Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданымәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 28-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 6 мамырда № 7918-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-4 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендерінің жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4408 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      Возвышенка ауылдық округінде реттік нөмірі 12 - жол алып тасталсын;

      Червонное ауылдық округінде реттік нөмірі 50 - жол алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының төрағасы С. Баумаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады