Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 365 "Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8308 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "жұмсаған" сөзі "жұмсалған" сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Шалқар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерінде:
қазақ тіліндегі 6 тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі-портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.", орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы |
Ж. Шамбалаев |