖЖОКБҰ туралы жалпы мәліметтер

Мәннің түрі

1

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу (бар/жоқ)

бар/жоқ

2

Білім беру порталының болуы

бар/жоқ

3

ЖЖОКБҰ-ның халықаралық рейтингі (орны, рейтинг атауы)

сан, бүтін, 0-1000

4

Оқу процесі үшін пайдаланылатын оқу-зертханалық базаны жаңартуға бөлінетін ЖЖОКБҰ бюджетінен қаражаттың үлесі

сан

5

Білім беру объектілерінің, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келетін меншікті немесе жалға алынған жатақхананың, хостелдің, қонақ үйдің болуы

сан, бүтін

6

Конкурсқа қатысуға құжаттар беру сәтінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде ЖЖОКБҰ-ның болмауы

бар/жоқ

7

ЖЖОКБҰ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың жасалуы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды қарама-қарсы бояумен бояу, мүгедектігі бар адамдардың автокөлік құралдарын қою үшін орындар бөлу).

бар/жоқ

8

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 428 бұйрығымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларымен қарастырылған талаптарға сәйкес студенттер мен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ПОҚ) контингенті туралы өзекті деректер базасымен ЖЖОКБҰ-лардың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің деректерімен сәйкестігінің қажеттілігі

бар/жоқ

I

1

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысу үшін лицензияға қосымша

жіберу/ жібермеу

2

Институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу

бар/жоқ

3

ЖЖОКБҰ-лардың білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингісіндегі орны

сан, бүтін

4

Түлектерді жұмысқа орналастыру, білім беру бағдарламасының топтары бойынша жұмысқа орналастырылған бітірушілердің %

сан

5

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген Білім беру бағдарламаларының тиісті топтары бойынша Білім беру бағдарламаларының болуы

бар/жоқ

6

Білім беру бағдарламаларының тізілімінде тіркелген ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының болуы

бар/жоқ

ІІ.

1.1.

Штаттық оқытушылардың жалпы саны:

сан, бүтін


ғылым докторлары

сан, бүтін


PhD докторлары

сан, бүтін


ғылым кандидаттары

сан, бүтін

1.2.

/оның ішінде білім беру бағдарламаларының топтары бойынша (саны)

сан, бүтін


ғылым докторлары

сан, бүтін


PhD докторлары

сан, бүтін


ғылым кандидаттары

сан, бүтін


магистрлер

сан, бүтін

1.3

Ағылшын тілін меңгерген бейіндік пәндер бойынша ОПҚ саны: IELTS (АЙЛТС) – 4,5 – тен кем емес; TOEFL PBT (ТОЙФЛ ПиБиТи) – 493 – тен кем емес; TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи) – 150 – ден кем емес; TOEFL CBT (ТОЙФЛ СиБиТи) – 166-ден кем емес; TOEFL IBT (ТОЙФЛ АйБиТи) –58-ден кем емес); CEFR(СЕФР) – В1; APTIS (ЭПТИС) –38-ден кем емес.

сан, бүтін

2

Бір академиялық кезеңнен кем емес мерзімге келісімшарт бойынша ЖЖОКБҰ-да жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың саны

сан, бүтін

3

жалпы ЖЖОКБҰ бойынша ПОҚ-ның дәрежелілік %-і

сан

4

білім беру бағдарламасы бойынша ПОҚ-ның дәрежелілік %-і

сан

III

1

Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша орындалатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар/ жобалар саны

сан, бүтін

2

ПОҚ орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

сан

3

ПОҚ орындаған халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы көлемі (теңгемен)

сан

3.1

/оның ішінде 1 штаттық оқытушыға (теңгемен)

сан

4

ПОҚ ғылыми жарияланымдарының саны:
- Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) деректер базасына белгілі бір тоқсандарға (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus (Скопус) деректер базасындағы СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші

сан, бүтін

5

Меншікті ғылыми басылымдардың саны

сан, бүтін

IV

1

QS ТОП 700+ рейтингіне кіретін ЖЖОКБҰ-мен бірлескен (қос дипломды) білім беру бағдарламаларының саны

сан, бүтін

2

Шетелдік білім беру ұйымдарымен бірлескен қаржыландырылатын зерттеу жобаларының саны

сан, бүтін

3

Бірлескен халықаралық білім беру жобаларының саны

сан, бүтін

V

Алдыңғы жылы ҰБТ шекті баллын жинап, жоғары білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін жоғары оқу орнына түскен тыңдаушылар саны

сан, бүтін

      Ескертпе:

      1) екі жыл ішінде ол бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылмаған, жоғары білімнің білім беру бағдарламасының өтінім берілген тобы конкурсқа жіберілмейді;

      2) шындыққа сәйкес келмейтін дұрыс емес деректерді ұсынылған ЖЖОКБҰ комиссия шешімі бойынша конкурсқа жіберілмейді;

      3) ақпараттық карта ЖЖОКБҰ бірінші басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады