Бөрлі ауданы жолаушыларының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 мамырдағы № 175 және Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 27-18 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 21 мамырда № 7519-07 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бөрлі ауданның әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсай қаласы ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жол жүру Бөрлі ауданының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

      1) бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарға;

      2) 7 (жеті) жасқа дейінгі балаларға.

      2. Ақсай қаласы ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тариф құнының 50 (елу) пайызы көлемінде жеңілдетілген Бөрлі ауданының келесі санаттағы жолаушыларына белгіленсін:

      1) мектеп тарифі – 7 (жеті) жастан 15 (он бес) жасқа дейінгі балаларға;

      2) бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүргендерге;

      3) жасы бойынша зейнеткерлерге;

      4) 1988-1989 жылдары Чернобыль AЭC-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға;

      5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      7) есту қабілеті нашар мүгедектігі бар адамдарға.

      3. Қаржыландыру көзі ретінде аудандық бюджет анықталсын.

      4. Осы бірлескен шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      5. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы М. Нурмаков
      Мәслихат төрағасы К. Ермекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады