Қарасу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 126 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 26 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 20 ақпанда № 10382-10 болып тіркелді

      Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" 2021 жылғы 23 тамыздағы № 126 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24337 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      реттік нөмірі 12-жол, жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12

Қарасу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауданы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Комсомольская көшесі, 62

"Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Исакова А көшесі, 68

"Қазпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының жанында, Исакова А көшесі, 78

Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Қарасу аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны ғимаратының жанында, Рамазанов көшесі, 2

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалының Қарасу аудандық бөлімі ғимаратының жанында, Комсомольская көшесі, 24

      ".

      2. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданының әкімі К. Оспанов

      Келісілді

      Қарасу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады