2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 100 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 9 сәуірде № 295-19 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына және "Акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 168077 болып тіркелген) сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев
      "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Жетісу облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 7 сәуірдегі № 100
  қаулысына қосымша

2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі (килограмм, дана)

Субсидияланатын көлем
(теңге)

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

1

2

3

4

5

1.

Балық азықтарына тиесілі субсидиялар:

1.1

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары

121820 килограмм

105

12791,0

1.2

Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары

25425 килограмм

270

6865,0

2.

Тұқы, албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін балық отырғызу материалын сатып алуға субсидиялар:

2.1

Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана

276000 дана

25

6900,0

2.2

Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық

500000 дана

6

3000,0

2.3

Албырт тұқымдас шабағы 10 граммға дейін 1 (бір) дана

272200 дана

20

5444,0

3.

Балық өсіру-билогиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау

6 дана

500000

3000,0

4.

Дәрілік препарттарды сатып алу шығыстарын субсидиялау

25 дана

80000

2000,0

Барлығы



40000,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады