"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Аршалы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Аршалы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № А-138 қаулысының және Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 маусымдағы № 20/3 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің құрамынан шығарылып, дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Аршалы ауданының Жібек жолы ауылы құрылсын.
2. Аршалы ауданының Жібек жолы ауылы дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Аршалы ауданының Жібек жолы кентіне қайта құрылсын.
3. Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округінің әкімшілік орталығы Жалтыркөл ауылы айқындалсын.
4. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы | Б.Жусупов |