ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 19.05.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтардың денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке (әскери жиынға), сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы қызметке жарамдылық санаты медициналық куәландырумен айқындалады. Медициналық куәландыру:
1) жергілікті әскери басқару органдарының әскерге шақыру учаскесіне тіркелетін, әскери қызметке шақырылатын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына және әскери оқу орнына (бұдан әрі – ӘОО), сондай-ақ жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедраға (факультетке) оқуға түсетін азаматтарға;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға;
3) резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға;
4) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
5) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – резервтегі әскери адам);
6) ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге;
7) ӘОО-да білім алатын азаматтарға (әскери қызметшілерге);
8) радиоактивтi заттармен, иондаушы сәулелендіру көзiмен, зымыран отыны компоненттерiмен, электр-магниттiк өріс, лазерлік сәулелендіру көзiмен қызмет ету үшін iрiктелетін және қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
9) мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналына;
10) әскери жиынға шақыру кезінде немесе есепке алу мақсатында запаста тұратын азаматтарға жүргізіледі.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру";
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде (басқармаларда) (бұдан әрі – ҚІБ(Б) медициналық куәландыруға жіберер алдында осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасы ресімделеді.
Медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күн ішінде келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азамат ҚІБ-ға (Б-ға) осы Қағидалардың 31-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес медициналық құжаттарды береді.";
мынадай мазмұндағы 76-1, 76-2, 76-3, 76-4 және 76-5-тармақтармен толықтырылсын:
"76-1. Резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру тәртібі, медициналық куәландыруға (тексерілуге) жіберу үшін қажетті құжаттар нысаны және оны ресімдеу тәртібі осы Қағидалардың 69, 70, 71 және 72-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
76-2. Талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды немесе әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды азаматтар резервтегі әскери қызметке кіруге жарамды деп танылады. Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылықты дербес бағалау көзделетін аурулар болған кезде "Әскери қызметке шектеулі жарамды" деген қорытынды шығарылады.
76-3. Резервтегі әскери қызметке кіретін және медициналық куәландыру кезінде әскери қызметке жарамсыз, әскери қызметке шектеулі жарамды деп танылған азаматтарға қатысты жарамдылық санаты туралы қорытынды: "Резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз" деген сөздермен толықтырылады.
76-4. Азамат тексерілуден бас тартқан кезде "Резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз" деген қорытынды шығарылады, бұл ретте әскери қызметке жарамдылық санаты туралы қорытынды шығарылмайды.
76-5. Резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижесі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасына жазылады.";
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-тарау. Әскери қызметшілерді медициналық куәландыру";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Әскери қызметшілерді медициналық куәландыруды штаттан тыс (гарнизондық немесе госпитальдық) тұрақты әрекеттегі әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК) жүргізеді. Медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді:
1) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты – әскери бөлім командирі (мекеме бастығы), гарнизон бастығы, қорғаныс істері департаментінің (бұдан әрі – ҚІД) бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
2) офицер құрамының әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілеріне қатысты – әскери бөлім командирі (мекеме бастығы), ҚІД бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
3) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты – әскери бөлім командирінен (мекеме бастығынан) бастап және одан жоғары лауазымдағы тікелей бастық, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
4) ӘОО-да білім алатын адамдарға қатысты – оқу орнының бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы;
5) резервтегі әскери адамдарға, әскери жиыннан өтетін әскери міндеттілерге қатысты – әскери бөлім командирі (мекеме бастығы), ҚІД бастығы, әскери сот немесе әскери прокуратура, тергеу органы шығарады.";
мынадай мазмұндағы 96-1-тармақпен толықтырылсын:
"96-1. Резервтегі әскери адамда Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санатын дербес бағалау көзделетін ауру, мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) болған кезде ӘДК "Әскери қызметке шектеулі жарамды", егер әскери қызметке уақытша жарамсыз болса, әскери қызмет міндеттерін орындаудан босатылуға тиіс деп қорытынды шығарады.";
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"153. Куәландырылатын адам туралы мәлімет, диагноз бен ӘДК (медициналық комиссия) қорытындысы ӘДК отырысының хаттама кітабына, сондай-ақ:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға – келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтың медициналық куәландыру картасына;
2) ӘОО-ға, жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедраға (факультетке) оқуға түсетін азаматтарға – әскери оқу орнына оқуға түсетін азаматтың медициналық куәландыру картасына, ал ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге – әскери қызметшінің медициналық кітапшасына да;
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға, оның ішінде шет мемлекеттердің ӘОО-сына оқуға түсетін әскери қызметшілерге – медициналық куәландыру туралы анықтамаға;
4) әскери қызметшілерге – ауруы туралы куәлікке немесе медициналық куәландыру туралы анықтамаға, сондай-ақ әскери қызметшінің медициналық кітапшасына;
5) запаста тұратын азаматтарға – запаста тұратын азаматтың медициналық куәландыру картасына;
6) резервтегі әскери адамдарға, әскери жиыннан өтетін әскери міндеттілерге – ауруы туралы куәлікке немесе медициналық куәландыру туралы анықтамаға;
7) әскери қызметке шақырылған (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің оларды әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы болғанда), бірақ әскери бөлімге әлі жіберілмеген запастағы офицерлерге – ауруы туралы куәлікке немесе медициналық куәландыру туралы анықтамаға;
8) стационарлық емделуде (тексерілуде) болатын адамдарға – ауру тарихына (стационарлық науқастың медициналық картасына) жазылады.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды, әскери жиыннан өтетін әскери міндеттіні куәландыру кезінде ӘДК отырысының хаттама кітабына мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу) мән-жайын растайтын құжатқа (нөмірі, күні, кім берді) сілтеме жасап, оның мән-жайы толық жазылады.";
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 10-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Р. Жаксылыков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 12 мамырдағы № 546 Бұйрығына 1 - қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына 10-қосымша |
|
Нысан |
Фотосуретке арналған орын
(қорғаныс істері бөлімінің
(басқармасының), әскери
бөлімнің елтаңбалық мөрі)
Келісімшарт бойынша әскери қызметке, резервтегі әскери қызметке кіретін азаматты медициналық куәландыру картасы
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні __________________________________
_________________________________________________________________________
(запастағы әскери қызметшінің әскери атағы көрсетілсін)
2. Тұрғылықты жері (мекенжайы): _____________________________________________
3. Соңғы 12 ай ішінде шалдыққан ауруы, оның ішінде инфекциялық ауруы
________________________________________________________________________
4. Дәрі-дәрмек құралын және басқа да заттарды көтере алмайтыны (жоғары сезгіштігі)
туралы мәлімет ____________________________________________________________
5. Диспансерлік есепте (қадағалауда) тұрғаны туралы мәлімет _____________________
__________________________________________________________________________
6. Әскер тегі, әскери-есептік мамандығы (әскери лауазымы) ______________________
__________________________________________________________________________
7. Ауру бойынша есепте тұрған жай-күйі туралы мәлімет: ________________________
__________________________________________________________________________
(есепке алу туралы белгі, медициналық денсаулық сақтау ұйымының мөртаңбасы)
психикалық ауру бойынша _________________________________________________
наркологиялық ауру бойынша (есірткі заттарына тестілеу нәтижесімен) ___________
__________________________________________________________________________
туберкулез бойынша ________________________________________________________
тері-венерологиялық ауру бойынша ___________________________________________
8. Зерттеу нәтижесі:
Зерттеу | Жүргізілген күні | Нәтижесі |
Бойы/дене салмағы, ДСИ | ||
Жалпы қан талдауы | ||
Мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция) | ||
Жалпы несеп талдауы | ||
ЭКГ зерттеуі | ||
Кеуде қуысы ағзасының флюорографиясы | ||
Мұрынның қосалқы қуысы рентгенограммасы | ||
В, С вирусты гепатитінің маркерлеріне қан талдауы | ||
АИТВ-ға қан талдауы | ||
Көз іші қысымын өлшеу | ||
Қантқа қан талдауы | ||
Оң/сол жақ қол динамометриясы | ||
Есірткі заттарына зерттеу | ||
Басқа да зерттеу | ||
9. Куәландыру нәтижесі:
Тексеру | Нәтижесі | ||||
Терапевт: | |||||
Шағым мен анамнез | |||||
Эндокринді жүйе | |||||
Жүрек-қан тамыры жүйесі | |||||
Функционалдық сынама | тыныштықта | жүктемеден кейін | 2 мин кейін | ||
бір минутта тамыр соғысы | |||||
артериялық қан қысымы | |||||
Тыныс алу мүшесі | |||||
Ас қорыту мүшесі | |||||
Бүйрек | |||||
Көкбауыр | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Хирург: | |||||
Лимфа түйіні | |||||
Сүйек-бұлшықет жүйесі | |||||
Перифериялық тамырлар | |||||
Несеп-жыныс жүйесі | |||||
Анус және тік ішек | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Невропатолог: | |||||
Бассүйек-ми жүйкесі | |||||
Қозғалыс аясы | |||||
Рефлекс | |||||
Сезімталдығы | |||||
Вегетативті жүйке жүйесі | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Психиатр: | |||||
Қабылдау | |||||
Интеллектуалды-мнестикалық аясы | |||||
Эмоциялық-ерік аясы | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Окулист: | |||||
Қарап-тексеру | оң көз | сол көз | |||
Түсті сезіну | |||||
Түзетусіз көру жітілігі | |||||
Түзетумен көру жітілігі | |||||
Скиаскопиялық рефракция | |||||
Бинокулярлық көру | |||||
Анық көрудің жақын нүктесі | |||||
Көз жасы жолдары | |||||
Қабақ пен конъюнктива | |||||
Көз алмасының орналасуы мен қозғалысы | |||||
Көз қарашықтары мен олардың реакциясы | |||||
Оптикалық орта | |||||
Көздің түбі | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Оториноларинголог: | |||||
Сөйлеу | |||||
оң | сол | ||||
Мұрынмен тыныс алу | |||||
Сыбырлап сөйлеу | |||||
Құлақ барофункциясы | |||||
Вестибулярлық аппарат функциялары | |||||
Иіс сезу | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Стоматолог: | |||||
Тістүйіс | |||||
Ауыздың сілемейлі қабықшасы | |||||
Тістер (формула) | |||||
Қызыл иек | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Дерматовенеролог: | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы | |||||
Басқа да маман дәрігерлер: | |||||
Диагнозы | |||||
Қорытынды | |||||
Күні, дәрігердің қолтаңбасы, тегі, инициалы |
10. Медициналық комиссияның (ӘДК) қорытындысы.
Медициналық куәландырған кезде ____________________________________________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптардың ___ бағаны _______________________ тармағының ______________ тармақшасы негізінде _________________________________________________ (әскери қызметке, келісімшарт бойынша немесе резервтегі әскери қызметке кіруге жарамдылық санаты көрсетілсін).
М.О. Комиссия төрағасы ____________________________________________
(қолы, атының инициалы, тегі)
Комиссия хатшысы ____________________________________________
(қолы, атының инициалы, тегі)
20___ жылғы "___" _______
Комиссияның пошталық мекенжайы _________________________________________
Ескертпе: Барлық тармақты толтыру міндетті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 12 мамырдағы № 546 Бұйрығына 2 - қосымша |
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына 17-қосымша |
Жергілікті атқарушы орган медициналық комиссиясының және штаттан тыс (уақытша, тұрақты әрекеттегі) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы
Жергілікті атқарушы органның медициналық комиссиясы, штаттан тыс (уақытша, тұрақты әрекеттегі) әскери-дәрігерлік комиссия мынадай қорытынды шығарады:
1. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу, әскери қызметке шақыру кезінде мынадай азаматқа қатысты:
1) әскери қызметке жарамды;
2) әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды;
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексеруге (емделуге) мұқтаж;
4) әскери қызметке 3 – 12 айға (мерзімі көрсетіледі) уақытша жарамсыз. Жіті ауыруы немесе созылмалы ауыруы асқынған, мертіккен кезде, емделуден кейін шығарылады;
5) әскери қызметке шектеулі жарамды;
6) әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
7) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.
2. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) оқуға түсетін және онда оқитын азаматқа қатысты:
1) _____________________ (ӘОО атауы көрсетіледі) оқуға түсуге жарамды (жарамсыз);
2) _____________________ (ӘОО атауы көрсетіледі) оқуға жарамды (жарамсыз).
3. Техникалық және кәсіби, жоғары, оның ішінде шет мемлекеттердің, білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға оқуға түсетін азаматқа қатысты:
______________________ (ӘОО атауы көрсетіледі) оқуға түсуге жарамды (жарамсыз).
4. Жоғары оқу орны жанындағы әскери кафедраға (факультетке) запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқуға түсетін, сондай-ақ әскери (оқу-жаттығу) жиын алдында азаматқа қатысты:
1) әскери кафедрада запастағы офицерлерді (сержанттарды) даярлау бағдарламалары бойынша оқуға жарамды (жарамсыз);
2) әскери (оқу-жаттығу) жиынға жарамды (жарамсыз).
5. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін адамға қатысты:
1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды;
2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамды, _________________________ (әскер түрінде (тегінде) немесе әскери-есептік мамандық (бұдан әрі – ӘЕМ) бойынша жарамдылық санаты көрсетіледі);
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге мұқтаж;
4) медициналық куәландыруға келмеуіне (толық қарап-тексерілмеуіне) байланысты қорытынды шығарылмады;
5) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз.
6. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамға қатысты:
1) әскери қызметке жарамды, _____________ (әскер түрінде (тегінде), ӘЕМ бойынша жарамдылық санаты көрсетіледі). Резервтегі әскери қызметке кіруге жарамды;
2) әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды, _____________ (әскер түрінде (тегінде), ӘЕМ бойынша жарамдылық санаты көрсетіледі). Резервтегі әскери қызметке кіруге жарамды;
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге мұқтаж;
4) медициналық куәландыруға келмеуіне (толық қарап-тексерілмеуіне) байланысты қорытынды шығарылмады;
5) резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз (қарап-тексерілуден бас тартқан кезде);
6) әскери қызметке шектеулі жарамды, резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз;
7) әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды, резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз;
8) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз, резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз.
7. Әскери қызметшіге қатысты:
1) әскери қызметке жарамды;
2) әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды;
3) әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды, 3 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен;
4) _______________ (ӘОО атауы көрсетіледі) оқуға түсуге жарамды (жарамсыз);
5) әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды, _______________ (ӘОО атауы көрсетіледі) оқуға түсуге жарамсыз;
6) ______________ (ӘОО атауы көрсетіледі) оқуға түсуге жарамсыз. 3 – 6 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
7) ауруы бойынша демалыс 30 – 60 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) беріледі;
8) ауруы бойынша демалыс 30 тәулікке ұзартылады;
9) _______________ (орны көрсетіледі) кейіннен медициналық куәландырумен ауруы бойынша демалыс 30 – 60 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) беріледі;
10) әскери қызмет міндеттерін орындаудан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) босатылсын;
11) _______________ (орны көрсетіледі) кейіннен медициналық куәландырумен әскери қызмет міндеттерін орындаудан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) босатылсын;
12) әскери қызмет міндеттерін орындаудан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) ішінара _____________________ (қандай жұмыс түрінен, сабақтан, нарядтан) босатылсын;
13) әскери қызметке шектеулі жарамды;
14) әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
15) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз;
16) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз. Әскери қызмет міндеттерін орындаудан босатуды ресімдеу үшін қажетті мерзімге босатылуға тиіс, бірақ 30 тәуліктен аспайды.
Соғыс уақытында бұдан басқа мынадай қорытынды шығарылады:
17) әскери қызметке уақытша жарамсыз, 6 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен. Егер стационарлық емдеу аяқталғаннан кейін әскери қызметші әскери қызмет міндеттерін орындауға кірісетін мерзімі үш айдан астам болса, қорытынды шығарылады;
18) сауыққан адам батальонға (командаға) жіберілуге тиіс.
8. ӘОО оқитын (он сегіз жасқа толмаған) адамға қатысты:
1) ___________ (ӘОО, факультетінің атауы көрсетіледі) оқуға жарамды (жарамсыз);
2) стационарлық медициналық куәландыруға жіберілуге тиіс;
3) ауруы бойынша демалыс 30 – 60 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) беріледі;
4) ауруы бойынша демалыс 30 тәулікке ұзартылады;
5) _______________ (орны көрсетіледі) кейіннен медициналық куәландырумен ауруы бойынша демалыс 30 – 60 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) беріледі;
6) әскери қызмет міндеттерін орындаудан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) босатылады;
7) ____________ (орны көрсетіледі) кейіннен медициналық куәландырумен әскери қызмет міндеттерін орындаудан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) босатылады;
8) әскери қызмет міндеттерін орындаудан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) ішінара _____________ (қандай жұмыс түрінен, сабақтан, нарядтан) босатылады;
9) сынып сабағына қатысумен барлық жұмыс пен нарядтан 7 – 15 тәулікке (мерзімі көрсетіледі) босатылады.
9. Танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізуге жарамдылықты айқындау үшін куәландырылатын әскери қызметшіге, әскери жиыннан өтетін азаматқа, резервтегі әскери адамға қатысты:
1) танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізуге жарамды;
2) танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізуге уақытша жарамсыз, 3 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен;
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
4) танкіні және басқа да машинаны суасты жүргізуге жарамсыз. _____ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі).
10. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің (бұдан әрі – ДШӘ) арнайы мақсаттағы бөлімшесінде, десанттық-шабуылдау және барлау бөлімшесінде, арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМБ), теңіз жаяу әскери бөлімшесінде әскери қызметке тағайындалатын және одан өткеретін әскери қызметшіге, әскери жиыннан өтетін азаматқа, резервтегі әскери адамға қатысты:
1) ДШӘ-да (АрнМБ-да) қызмет өткеруге жарамды;
2) ДШӘ-да (АрнМБ-да) қызмет өткеруге жарамды. Парашютпен секіруге уақытша жарамсыз, 6 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен;
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
4) ДШӘ-да (АрнМБ-да) қызмет өткеруге жарамсыз, ________________ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі).
11. Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі – ӘТК) әскери қызметке тағайындалатын және өткеретін әскери қызметшіге, әскери жиыннан өтетін азаматқа, резервтегі әскери адамға қатысты:
1) ӘТК-да қызмет өткеруге жарамды;
2) қызметке уақытша жарамсыз, 6 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен;
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
4) ӘТК-да қызмет өткеруге жарамсыз, _________ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі).
12. Жауынгерлік жүзгіш және сүңгуір құрамына қатысты:
1) _____ метрге дейінгі тереңдікте жауынгерлік жүзгіш қызметіне жарамды;
2) сүңгуір жұмысына жарамды;
3) _______ метрге дейінгі тереңдіктегі сүңгуір жұмысына жарамды;
4) _______метрге дейінгі тереңдікке сүңгуші сүңгуір жұмысына жарамды;
5) _______ метрге дейінгі тереңдіктегі акванавт жұмысына жарамды;
6) _____ метрге дейінгі тереңдікте жауынгерлік жүзгіш қызметіне жарамсыз;
7) акванавт жұмысына жарамсыз, _______ метрге дейінгі тереңдікке сүңгуші сүңгуір жұмысына жарамды;
8) тереңдікке сүңгуші сүңгуір жұмысына жарамсыз, _______ метрге дейінгі тереңдіктегі жұмысқа сүңгуір ретінде жарамды;
9) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
10) жауынгерлік жүзгіш қызметіне (сүңгуір жұмысына) уақытша жарамсыз, 3 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен;
11) жауынгерлік жүзгіш қызметіне жарамсыз, ________ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі);
12) сүңгуір жұмысына жарамсыз, _________ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі).
13. Радиоактивті затпен, иондаушы сәулелену көзімен, зымыран отынының компонентімен, электр-магниттік өріс және лазерлік сәулелену көзімен (бұдан әрі – зиянды фактор) байланысты қызметке іріктелетін және әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге қатысты:
1) ________________ байланысты (зиянды фактор көрсетіледі) қызметке жарамды;
2) _______________ байланысты (зиянды фактор көрсетіледі) қызметке уақытша жарамсыз, 3 – 12 айдан (мерзімі көрсетіледі) кейін медициналық куәландырумен;
3) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
4) ________________ байланысты (зиянды фактор көрсетіледі) қызметке жарамсыз, ______________ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі).
14. Әскери жиынға шақырылатын азаматқа қатысты:
1) әскери жиынға жарамды;
2) әскери жиынға жарамсыз.
15. Есепке алу мақсатында куәландырылатын запаста тұратын азаматқа қатысты:
1) әскери қызметке жарамды;
2) әскери қызметке шамалы шектеумен жарамды;
3) әскери қызметке шектеулі жарамды;
4) әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
5) әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз.
16. Оқу-жаттығу әскери бөліміне оқуға іріктелетін әскери қызметшіге, оқу-жаттығу әскери бөлімінің курсантына қатысты:
1) оқу-жаттығу әскери бөлімінде ______________ (ӘЕМ бойынша) оқуға жарамды;
2) кейіннен медициналық куәландырумен қарап-тексерілуге тиіс;
3) оқу-жаттығу әскери бөлімінде ______________ (ӘЕМ бойынша) оқуға жарамсыз, ____________ (әскери қызметке жарамдылық санаты көрсетіледі).
17. Егер ол қоныс аударуға байланысты болса, басқа әскери-медициналық мекемеде немесе медициналық денсаулық сақтау ұйымында емдеуді жалғастыру үшін әскери қызметшіге қатысты:
_____________________ (әскери-медициналық мекеме немесе медициналық денсаулық сақтау ұйымы атауы және тұрған жері көрсетіледі) емделуді жалғастыру үшін ауыстырылуға мұқтаж.