Арқалық қаласы әкімінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 3 "Арқалық қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 мамырда № 10460-10 болып тіркелді

      Арқалық қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арқалық қаласы әкімінің "Арқалық қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9072 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      № 105 сайлау учаскесі, Арқалық қаласының шекараларында, көшелер: Байтұрсынов 5, 9, 11, 13, 17, 19, Шақшақ Жәнібек 101, 105, 107, Майкүтов 18, Абай даңғылы 96, 100, 104, 106, 110.;

      26-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      № 106 сайлау учаскесі, Арқалық қаласының шекараларында, көшелер: Маясов 29, 31, 31А, Байтұрсынов 4, 6, 8, 10, 20, Шақшақ Жәнібек 92, 93, 94, 95, 96, 98, 99, 102, 102А, 104, 104/1, 108, 110, 112, 114, 118, 120, 122, 130, 130/1, 132/1, Тулегенов 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, Советская 3, 4А, 5, 7, 8, 8/1, 9, 10, 11, 11/1, 12, 13, 13/1, 14, 15, 16, 17, 17/1, 18, 20, 22, 24, 27, 29, 8 Марта 3/1, Горбачев 56А, 58, 60/1, 64, 66, 68, 85, 87, 89, 91, 93, 95, 97, 99, 101, 103, 105, 107, 109, 111, 113, Абай даңғылы 84.

      2. "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласының әкімі А. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады