Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Ұзынкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10192-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.
"Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл аудандық мәслихаттың төрағасы | Н. Булатов |