"Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |
Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 18 сәуірдегі №29/136-VIII шешіміне қосымша |
Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидалары
1. Осы Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шебер (бұдан әрі – Шебер) болып – Түркістан өңірінің және Қазақстанның мәдени тарихи дәстүрлі ерекшеліктерін көрсететін, жергілікті материалдарды немесе дәстүрлі технологияларды қолдану арқылы жасалған, шектеулі шығарылымдарда немесе эксклюзивті тауарларды іздейтін туристердің сұранысын қанағаттандыру үшін ерекше дизайнмен жасалған бірегей қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар, туристер арасында сұранысқа ие болатын өнер туындыларын жасайтын қолөнерші немесе қолөнершілер ұйымы танылады.
Уәкілетті орган – Түркістан қаласы әкімдігінің "Бизнесті қолдау және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Өтелетін шығындар – шеберлердің осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес танылған шығындарының 25% бөлігінен аспайтын шығындар.
Құжаттар топтамасы – осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес шебердің уәкілетті органға тапсыратын құжаттары.
Комиссия – осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес шебер ұсынған құжаттардың дұрыстығын анықтау және субсидиялауға жататын шығын көлемін белгілеу үшін құрылған тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрi – Комиссия).
3. Комиссия Түркістан қаласы әкiмінiң өкімі негізінде құралады және төраға, оның орынбасары және мүшелерінен тұрады.
Комиссияға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары басшылық етеді, ол комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссия құрамына жергілікті өкілді және атқарушы органдардың (туризм, экономика және бюджеттік жоспарлау туризм, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша салаларында уәкілетті), өңірлік ұлттық кәсіпкерлер палаталарының, туризм және қолөнер саласындағы бірлестіктері мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Комиссияның құрамына кәсіподақтардың, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін.
Комиссия құрамының жалпы саны 7 (жеті) адамнан құрылады, жергілікті өкілді және атқарушы органдар өкілдерінің саны комиссия құрамының жартысынан аспауы тиіс.
Комиссияның өкілеттік мерзімі 2 (екі) жылды құрайды. Комиссияның өкілеттіктері аяқталғаннан кейін, уәкілетті орган комиссияның құрамына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді және оны осы тармақтың талаптарына сәйкес әкімнің өкімімен бекітеді.
Комиссия мүшелері жұмыс істеп тұрған комиссиядан шыққан кезде, уәкілетті орган шығып қалған мүшелерді алып тастау және комиссияның жаңа мүшелерін енгізу жолымен комиссия құрамына тиісті өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізеді.
Комиссия отырыстары аудио және бейнежазбаны пайдалана отырып, комиссия төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен немесе қашықтан онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
Комиссия төрағасы іссапарда, демалыста немесе еңбекке уақытша жарамсыз болуы себептерімен болмаған кезде, оның өкілеттігін комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, комиссия төрағасы мен мүшелері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шаралар қолданады.
Комиссия отырыстары өтінімдердің түсуіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
4. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетін шеберлердің шығындарына өңірдің және Қазақстанның мәдени тарихи дәстүрлі ерекшеліктерін көрсететін, жергілікті материалдарды немесе дәстүрлі технологияларды қолдану арқылы жасалған, шектеулі шығарылымдарда немесе эксклюзивті тауарларды іздейтін туристердің сұранысын қанағаттандыру үшін ерекше дизайнмен жасалған бірегей қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар, туристер арасында сұранысқа ие болатын өнер туындылары жатады.
Ондай шығындарға:
сату үшін арналған Түркістан қаласының аумағында тұрғын емес үй-жайларды жалға алу шығындары;
жасау үшін арналған жабдықтарды сатып алу шығындары жатады.
5. 25% аспайтын мөлшерде шығындарды өтеу үшін шебер уәкілетті органға келесі құжаттар топтамасын тапсыруы тиіс:
белгіленген нысанда толтырылған өтінім;
өтінімді заңды тұлға берген жағдайда – заңды тұлғаның құрылтайшы құжаттарының көшірмелері, өтінімді жеке тұлға берген жағдайда – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
өтінім беру жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың бірінші күніне алынған мемлекеттік кірістер органдарында тіркелген қарызы жоқтығы (барлығы) туралы мәліметтер;
Түркістан қаласының аумағында орналасқан тұрғын емес үй-жайын жалға алу туралы нотариалды куәландырылған келісім шарт;
жалға алу келісім шарты бойынша жалға алу төлемін растайтын фискалды түбіртек;
шебердің осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сатып алынған құрал-жабдықтарды сатып алу келісім шарты және шот-фактуралары;
Түркістан қаласының аумағында орналасқан (көлемі көрсетіле отырып) кәдесый дүкендерінде шебердің сатылымға ұсынылған өнімдері туралы растайтын құжаттар;
шығындарды өтеу мерзімін қамтитын уақытта шебердің шәкіртті практикалық оқытуының нотариалды куәландырылған жазбаша дәлелдемесі немесе шәкірт 18 жасқа толмаған жағдайда, оның ата-анасының жазбаша келісімі.
Құжаттар топтамасы уәкілетті органға әр тоқсанның соңғы жұмыс күніне дейінгі мерзімде пошта арқылы не қолма-қол қағаз немесе электрондық нысанда ұсынылады.
6. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келіп түскен құжаттар топтамасын уәкілетті орган тіркейді және тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде толықтығын қарайды.
Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган оларды жетіспейтін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде шеберге қайтарады.
Құжаттар топтамасының толық еместігі жойылған кезде, шебер құжаттар топтамасын уәкілетті органға қайта ұсынады.
Осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген құжаттар топтамасы толық болған жағдайда, комиссия құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын қарастырып, келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі өтпеген, олардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда, белгіленген көлемде шебер шығындарын өтеу туралы;
ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 5 және 6 тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда, шебер шығындарын өтеуден бас тарту туралы.
Уәкілетті орган, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде жергілікті бюджетке шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Комиссия қабылдаған көлем мөлшерінде сомаларды шебердің екінші деңгейдегі банктерде ашылған және өтінімде көрсетілген есеп шотына аударады.
Комиссия отырысының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады, ал оның көшірмесі шеберге жазбаша хабарлама ретінде жіберіледі.
7. Осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қолдау алған шеберлер өздеріне келесі міндеттемелерді алады:
жобаның орындалу мерзімін сақтау - қолдау алған шебер туристік маусым аяқталғанға дейін Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығының аумағында (шеберлер қалашығынан) және Түркістан әкімдігі белгілейтін әлеуметтік немесе туристік маңызы бар орталықтарында орналасқан туристік сауда жобасының жұмысын қамтамасыз етуге міндеттенеді;
қолдау шаралары туралы ақпаратты жариялау - шебер өзінің немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықты және өзге де шеберлерді көрсетілген мемлекеттік қолдау туралы хабардар етуге міндетті;
жұмыс орындарын ашу - кем дегенде бір шәкірт және мүмкіндігінше бір қызметшіні жалдау міндеттілігі;
іс-шаралар немесе мастер-класстар өткізу – шебер қолөнерлік дәстүрді дәріптеу мақсатында және Түркістан қаласының түристік әлеуетін дамытуға бағытталған семинарлар, шеберлік сыныптарын немесе басқа да іс-шараларды өткізу;
туристер үшін өнім жасау - туристерді аймаққа тартуға немесе туристік тартымдылықты жақсартуға ықпал ететін туристердің қажеттіліктеріне бағытталған тауарларды немесе қызметтерді өндіру;
заңнаманы сақтау – еңбек, салық және экология заңнамасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
қалалық іс-шараларға қатысу – уәкілетті органның ұйымдастыруымен өткізілетін қалалық іс-шараларға міндетті қатысу.
8. Шебер, өтелетін шығындар шарттарын орындамаса немесе қаражатты мақсатына сәйкес пайдаланбаса, ол алған қаражатты немесе оның бір бөлігін қайтаруға міндеттелуі мүмкін.