"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Бұланды ауданы Айнакөл ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № А-12-393 қаулысының және Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-25/5 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Бұланды ауданының Айнакөл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
2. Бұланды ауданы Айнакөл ауылдық округінің Айнакөл және Острогорка ауылдарының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы Бұланды ауданы Журавлевка ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру жолымен өзгертілсін.
3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола блысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |