Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1."Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Аққулы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 65/16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7459-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Аққулы ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасында:
7-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:
1) алушылардан өтініштер талап етілмейатаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 000 (елу мың) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСРОдағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарға (отбасыларға) 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
9 мамыр - Жеңіс күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
бұрынғы КСРО-ның үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСРОдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 000 (елу мың) АЕК мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестiрiлген қайтыс болған адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар тұлғаларға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;
1 қазан - Қарттар күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде;
зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде;
25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне орай әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:
он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:
жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;";
7-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы және он сегізінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:
2) табыс есебінсіз біржолғы әлеуметтік көмек:
"Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Аққулы аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде қант диабетінен зардап шегетін тұлғаларға10 (он) АЕК мөлшерінде;";
"әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға қатты отын сатып алу үшін 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының төрағасы | А. Касымова |