Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі №195 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7573-15 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшасында кестенің 7, 10, 31, 33, 37-жолдары алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі |
Р. Анбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары басқармасы