Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 30 "Қарағанды қаласы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 231 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 наурызда № 6727-09 болып тіркелді

      Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қарағанды қаласы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 мамырдағы № 30 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6416-09 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қарағанды қаласы бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 7 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқу шығындарын өтеу мөлшері өтініш берген айдан бастап мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына он айлық есептік көрсеткішке тең төленеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Төраға А. Букенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады