Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 38/2 "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының және Мамлют ауданының ауылдық елді мекендердің жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 40/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 сәуірде № 7887-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының және Мамлют ауданының ауылдық елді мекендердің жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелеріне үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 38/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5023 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 4-қосымшасында:

      "Белое ауылдық округі" бағандағы, 5-тармақ алып тасталсын;

      "Новомихайлов ауылдық округі" бағандағы, 4-тармақ алып тасталсын;

      "Пригород ауылдық округі" бағандағы, 2 және 3-тармақ алып тасталсын;

      "Становое ауылдық округі" бағандағы, 2-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының төрағасы Ж. Каримова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады