"Қарағанды облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 70/30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 қаңтарда № 6701-09 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы № 70/30 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4461 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Қарағанды облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімінің 30-тармағының 1), 2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) жер қабаты мен су бұру бойынша:

      жер қабатының беткі сулар жиналатын кішігірім жерлерін ұзына бойына жоғары көтеру және кеңейту, жол қиылысы шегінде және оған жақындаған жерде жол жабынын кеңейту немесе тарылту, көлік тұрақтарын, аялдамалық орындар мен алаңқайлар, тротуарлар және велосипед жолдарын жасау, томпиған тұстарды кетіру;

      қолданыстағы су бұру жыраларын тазалау, лотоктарды толықтай ауыстырып, жол шетіндегі-арық ашық жүйені жөндеу, жаңа жыраларды қазу, үйінді мен қуыстардағы құламалардың еңісін азайту және зақымдалған жерлерін түзеу, дренажды, қорғайтын және нығайтқыш құрылғыларды, көпірлер мен құбырлардың қасындағы су бұру құрылыстары мен бұратын арналарды түзеу, шөп отырғызу;

      орнықты дерн жамылғысын құру бойынша қажетті агротехникалық шаралар жүргізе отырып, жер қабатының құламалары мен резервтерге шөп отырғызу, опырылымдарды, көшкіндер мен селмен келген қоқыстарды тазалау; жиектерге төсем төсеу, сыдырып алу, жоспарлау және нығайту;

      жауын шашын суын қашыратын арықты орнату, жауын шашын суларын қабылдағышты орнату, жөндеу, алмастыру;";

      "2) жол жамылғылары бойынша:

      күрделі жабындардың көлік жүретін бөлігіндегі жолтабандар мен тегіссіздікті жойып, бір немесе бірнеше қозғалыс жолағының еніне немесе жабынның бүкіл еніне жылжуға төзімді және тозғақ асфальт-бетоннан жасалған жаңа қабатты төсеп, міндетті фрезерлеп, жол жабынының тұрақсыз қабаттарын ауыстыру;

      жетілдірілген жабынның тозған беткі қабаттарын қалыпқа келтіру және жол қиылыстарының шегі мен оған жақындайтын тұста жол негізінің кеңейген жеріне, көлік тұрақтарына, аялдамалық орындар мен алаңқайларға, тротуарларға, велосипед жолдарына және томпиған тұстарға жол жамылғысын төсеу, төселіп тұрған жол жамылғысын алып тастап, қажет болған жағдайда топырақты құрылғымен бетін өңдеп, тұрақтандыру;

      жол қиылысының өткізу қабілеттілігін ұлғайту үшін оң жаққа қарай шығу жолдарын құру;

      жолтабандары, төмпешігі, тарамдалуы бар жетілдірілген жабынды жаңа материал қосып, қайлау немесе регенерациялау;

      жөнделетін учаскелердегі көлік жүретін бөлікті белгілеу;

      жетілдірілген қоспаларды қолданумен үстіңгі қабатты өндеу;

      асфальт-бетон қоспасының қажетті мөлшерін қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қалпына келтіру;

      жолдың техникалық санатын өзгертпей, ұсақтасты, шағалтасты және қиыршықтасты жабынды асфальт-бетонды жабынға алмастыру;

      жаңа материалдардың қажетті мөлшерін қосу арқылы және жол жабындарының негізін салу үшін алынған материалдарды, оның үстіне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерістері мен ақаулары бар жетілдірілген төсемді қайлау және қалпына келтіру;";

      "3) жасанды инженерлік жол құрылыстары бойынша:

      деформацияланған тігістердің астындағы су бұру лотогын қалыпқа келтіру;

      су бұру түтіктерін жөндеу;

      гидрооқшаулау тротуармен беттесетін жердегі жабынға тігістер орнату және оларға мастика құю;

      су бұру түтіктерінің қасындағы оқшаулауды жөндеу;

      опырылу 10 сантиметрден артық болса, көпір үйіндімен беттесетін тораптарды жөндеу;

      көпірлердің шеткі арқалықтарын ауыстыру;

      тротуар плиталарын ауыстыру;

      жол жамылғысын қалыпқа келтіре отырып, өтпелі плиталардың жекелеген ығыспаларын жою;

      плиталар ашылып, шайылған уақытта өтпелі плиталардың астына топырақ төгу;

      болат элементтері бар деформациялық тігістердің бөлшектерін ішінара ауыстыру;

      жұмыстар жол жамылғысы деңгейінде орындалған уақытта жабық типті деформациялық тігістерді мастикалық және резеңке толтырғышпен ауыстыру;

      тротуарлардағы деформациялық тігістерді ауыстыру;

      тротуар жабынын тегістеу, жаңа жабын құру;

      тротуар блоктарындағы үлкен тесіктерді бітеу, тротуарлардың қасбетін қорғайтын жабынмен өңдеу;

      тротуар блоктарындағы жекелеген соғылған жерлер мен жарықтарды жою;

      тротуар блоктарының түйіспелерін соғу және оқшаулау;

      тротуарларды қалыпқа келтіру, жекелеген зақымдалған блоктарды күшейту немесе ауыстыру;

      тротуар плиталарының ойылған жерлерін жою;

      оқшаулау жасау немесе тротуарларға асфальт-бетон төсеу;

      жекелеген секцияларды жөндеу, таяныштардың жекелеген тұғырларының анкерленуін күшейту;

      көпір құрылғысының бүкіл ұзындығымен немесе ұзындығының бір бөлігінде таяныштарды ауыстыру;

      таяныштарды бүкіл ұзындығымен сырлау;

      таяныш тұғырларының тораптарын жаңа анкерлеуге ауыстыру;

      конструкциялардың бүкіл бетон беттерін (плиталарды, арқалықтардың қабырғаларын, аркаларды және басқа да элементтерді) гидрофобизациялау немесе бояу;

      диафрагмалардың түйіспелерін жөндеу;

      көпірлер мен жол өтпелерді ішінара қайта құру немесе жөндеу, сонымен қатар габариттері мен есептелген жүктемесін техникалық құжаттамамен бекітілген жөнделетін жол үшін белгіленген нормаға дейін, тиісті техникалық санатқа дейін жеткізіп, су өткізгіш құбырларды толықтай немесе ішінара қайта құру;

      көпірлерде күрделі емес жөндеу жұмыстарын орындау (ең шеткі арқалықтарды ауыстыру, төсемдерді, арқалық клеткаларын, жекелеген тораптар мен элементтерді ауыстыру, қалауды түзеу, тас немесе басқа да әрлеуді жасау немесе жөндеу және тағы сол сияқты);

      алдын ала кернелген темірбетон және металдан жасалған аралық құрылымдардағы құрылыстық көтерілуді бақылау;

      көпір құрылысының көлік жүретін жеріндегі жабындарды қалпына келтіру немесе ауыстыру;

      тротуар блоктарындағы қуыстарды бітеу, тротуарларға жабын төсеу; қоршаулардың жөндеу немесе реконструкциялау;

      материалдар мен конструкцияларды ауыстыра отырып, деформациялық тігістерді жөндеу;

      гидрооқшаулауды жөндеу;

      тротуарларды, таяныштарды, ернеулерді жөндеу және ауыстыру;

      көпірдің көлік жүретін бөлігіндегі су бұруды жақсарту, су бұру түтіктері мен терезелерді ауыстыру;

      темірбетон конструкциялардың қасбет бетін гидрооқшаулау, басты арқалықтардың бетін сырлау;

      жарықтардың бетін герметиктеу, ойықтарды, соғылған жерлерді жамау, көпірдің темірбетон элементтерінің қорғайтын қабатын қалыпқа келтіру;

      металл аралық құрылымдарды тұтас бояу;

      арқалықтардың бірігулерін өзара біріктіру;

      өтпелі плиталарды ауыстыра отырып, дренаж бен су бұруды, көпір мен үйінді түйіскен жерлерді жөндеу;

      жер қабаты мен ретке келтіру құрылыстарының құламалардағы күшейтпелерін жөндеу;

      тіреулер мен реттеу құрылыстарының қасындағы су шайған шұңқырларды жою;

      металдан жасалған аралық құрылымдардағы жекелеген элементтерді нығайту, фермалары өтпе көпірлердегі торшаның элементтерін дұрыстау;

      бекітпелерді беріктілігі жоғары бұрандаларға ауыстыру;

      тіреу бөліктерінің жоба бойынша орналасымын қалыпқа келтіру және жөндеу;

      тіреу алаңдарындағы төкпелерді жөндеу және қалыпқа келтіру;

      қаптаудың тігістерін ажырату, жарықтарға ерітінді құю;

      аралық құрылымдардың қарауға арналған құрылғылары мен тіреулерді жөндеу және қалыпқа келтіру;

      тіреулердің мүсінін жөндеу;

      темірбетон аралық құрылымдар сүйенетін жерлердегі тіреу бөліктерді күшейту;

      құбырлардың жекелеген буындары мен бастиектерін ауыстыру немесе жөндеу, оқшаулау мен түйіспелерді дұрыстау;

      тіреу қабырғаларды, нығайтқыш және ретке келтіру құрылыстарын, галереялар мен қалқаларды жөндеу, сонымен қатар олардың жекелеген элементтерін ауыстыру;

      қабырға сақиналарын, плиталарды, құдықтар мен топсаларды жөндеу және ауыстыру;".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Булекпаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады