Ақмола облысы Егіндікөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № А-5/229 және Ақмола облысы мәслихатының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 8С-19-7 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 30 сәуірде № 8920-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Егіндікөл ауданының ауылдық округін құру жөнінде ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № а-12/216 қаулысының және Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С26-4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалпы алаңы 3624 гектар Спиридоновка және Абай ауылдарының шекараларында Егіндікөл ауданының Спиридоновка ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын, Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылдық округінің әкімшілік орталығы Спиридоновка ауылы айқындалсын.

      2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов
      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады