Приозерск қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 24/183 "Приозерск қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 15/60 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 сәуірде № 6761-09 болып тіркелді

      Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Приозерск қаласының әкімдігінің "Приозерск қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2022 жылғы 5 шілдедегі № 24/183 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28753 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Приозерск қаласының әкімі М. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады