"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Ақкөл ауданының Жалғызқарағай ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № А-3/44 қаулысының және Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы № С 36-4 шешімінің, "Ақмола облысы Ақкөл ауданы Ерназар ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы ұсынысты енгізу туралы" бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № А-3/45 қаулысының және Ақкөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы № С 36-5 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің Қайнар ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округі Жалғызқарағай ауылының құрамына енгізу.
2. Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының Ерназар ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығы Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық бағыныстылығына беру жолымен өзгертілсін.
3. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |