Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 "Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 68 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2025 жылғы 27 ақпанда № 4768-12 болып тіркелді

      Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4529 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген), Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады