Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 25/228-VIII шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2025 жылғы 9 сәуірде № 237-17 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Шымкент қаласы мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/632-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 127 болып тіркелген);

      "Шымкент қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/632-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 12 тамыздағы № 20/177-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29188 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады