Мәслихаттың 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 150 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 16 қаңтарда № 10358-10 болып тіркелді

      Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 15 наурыздағы № 87 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10168-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасыдағы 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағида сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихатының төрағасы К. Мухамадиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады