Қарасу ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 132 "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 85 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 мамырда № 10459-10 болып тіркелді

      Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарасу ауданы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 132 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24273 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауданы әкімінің міндетін атқарушы М. Жәкіжан

  Әкімдіктің
  2025 жылғы 5 мамырдағы
  № 85 қаулысына
  қосымша
  Әкімдіктің
  2021 жылғы 2 қыркүйектегі
  № 132 қаулысына
  қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

Орналасқан жері

Айына 1 (бір) шаршы метр үшін төлемақы мөлшері, теңге, тиын

1

Қарасу ауылы, Рамазанов көшесі, 41 үй

77,30

2

Қарасу ауылы, Пролетарская көшесі, 35 үй

59,78

3

Қарасу ауылы, Маслозаводской тұйық көшесі, 3 үй, 1 пәтер

164,1

4

Қарасу ауылы, Маслозаводской тұйық көшесі, 3 үй, 2 пәтер

164,1

5

Амангелді ауылы, Комсомольская көшесі, 7 үй

170,76

6

Ленино ауылы, Ленин көшесі, 12 үй

168,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады