"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 12 мамырда № 36092 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде:

      3-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ауыл халқына ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "БХТ" АЖ) тіркелген бір ауыл тұрғынына шаққандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі-ТМККК) шеңберінде көрсетілетін қызметтері кешенінің құны;";

      21) тармақша алып тасталсын;

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      27) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК денсаулық сақтау субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;";

      32) тармақша алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КЖН МСАК айына "БХТ" АЖ-да МСАК субъектісіне тіркелген, бекітілген бір тұрғынға айқындалады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Айына МСАК субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға МСАК КЖН есебі түзету коэффициенттерін ескере отырып, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

      КЖН МСАК = КЖНбаз.МСАК х ЖЖК МСАК + КЖНбаз.МСАК х (Каудан тығыз. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кжылыту аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кэколог. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кауыл обл. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кұәк – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кn- 1), мұндағы:

      КЖНбаз.МСАК – "БХТ" АЖ-да тіркелген, бекітілген бір адамға айына түзету коэффициенттерін ескерусіз айқындалған МСАК субъектілері үшін алдағы қаржы жылына арналған МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      Vэкол_қр – "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ) және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ) сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын облыстар үшін экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      m – МСАК-ті қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

      ЖЖКқр – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКқр = (ЖЖКобл. 1 + ЖЖКобл.2 +... + ЖЖКобл. i)/n, мұндағы:

      n – өңірлер саны

      ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n х ЖЖК МСАК (n))/ Собл., мұндағы:

      Собл. – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халқының саны;

      Собл. k/n – "БХТ" АЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

      ЖЖК МСАК(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті n нөмірі;

      МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықты еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

      Ктығыз.қр – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.қр = (Kаудан тығыз. 1 х Саудан 1+ Каудан тығыз.2 х Саудан 2 + ... + Каудан тығыз.i х Саудан i) / n, мұндағы:

      n – аудандар саны

      Каудан тығыз. – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Каудан тығыз. = 1 + С х ҚР.тығыз./Т аудан халқ., мұндағы:

      С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығының республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда аудандар, қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

      Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.ҚР = Сқр/Ѕқр, мұндағы:

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Ѕқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

      Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала тұрғындарының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.аудан халқ. = Саудан/Ѕаудан, мұндағы:

      Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы.

      Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.

      Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5-ға (бір жарымға) тең.

      Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1-ге (бірлікке) тең.

      КҚР ауыл – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР ауыл = (Кауыл обл. 1 х Собл.1 + Кауыл обл.2 х Собл.2 + ... + Кауыл обл.і х Cобл.i) / n, мұндағы:

      n – өңірлер саны

      Кауыл обл. – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кауыл обл.i = 1+0,25 х (Сауыл і/Собл.і х ЕҮауыл), мұндағы:

      ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халық саны).

      Собл. – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

      Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жердегі жұмысы үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына байланысты қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірлікке) тең.

      Экологиялық түзету коэффициентін Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілері көздейді.

      Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.)/Vмсак

      Vмсак – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КжылытуҚР = (Кжылыту аудан1 х Саудан1+ Кжылыту аудан2 х Саудан2 + ... + Кжылыту аудан і х Саудан i) / n, мұндағы:

      n – аудандар саны

      Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту аудан х (К аудан – КҚР/орташа)/КҚР /орташа, мұндағы:

      Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытудың жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

      Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i)/ n

      n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны.

      К ұәк – өңірлік медициналық ұйымдарға ҰӘК көрсету үшін денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына қолданылатын коэффициент, ол мынадай формулаға сәйкес айқындалады:

      К ұәк = 1 + (S іссапар шығындары + ЕАҚ тартыл. персонал)/ (V МСАК қарж.), мұндағы:

      S іссапар шығыстары – денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардың және республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының іссапар шығыстарына жұмсалатын шығындардың жылдық сомасы;

      ЕАҚ тартыл. персонал – басшының орынбасарының 1 штат бірлігіне, құрылымдық бөлімшелер басшыларының 3 штат бірлігіне, сарапшы дәрігердің 4 штат бірлігіне (жоғары медициналық білімі бар), дәрігер-статистің 6 штат бірлігіне, сарапшының 6 штат бірлігіне, экономистің 0,5 штат бірлігіне, заңгердің 0,5 штат бірлігіне, IT-маманның 0,5 штат бірлігіне есептегенде тартылатын персоналдың еңбегіне ақы төлеу қоры.

      V МСАК қарж. – ағымдағы жылдың бекітілген халқын ескере отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша өткен жылғы жалпы шығыстардың жылдық сомасы.

      Kn – КЖН МСАК-қа қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).

      8-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-2. МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге арналған жан басына шаққандағы норматив айына ірілендіруге жататын МСАК субъектісіне бекітілген бір қала тұрғынына (астанаға, республикалық, облыстық орталықтарға) айқындалады және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЖН ірілендіру=Vірілендіру / Схалқ.ірілендіру үшін/ m, мұндағы

      ЖН ірілендіру – МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге арналған жан басына шаққандағы норматив;

      V ірілендіру – Халыққа МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      С ірілендіру үшін халқ. – ірілендіруге жататын МСАК медициналық ұйымдарында бекітілген қала халқының есептесу саны;

      m-МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын бөлуді қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.

      Ірілендіру МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бекітілген халық саны 10 мың адамға дейінгі жаңа МСАК орталықтарын құру жолымен 30 мыңнан асатын бекітілген халық саны бар МСАК ұйымдарында (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және қала халқына қызмет көрсететін облыс орталықтарында) жүргізіледі.

      Бір бекітілген тұрғынға (астана, республикалық, облыстық орталықтарының, қалалары) МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарын ірілендіруге түзету коэффициенттері ескеріле отырып, айына ірілендіруге жататын МСАК субъектісіне жан басына шаққандағы нормативтің есебі мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЖНірілендіру обл.i = ЖНірілендіру х Кжтк.қала i + ЖНірілендіру х (Ктығыз.аудан i - 1) + ЖНірілендіру х (Кжылыту аудан i - 1) + ЖНірілендіру х (Кэколог.обл. i - 1), мұндағы:

      Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.аудан = 1 + С х Тығыз.ҚР/Тығыз.халқ аудан, мұндағы:

      С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығының санынан республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда аудандар, қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

      Тығыз.қр – Қазақстан Республикасы бойынша орташа халық тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.қр =Сқр/Sқр, мұндағы

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

      Тығыз халқ.аудан - аудан, қала халқының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады.

      Тығыз халқ.аудан = Саудан/Sаудан, мұндағы:

      Саудан - халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Ѕаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті аудан, қала аумағының ауданы;

      Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.

      Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5-ға (бір жарымға) тең.

      Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1 (бірлікке) тең.

      Кжылыту аудан – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту х (Таудан – ТҚР/орта.)/ТҚР/орта., мұндағы:

      Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – алдыңғы жылға тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындарының жалпы жылдық көлеміндегі жылытудың жылдық көлемінің шығындарының үлесі;

      Таудан – алдыңғы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қалалар және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орта. – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылу маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР/орта. = (Таудан 1 + Таудан 2 + … + Таудан i)/n

      n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны

      Түзету экологиялық коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын қызметкерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілерімен көзделеді.

      Кэколог. i = (Vмсак + Vэкол.) / Vмсак

      Vмсак – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарындағы жұмыс үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін - коэффициент 1 (бірлікке) тең.

      ЖЖКқала і – өңір бойынша ауыл халқының медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жасына байланысты түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКқала i = (Сқала k/n х ЖЖКМСАК(n))/ Сқала, мұндағы:

      Сқала – "БХТ" АЖ-да өңірдің тіркелген қала халқының саны;

      Сқала к/n – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген қала халқының саны жыныстық жас тобына жататын халықтың k нөмірі n нөмірі;

      ЖЖКМСАК(n) – МСАК кешенді жан басына шаққандағы нормативін есептеудің кешенді формуласына кестеге сәйкес n нөмірі жыныстық жас тобының жыныстық-жас түзету коэффициенті;

      МСАК субъектісіне бекітілген халық саны мен халықтың жыныстық-жас құрамы халықтың еркін бекіту науқанының нәтижелері бойынша немесе алдағы қаржы жылына МСАК көрсетуге қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

      Ірілендіру бекітілген халық саны 10 мың адамға дейін жаңа МСАК орталықтарын құру жолымен бекітілген халық саны 30 мыңнан асатын МСАК ұйымдарында (астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, қала халқына қызмет көрсететін) МСАК қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

      Kn – ЖНірілендіруге қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Айына МСАК субъектісіне "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға кезек күттірмейтін көмек (бұдан әрі – КК) көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативті есептеу кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЖН_КК = ЖНбаз. ККҚР х ЖЖК КК + ЖНбаз. ККҚР х (Каудан тығыз. - 1) + ЖНбаз. ККҚР х (Кжылыту аудан - 1) + ЖНбаз. ККҚР х (Кауыл обл. - 1) + ЖНбаз. ККҚР х (Кэколог – 1) + ЖНбаз.ККҚР х (Кn – 1), мұндағы:

      ЖНбаз.ККҚР – Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын түзету коэффициенттері ескерілмей айқындалған, бір айға "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға арналған КК базалық жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖНбаз.ККҚР = ЖНорт.ККҚР / (ЖЖК ҚР + (Ктығыз.ҚР – 1) + (КжылытуҚР – 1) + (КауылҚР – 1), мұндағы:

      ЖНорт. ККҚР – алдағы қаржы жылына арналған Қазакстан Республикасы бойынша айына бір тұрғынға КК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің орташа компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖНорт. ККҚР = (V ККҚР – V экол_қр)/Сқр/m, мұндағы:

      V ККҚР – халыққа КК көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      V экол_қр – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген халықтың КК көрсету бойынша барлық денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны;

      m – КК қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны.

      ЖЖК ҚР – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректерінің негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖК ҚР = (ЖЖКобл.1 + ЖЖКобл.2 + .. + ЖЖКобл.i)/ n, мұндағы:

      n – өңірлер саны

      ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n х ЖЖК МСАК(n))/ Собл., мұндағы:

      Собл. – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халық саны;

      Собл. k/n – "БХТ" АЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

      ЖЖК МСАК(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті n нөмірі;

      МСАК субъектісіне бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жас құрамы халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады, олар алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылады.

      Ктығыз.қр – Қазақстан Республикасы бойынша халық тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.қр = (Ктығыз.аудан 1 х Саудан 1+ Ктығыз.аудан 2 х Саудан 2 + Ктығыз.аудан i х Саудан i)/ n, мұндағы:

      n – аудандар саны

      Каудан тығыз. – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Каудан тығыз. = 1 + С х Тығыз.ҚР/Тығыз.аудан, мұндағы:

      С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығының аудандар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананы қоспағанда қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

      Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.ҚР = Сқр/ Sқр, мұндағы:

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

      Тығыз.аудан халқ. – аудан, қала тұрғындарының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.аудан халқ. = Саудан/Sаудан, мұндағы:

      Саудан – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, тиісті ауданның, қаланың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы;

      Аудандар мен ауылдық елді мекендердегі халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде, тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.

      Моноқалаларда және шағын қалаларда халыққа қызмет көрсететін МСАК субъектілері үшін тығыздық коэффициенті 1,5-ға (бір жарымға) тең.

      Қала халқына қызмет көрсететін республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының МСАК субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1-ге (бірлікке) тең.

      КҚР ауыл – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алудың орташа коэффициенті, ол мына формула бойынша айқындалады:

      КҚР ауыл = (Кауыл.обл.1 х Собл.1 + Кауыл.обл.2 х Собл.2 + ... + Кауыл.обл.і х Cобл.i) / n, мұндағы:

      n – өңірлер саны

      Кауыл.обл. – облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кауыл.обл.i = 1 + 0,25 х (Сауыл.і/Собл.і х ЕҮауыл), мұндағы:

      ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген МСАК көрсететін ауыл субъектісіне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халық саны).

      Собл. – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

      Қала және ауыл халқына қызмет көрсететін МСАК денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін - коэффициент 1-ге (бірлікке) тең.

      Экологиялық түзету коэффициентін Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілері көздейді.

      Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.) / Vмсак

      Vмсак – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КжылытуҚР = (Кжылыту аудан 1 х Саудан 1+ Кжылыту аудан 2 х Саудан 2 + ... + Кжылыту аудан і х Саудан i)/n, мұндағы:

      n – аудандар саны

      Кжылыту аудан. – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту аудан х (К аудан – КҚР/орташа)/КҚР /орташа, мұндағы:

      Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытуды жылдық көлеміне шығындардың үлесі;

      Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімінің негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + ...+ Каудан i)/ n

      n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны.

      Kn – ЖН_КК қолданылатын түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті және басқа коэффициенттер).";

      13, 14, 15 және 16-тармақтар алып тасталсын;

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51.Айына ЖЖ көрсететін денсаулық сақтау субъектісін "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға ЖЖ көрсетуге арналған жан басына шаққандағы нормативтің есебі, кешенді формула бойынша жүзеге асырылады:

      ЖН_ЖЖ = (ЖНбаз.ЖЖҚР х ЖЖК ЖЖ + ЖНбаз.ЖЖҚР х (Көңір.тығыз - 1) + ЖНбаз.ЖЖҚР х (Кобл.жылыту - 1) + ЖНбаз.ЖЖҚР х (К ауыл.обл. - 1) + ЖНбаз.ЖЖҚР х (Кэколог - 1)) х Көңір, мұндағы:

      ЖНбаз.ЖЖҚР – Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын түзету коэффициенттерін есепке алмағанда айқындалған айына "БХТ" АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға арналған ЖЖ базалық жан басына шаққандағы нормативі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      ЖНбаз.ЖЖҚР = ЖНорташаЖЖҚР/(ЖЖК ҚР + (КҚРөңір.тығыз – 1) + (КжылытуҚР – 1) + (КауылҚР – 1) + (КэкологҚР – 1)), мұндағы:

      ЖНорташаЖЖҚР – алдағы қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы бойынша айына бір тұрғынға ЖЖ көрсетуге жан басына шаққандағы нормативтің орташа компоненті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖНорташаЖЖҚР = Vжж қр/Сқр/m, мұндағы:

      Vжж қр – халыққа ЖЖ көрсетуге арналған Қазақстан Республикасы бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген халықтың ЖЖ көрсету бойынша барлық денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны;

      m – ЖЖ-ны қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылы ішіндегі айлар саны.

      ЖЖК ҚР – Қазақстан Республикасы халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша "БХТ" АЖ деректері негізінде есептелген Қазақстан Республикасы деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының орташа жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формуламен айқындалады:

      ЖЖКҚР = (ЖЖКобл.1 + ЖЖКобл.2 + .. + ЖЖКобл. i)/ n

      n – өңірлер саны

      ЖЖКобл. – өңір бойынша халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖЖКобл. = ∑ (Собл. k/n х ЖЖК МСАК(n))/ Собл., мұндағы:

      Собл. – "БХТ" АЖ тіркелген өңірдің бекітілген халық саны;

      Собл k/n – "БХТ" АЖ тіркелген жыныстық-жас тобына жататын халықтың нөмірі n, өңірдің бекітілген халық саны нөмірі k;

      ЖЖК МСАК(n) – осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес n нөмірі жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті.

      ЖЖ субъектісіне бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жастық құрамы алдағы қаржы жылына арналған ЖЖ көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

      Ктығыз.қр – Қазақстан Республикасы халқының тығыздығының орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.қр = (Ктығыз.обл.1 х Собл.1+ Ктығыз.обл.2 х Собл.2 + … + Ктығыз.обл. і х Собл.і)/n

      n – өңірлер саны

      Ктығыз.обл – осы облыс бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.обл = 1 + С х Тығыз.ҚР /Тығыз.обл.халқ., мұндағы:

      С – облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халық тығыздығының облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

      Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ҚР тығыз. = Сқр/Sқр, мұндағы:

      Сқр – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

      Тығыз.обл.халқ. – облыс халқының тығыздығы, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.обл.халқ. = Собл./Sобл., мұндағы:

      Собл. – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күндегі жағдайы бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген облыстың барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sобл. – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес облыс аумағының ауданы;

      Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыс орталықтарының ЖЖ субъектілері үшін халық тығыздығының коэффициенті 1-ге (бірлікке) тең.

      Халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.

      КауылҚР – Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кауыл ҚР = (Кауыл.обл. 1 х Собл.1 + Кауыл обл. 2 х Собл. 2 + … + Кауыл обл. i х Собл. і)/ n

      n – өңірлер саны

      Кауыл обл. – облыстар үшін ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кауыл обл.і = 1+0,25 х (Сауыл і / Собл.і х ЕҮауыл), мұндағы:

      ЕҮауыл – ауыл субъектілерінің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге шығындар үлесі;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген, ЖЖ көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны (бұдан әрі – ауыл субъектісіне бекітілген халық саны).

      Собл – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің бекітілген халық саны.

      Қала және ауыл халқына білікті мамандарды тарта отырып, санитариялық автокөлік көрсететін ЖЖ және медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін ауылдық жерде жұмыс істегені үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті ауыл халқының санына ғана қолданылады, қала халқы үшін коэффициент 1-ге (бірлікке) тең.

      КжылытуҚР – Қазақстан Республикасы бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КжылытуҚР = (Кжылыту аудан 1. х Саудан 1+ Кжылыту аудан 2 х Саудан 2+ … + Кжылыту аудан і х Саудан і) / n

      n – аудандар саны

      Кжылыту аудан – аудан, қала (республикалық маңызы бар қала және астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжылыту аудан = 1 + Үжылыту х (Каудан - КҚР/орташа)/ КҚР/орташа, мұндағы:

      Кжылыту аудан – аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – өткен жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі жылыту жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

      Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде айқындалған аудан, қала (республикалық маңызы бар қалалар және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + … + Каудан i)/n

      n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны

      Экологиялық түзету коэффициентін Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апат аймақтарында және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын жұмыскерлерге қосымша үстемеақымен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілері көздейді.

      Кэколог.ҚР = (Кэколог.1 + Кэколог.2 +…+ Кэколог.i)/n

      n – Қазақстан Республикасы өңірлерінің саны

      Кэколог. = (Vжж + Vэкол.) / Vжж

      Vжж – жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау субъектісі үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      Көңір – тарифті түзету және республикалық маңызы бар қалалар мен астанада денсаулық сақтау субъектілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында белгіленетін түзету коэффициенті.";

      55 және 56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Ауыл халқына кешенді жан басына шаққандағы норматив МСАК көрсететін ауыл денсаулық сақтау субъектілері үшін айына "БХТ" АЖ-да тіркелген бір ауыл халқына есептеуден айқындалады.

      56. Ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін медициналық көмектің, оның ішінде дәрігерге дейінгі, мамандандырылған, МСАК түрлері бойынша ауыл тұрғындарына ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтер кешенін қамтамасыз ету бойынша ауыл денсаулық сақтау субъекттің қызметімен байланысты шығындарды қамтиды.

      Ауыл тұрғындарына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің мөлшері медициналық көмектің нысандары (МСАК, мамандандырылған) бойынша ауыл денсаулық сақтау субъектілерінің құрылымына байланысты белгіленеді.";

      57-тармақ алып тасталсын;

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Ауыл субъектілері үшін айына ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формулада жүзеге асырылады:

      КЖНауыл = КЖНбаз.МСАК х ЖЖК МСАК + КЖНбаз.МСАК х (Каудан тығыз. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (К жылыту аудан – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кэколог. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (Кауыл обл. – 1) + КЖНбаз.МСАК х (К ұәк – 1), мұндағы:

      КЖНбаз.мсак – осы Әдістеменің 8-тармағына сәйкес формула бойынша есептелетін түзету коэффициенттері есепке алынбай айқындалған, бір айда "БХТ" АЖ-да тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы МСАК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      ЖТКауыл – өңір бойынша ауыл МСАК-ты тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКауыл = S (Сауыл k/n х ЖТКмсак(n))/ Сауыл, мұндағы:

      Сауыл – "БХТ" АЖ-да тіркелген өңірдің ауыл халқының саны;

      Сауыл k/n – "БХТ" АЖ-да тіркелген халықтың k нөмірі, өңірдің бекітілген ауыл халқының саны жыныстық-жас тобына жататын халықтың n нөмірі;

      ЖТКмсак(n) – МСАК кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеудің кешенді формуласының кестесіне сәйкес жыныстық-жастық тобының жыныстық-жастық түзету коэффициенті нөмірі n;

      МСАК субъектісін бекітілген халық саны және халықтың жыныстық-жас құрамы халықты еркін тіркеу науқанының нәтижелері бойынша немесе алдағы қаржы жылына арналған МСАК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ базасынан халық бойынша деректер негізінде айқындалады.

      Ктығыз.аудан – осы аудан бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Ктығыз.аудан – осы аудан/қала бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша анықталады:

      Ктығыз.аудан = 1 + С * Тығыз.ҚР/Тығыз.аудан халық, мұндағы:

      С – республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалардың халық тығыздығынан, республикалық маңызы бар қалаларды және астананы қоспағанда, аудандардың, қалалар халқының санынан ауытқуы ескерілетін салмақ (Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентін есептеу);

      Тығыз.ҚР – Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы, ол формула бойынша айқындалады:

      Тығыз.ҚР = СҚР /SҚР, мұндағы:

      СҚР – халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген Қазақстан Республикасының барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sқр – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы аумағының ауданы;

      Тхал. аудан – формула бойынша анықталатын аудандағы, қаладағы халық тығыздығы

      Тхал. аудан=Саудан/Sаудан, мұндағы:

      Саудан –халықтың еркін бекітілу науқанының нәтижелері бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың сол күніндегі жағдай бойынша "БХТ" АЖ-да тіркелген тиісті ауданның, қаланың МСАК-тың барлық субъектілеріне бекітілген халық саны;

      Sаудан – ресми статистикалық ақпарат деректеріне сәйкес тиісті ауданның, қаланың аумағының ауданы;

      Халық тығыздығының коэффициенті 2 (екіден) артық есептелген кезде тығыздық коэффициенті 2-ге (екіге) тең.

      Каудан жылыту – аудан, қала (оның ішінде республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Каудан жылыту = 1 + Үжылыту х (Кауд - КҚР/орташа)/КҚР/орташа, мұндағы:

      Каудан жылыту– аудан үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – алдағы жылғы тиісті ауданда, қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлеміндегі жылыту жылдық көлеміне арналған шығындардың үлесі;

      Каудан – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде айқындалған аудан, қала (Республикалық маңызы бар қала және Астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орташа – Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КҚР/орташа = (Каудан 1 + Каудан 2 + … + Каудан i)/n

      n – Қазақстан Республикасы аудандарының саны

      Кобл.ауыл – облыстар үшін ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыларды есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кобл.ауыл = 1+0,25 х (Сауыл/ Собл. * Үауыл), мұндағы:

      Үауыл – ауыл денсаулық сақтау субъектілердің ағымдағы шығындарының жалпы көлемінде лауазымдық жалақы бойынша еңбекақы төлеуге арналған шығындар үлесі;

      Сауыл – осы аудан немесе ауыл бойынша "БХТ" АЖ - да тіркелген МСАК көрсететін ауыл денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халықтың саны (бұдан әрі – ауыл денсаулық сақтау субъектілеріне бекітілген халық саны).

      Түзету экологиялық коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес экологиялық апатты аймақтарда және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын қызметкерлерге қосымша ақыларды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілерімен көзделеді.

      Кэколог. = (Vмсак + Vэкол.)/ Vмсак, мұндағы:

      Vмсак – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін кезекті жоспарлы кезеңге арналған қаржыландыру көлемі;

      Vэкол. – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ және СЯСП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚРЗ сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстеме ақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі.

      Vжк/Сак_ауыл – ауыл денсаулық сақтау субъектісі үшін тіркелген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге арналған қаражаттың жылдық көлемі, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Vжк/Сак_ауыл=Vжк/Сак_ауыл/обл/ЕЖжк/сак_ауыл/обл.хЕЖжк/сак_ауыл, мұндағы:

      Vжк/Сак_ауыл/обл - алдағы қаржы жылына ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған облыс бойынша қаражаттың жылдық көлемі;

      ЕЖск/сак_ауыл/обл – бекітілген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде алдағы қаржы жылына облыс бойынша емделіп шығу жағдайларының жоспарлы саны, ол ауылдың барлық субъектілері бойынша емделіп шығу жағдайларының сомасы ретінде айқындалады (ЕЖжк/сак_ауыл/обл):

      ЕЖжк/сак_ауыл – бекітілген ауыл халқына стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде алдағы қаржы жылына ауылдық денсаулық сақтау субъектісі бойынша емделіп шығу жағдайларының жоспарлы саны, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЕЖжк/сак_ауыл = ЕЖжк/ауыл+ ЕЖжк/ауыл х % қарқжк/ауыл + ЕЖсак/ауыл + ЕЖсак/ауыл х % қарқсак/ауыл, мұндағы:

      ЕЖжк/ауыл – бекітілген ауыл халқы арасында стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауыл денсаулық сақтау субъектісінің алдағы жылы емделіп шығу жағдайларының саны;

      ЕЖсак/ауыл – бекітілген ауыл халқы арасында стационарды алмастыратын жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетілген ауылдық денсаулық сақтау субъектісінің алдыңғы жылы емделіп шығу жағдайларының саны;

      % қарқжк/ауыл, % қарқсак/ауыл – алдағы қаржы жылына жоспарланған, тиісінше стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмектің өсу немесе төмендеу қарқыны, пайыздық мәнде;

      m – ауыл субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылы ішіндегі айлардың саны";

      көрсетілген әдістемеге 1-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады