ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қаласы әкімінің "Арыс қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 2 шілдедегі №5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23333 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасымен құрылған Арыс қаласы аумағындағы сайлау учаскелерінің тізіміндегі:
1) №23 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:
Орталығы: Арыс қаласы, Ақдала ауылдық округі, Ақдала ауылы, Көрікті көшесі, №69, Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Ақдала ауылдық клубы ғимараты.
2) №31 сайлау учаскесі келесі редакцияда жазылсын:
Орталығы: Арыс қаласы, Жиделі ауылдық округі, Жиделі ауылы, Орталық көшесі, №14, Арыс қаласының "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жиделі ауылдық клубы ғимараты.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
К. Манкараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Арыс қалалық аумақтық
сайлау комиссиясымен