Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Машраповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының әкімі | Р. Муканов |
Аққулы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 1-16/125 қаулысына қосымша |
Аққулы ауданының аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындары
Р/н |
Нақты | Алып отырған ауданы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) |
Қызмет |
Жақын инфрақұрылым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Аққулы ауылдық округі, Аққулы ауылы, Амангелді көшесі, 69, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалының Аққулы ауданы пошта байланысының аудандық торабының ғимаратына қарама – қарсы, 20 (жиырма) метр қашықтықта | 60 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу |
"Centre" |
2 | Аққулы ауылдық округі, Аққулы ауылы, Всеволод Иванова көшесі, ғимарат 92А, "Аққулы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама – қарсы, 15 (он бес) метр қашықтықта | 100 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу | жоқ |
3 |
Баймолдин ауылдық округі, Әбілқайыр Баймолдин атындағы ауылы, Маяковского | 50 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу | жоқ |
4 | Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 30 , "Мирас" дүкенінің сол жағында, 10 (он) метр қашықтықта | 100 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу |
"Мирас" |
5 |
Қызылағаш ауылдық округі, Бесқарағай ауылы, Айып Құсайынов | 100 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу | "Нұр" дүкені |
6 | Қарақала ауылдық округі, Қарақала ауылы, Шайхислям Оспанов көшесі, 24А, "Рахат - Али" дүкенінен 6 (алты) метр қашықтықта | 80 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу |
"Рахат – Али" |
7 | Майқарағай ауылдық округі, Майқарағай ауылы, Жабаев көшесі, 5, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Аққулы ауданы білім беру бөлімінің "Майқарағай жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында, 150 (жүз елу) метр қашықтықта | 20 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу | жоқ |
8 |
Малыбай ауылдық округі, Малыбай ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, 15, "Малыбай" | 60 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу |
"Малыбай" |
9 |
Шақа ауылдық округі, Шақа ауылы, Абай көшесі, 8, "Сұлтан" | 50 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу |
"Сұлтан" |
10 |
Шарбақты ауылдық округі, Шарбақты ауылы, | 30 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу | жоқ |
11 | Ямышев ауылдық округі, Ямышево ауылы, Қайрат Рысқұлбеков көшесі, 6А, "Универмаг" дүкенінің оң жағында, 50 (елу) метр қашықтықта | 70 | 5 | ауыл шаруашылығы, азық - түлік және азық - түлік емес өнімдерді өткізу |
"Универмаг" |