Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | А. Исенбаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 18 сәуірдегі | |
№ 606 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 126-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0050 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 126 9 қабатты 1 кіреберісті тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (электрмен жабдықтау);
2) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 126-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0226 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 126 9 қабатты 1 кіреберісті тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (су құбыры);
3) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 126-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0050 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 126 9 қабатты 1 кіреберісті тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (канализация);
4) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 126-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0050 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 126 9 қабатты 1 кіреберісті тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (газбен жабдықтау);
5) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 126-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0050 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 126 9 қабатты 1 кіреберісті тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (сыртқы байланыс желілері);
6) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы, 126-үй мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0050 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 126 9 қабатты 1 кіреберісті тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (жылумен жабдықтау).