Лисаков қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 129 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 мамырда № 10470-10 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Лисаков қаласы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2015 жылғы 02 маусымдағы № 184 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5680 болып тіркелді) қаулысы;

      2) Лисаков қаласы әкімдігінің "Әкімдіктің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 184 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 429 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6657 болып тіркелді) қаулысы.

      2. "Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуін;

      2) осы қаулы ресми жариялағаннан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады