Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау ауданы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген ардагерлерге;
3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға;
5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
6) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға;
7) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар.
2. Хромтау ауданы азаматтарының келесідей жекелеген санаттарына меншіктің барлық түріндегі тұрақты қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүру ақысының 50% мөлшерінде жол жүру түріндегі жеңілдік белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
2) мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға:
екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар балалар.
3. Аудандық бюджет қаржыландыру көзі болып айқындалсын.
4. "Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. "Хромтау аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жеңілдікпен жол жүру карталарын дайындауды қамтамасыз етсін.
6. "Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген азаматтардың тізімдерін алуды қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен Хромтау ауданы әкімдігінің қаулысы мен Хромтау аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Хромтау ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
8. Осы бірлескен Хромтау ауданы әкімдігінің қаулысы мен Хромтау аудандық мәслихатының шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Хромтау ауданының әкімі | Н. Ж. Тлеумұратов |
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы |
Э. Б. Болатов |