"Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 153 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 4/65-V шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 79 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 20/163-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 17 сәуірде № 9182-16 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шығыс Қазақстан облысында жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерлерін белгілеу туралы" бірлескен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 153 қаулысы мен Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 3 шілдедегі № 4/65-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2623 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12 және 13-жолдармен толықтырылсын:

   12

Марқакөл

3,6

2

3,6

2

   13

Үлкен Нарын

1,2

1,2

1,2

1,2

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Н. Сактаганов
      Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады