Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/224 және Ақмола облысы мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-2 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 8919-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 11 ақпандағы қорытындысы, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы қорытындысы, "Целиноград ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Целиноград ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 13 наурыздағы № А-3/69 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 314/40-8 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград ауданы Қызыл суат ауылдық округінің шекараларында әкімшілік-аумақтық бірлігі - ауыл құрылсын.

      2. Жаңадан құрылған ауылға Нұрлы атауы берілсін.

      3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады