Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы № 17 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 10 ақпанда № 8681-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2025 жылғы 6 ақпандағы
№ 17 қаулысымен бекітілген

Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі

      1. Осы Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.

      2. Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі - қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.

      Қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағасы осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

      3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:

      1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pn (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, газеттердегі көрсетілетін қызмет құны;

      Bn - газетте орналастырылатын, бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V - газетте орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq - газет таралымына түзету коэффициенті:

      200 000 данаға дейін - 1,3;

      100 000 данаға дейін - 1,15;

      50 000 данаға дейін - 1;

      30 000 данаға дейін - 0,9;

      20 000 данаға дейін - 0,8;

      10 000 данаға дейін - 0,65;

      5 000 данаға дейін - 0,5;

      2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:

      Pm (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, журналдардағы көрсетілетін қызмет құны;

      Bm - журналда орналастырылатын, бір шаршы сантиметр көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;

      V - журналда орналастырылатын, шаршы сантиметрмен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;

      Kq - журнал таралымына түзету коэффициенті:

      15 000 данаға дейін - 1,2;

      10 000 данаға дейін - 1,1;

      8 000 данаға дейін - 1;

      5 000 данаға дейін - 0,9;

      3 000 данаға дейін - 0,8;

      1 000 данаға дейін - 0,7.

      4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pi (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Bi - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;

      V - интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің таңбалармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;

      Kq - бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:

      айына 500 000 кірушіге дейін - 1;

      айына 1 000 000 кірушіге дейін - 1,1;

      айына 2 000 000 кірушіге дейін - 1,2;

      айына 5 000 000 кірушіге дейін - 1,3;

      айына 5 000 000 кірушіден астам болса - 1,4.

      5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Ptv (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;

      Btv - телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының, сериясының базалық бағасы;

      V - телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көлемі.

      Егер Ақтөбе облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.

      6. Радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:

      Pr (price) - қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнадағы көрсетілетін қызметтің құны;

      Br - радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;

      V - радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.

  Ақтөбе облысының
аумағындағы мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру үшін
сатып алынатын қызметтердің
құнын айқындау Әдістемесіне
қосымша

Ақтөбе облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

2025 жыл (теңге)

2026 жыл (теңге)

2027 және одан кейінгі жылдар (теңге)

1

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарындағы (газет) қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

900

945

992

2

Ақтөбе облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарындағы (газет) қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bn)

шаршы сантиметр

400

420

441

3

Ақтөбе облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарындағы (журнал) қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bm)

шаршы сантиметр

400

420

441

4

Интернет-ресурстағы қызмет (ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру) (Bi)

таңба

200

210

220

5

Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениедегі қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

500 000

525 000

551 250

6

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениедегі қызмет (ақпараттық материалдарды, тақырыптық хабарлар өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

24 000

25 200

26 460

7

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениедегі қызмет (жаңалықтар сюжеттерін өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

60 000

63 000

66 150

8

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениедегі қызмет (ақпараттық материалдарды, деректі фильмдерді, музыкалық, ойын-сауық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv)

минут

50 000

52 500

55 125

9

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ақтөбе облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телевидениедегі қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv)

секунд

4 752

4 989

5 238

10

Ақтөбе облысының аумағында таратылатын радиоарнадағы қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br)

минут

10 500

11 025

11 576

11

Ақтөбе облысының аумағында таратылатын радиоарнадағы қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br)

секунд

2 000

2100

2 205


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады