Денисов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 98 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 101 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 28 сәуірде № 10449-10 болып тіркелді

      Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2021 жылғы 11 мамырдағы № 98 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9908 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі Р. Катпаев

  Денисов
  ауданы әкімдігінің
  2025 жылғы №__
  қаулысына
  қосымша
  Денисов
  ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 11 мамырдағы
  № 98 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      4) аккомпаниатор;

      5) библиограф;

      6) кітапханашы;

      7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      9) ұжым (үйірме) басшысы;

      10) музыкалық жетекші;

      11) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      12) хореограф;

      13) дыбыс режиссері;

      14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      15) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      16) қазақ, ағылшын тілдері мұғалімі.

      3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;

      2) әдіскер;

      3) инструктор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады