Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 1 "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 сәуірде № 10429-10 болып тіркелді

      Сарыкөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің "Сарыкөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 27 наурыздағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9063 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      7 тармағы алып тасталсын;

      18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. № 687 сайлау учаскесі, Севастополь ауылының шекараларында: 30 лет Целины, 50 лет Казахстана, Абай, Ақжол, Атақоныс, Бәйтерек, Береке, Ворошилов, Комсомольская, Ленин, Новая, Степная, Строительная, Целинная, Шаттық, Школьная, Юбилейная көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Сарыкөл ауданы, Севастополь ауылы, Бәйтерек көшесі, 31.".

      2. "Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыкөл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М. Шымырбеков

      Келісілді

      Сарыкөл аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады