"Елді мекенде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 карашадығы № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 121 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 мамырда № 7930-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Елді мекенде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 карашадығы № 228 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5069 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      "Ақжан ауылдық округі" деген 3-жолда "Приозерное ауылы" деген жол алынып тасталсын;

      "Белоградов ауылдық округі" деген 4-жолда "Ақсу ауылы" деген жол алынып тасталсын;

      "Докучаев ауылдық округі" деген 7-жолда "Северное ауылы" деген жол алынып тасталсын;

      "Есіл ауылдық округі" деген 8-жолда "Нарынгүл ауылы" деген жол алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімі Е. Жаров

  "КЕЛІСІЛГЕН"
  Тимирязев ауданы бойынша
  мемлекеттік кірістер
  басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады