Ереже Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгi алқасының 15 қазан 1993 ж. N 9 шешiмi. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1995 жылғы 11 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 45. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 554 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар туралы Ереженi күшiне енгiзу жайында Жалпы бiлiм беретiн мектептерi жоқ шалғай ауылда балалардың бiлiм алу құқын қамтамасыз етуге жағдай туғызу және оларды тәрбиелеуде жанұяға көмек көрсету мақсатында алқа қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрлiктерiмен келiсiлген Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар туралы Ереже күшiне енгiзiлсiн.
      2. Облыстық Бiлiм басқармаларына:
      2.1. Алқаның шешiмiн басшылыққа алсын және бұлжытпай орындасын.
      2.2. Алқаның шешiмiн және Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар туралы Ереженi барлық аудандық және қалалық бiлiм бөлiмдерiне жеткiзсiн.
      3. Күшi жойылған болып есептелсiн.
      а) 12.07.1976 ж. Қазақ ССР Оқу министрлiгiнiң N 196 алқа шешiмiмен бекiтiлген "Қазақ ССР жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар туралы Ереже";
      б) 13.07.1988 ж. N 20-6 Қазақ ССР Халыққа бiлiм беру Министрлiгiнiң және 13.07.1988 ж. N 18-3-03 Қазақ ССР Қаржы Министрлiгiнiң хаты.
      4. Алқа шешiмiнiң жүзеге асырылуын бақылау интернаттар және балалар құқын қорғау мекемелерiнiң бөлiмiне жүктелсiн. (Саламахин А.Ф.)    

      Алқа төрағасы

       Министр

     Келiсiлген:                            Келiсiлген:
     Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
     Бiлiм министрiнiң                      Қаржы министрiнiң
     орынбасары                             орынбасары

     Келiсiлген:
     Қазақстан Республикасы
     Ауылшаруашылығы министрiнiң
     орынбасары

Қазақстан Республикасы Жалпы бiлiм беретiн
мектеп жанындағы интернаттар туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ереже

      1.1. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектептерi жоқ ауыл-селоларда тұратын оқушылардың бiлiм алу құқына жағдай туғызу және бала тәрбиелеуде жанұяға жәрдем беру мақсатында ұйымдастырылады.
      1.2. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернатта толық мемлекет қамқорлығындағы және басқа интернаттарға бөлiнедi.
      1.3. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар жергiлiктi әкiмнiң шешiмiмен құрылады және таратылады.
      1.4. Интернаттар мектепке жақын жерге орналасуға және қажеттi тұрғын үймен, шаруашылық жабдықтарымен қамтамасыз етiлуi керек.
      1.5. Мектеп жанындағы интернаттар өзiнiң жұмысында Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" заңын, осы Ереженi және басқада бiлiм туралы нормативтi құжаттарды басшылыққа алады.
      1.6. Мектеп жанындағы интернаттарда онда тұруға қайшы келетiн медициналық ауытқушылығы жоқ 6 жастан дейiнгi балалар оқып, тәрбиеленедi.
      1.7. Әр тәрбие тобындағы балалар саны 25 адамнан аспауы керек.
      1.8. Бiлiм мекемелерi интернаттар тәрбиеленушiлердiң өмiр сүру жағдайына жүйелi бақылау жасап отырады, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда және мамандарды iрiктеу мен тағайындауда әдiстемелiк көмек көрсетедi.
      1.9. Интернаттың оқу-тәрбие жұмысын, тәрбиеленушiлердiң тұрмыс-жағдайын, қаржы-шаруашылық iсiн, жариялылық принципiмен басқарудың демократиялық формасына сәйкес ұйымдастыру дербестiлiгiн арттыру мақсатында белгiленген тәртiп бойынша өзiн-өзi басқару ұжымдары құрылады.

2. Тәрбиеленушiлердi жалпы бiлiм беретiн мектеп
жанындағы интернаттарға қабылдау және толық
мемлекет қамқорлығына өткiзу тәртiбi

      2.1. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттарға толық мемлекет қамқорлығына:
      а) жетiм балалар;
      ә) колхоздар мен совхоздардың шопандар және басқа да ауылшаруашылығының мемлекеттiк немесе мемлекеттен тыс құрылымдарында ешкi, қой, жылқы, iрi қара мал бағушылардың, таулы және шалғай жайылымдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының шөлдi және шөлейт аудандарын мекендеген жанұялардың балалары қабылданады.
      2.2. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттарда тәрбиеленушiлерге мемлекет тарапынан мекенжай, тамақ, төсек-орын жабдықтары және көпшiлiк пайдаланатын басқа да заттар, ал толық мемлекет қамқорлығына алынған тәрбиеленушiлерге бұдан басқа киiм мен аяқ киiм белгiленген мөлшерге сәйкес берiледi.
      2.3. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттарды тұрғын үймен, жылу және электр жүйелерiмен, тамақпен, оқулықтармен және басқа оқу құрылдарымен жабдықтау, сонымен бiрге қызмет етушiлерге төленетiн ақымен қамтамасыз ету жергiлiктi бюджет арқылы қаралады.
      2.4. Интернатқа тәрбиеленушiлердi қабылдау, құрамында жергiлiктi өкiмет және бiлiм органдары басшыларының орынбасарлары, мектеп директоры, интернат меңгерушiсi, ата-аналар комитетiнiң төрағасы бар комиссияның шешiмiне сәйкес тамыз айының 20-на дейiн жүзеге асырылады.
      Босаған орынға бала қабылдау оқу жылы iшiнде осы комиссия арқылы жүргiзiледi.
      2.5. Интернатқа қабылдауға қажеттi құжаттар: ата-аналардың жұмыс орындарынан олардың материалдық-тұрмыс жағдайлары туралы анықтама, тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi, баланың денсаулығы жөнiндегi анықтама, оқушының жеке қағаздары, ата-анасының баланы интернатқа қабылдау туралы өтiнiшi.
      2.6. Мектеп жанындағы интернаттарда балаларға берiлетiн тағамдармен жеткiлiктi қамтамасыз ету үшiн мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесiнiң, қосымша шаруашылықтың өнiмдерiн пайдалануға болады.
      2.7. Мектеп жанындағы интернаттарды жетiспейтiн мал шаруашылығы өнiмдерiмен, картоп, жемiс және көкөнiстермен, сонымен қатар интернаттар салу, оларды жөндеу, материалдық жағдайларын жақсарту, көлiкпен қамтамасыз ету мақсатында колхоздар мен совхоздарда және басқа ауыл шаруашылығы құрылымдарында шаралар қолданылады.

3. Оқу-тәрбие жұмыстары және тәрбиеленушiлердiң
жағдайын ұйымдастыру

      3.1. Мектеп жанындағы интернатта тұратын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi бекiткен бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес жүргiзiледi.
      3.2. Қазақ ССР-iнiң 13.02.91 жылғы N 743-XIII "Қазақ ССР-iнде агроөнеркәсiп комплексiн және ауылдар мен селоларды дамыту туралы" заңының талаптарына сәйкес алыс жайылымдағы жұмысшылардың балалары жоғары және арнаулы орта оқу орындарына конкурстан тыс қабылдану құқына ие бола алады.
      3.3. Күн тәртiбi балалардың оқуы мен еңбегiн және демалысын педагогика тұрғысынан дәлелдi үлестiру мақсатында тәрбиеленушiлердiң интернатта тәулiк бойы болуын ескере отырып, мекеме кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
      3.4. Тәрбиеленушiлердiң әралуан тәрбиелiк мәнi бар еңбек, спорт, мәдени-көпшiлiк жұмыстарға қатысуы өз еркiмен, ынтасымен және дербестiлiк негiзiнде жүзеге асырылады. Тәрбиеленушiлер ұжымының жұмысы оқушылардың өзiн-өзi басқару негiзiнде жүргiзiледi. Мектеп әкiмшiлiгi, мұғалiмдер, тәрбиешiлер тәрбиеленушiлердiң ынтасын, балалар және жасөспiрiмдер ұйымдарының, оқушылар бiрлестiгiнiң белсендiлiгiн жүзеге асыруға жағдай жасап отырады.
      3.5. Мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушiлерi музыка, көркемөнер және спорт мектептерiнiң сабақтарына кәсiподақ, мәдениағарту, мектептен тыс және басқа мекемелер ұйымдастырған түрлi үйiрмелер мен секцияларға, сонымен қатар мектеп оқушыларымен бiрге түрлi конкурстарға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрмелерге қатыса алады.
      3.6. Оқу жылы бойына тәрбиеленушiлердiң iшiнен құрамында түрлi комиссия төрағалары (оқу, мәдени көпшiлiк, шаруашылық, тазалық т.б.) бар интернат кеңесi сайланады.
      Интернатта оқушылар саны 25-тен жоғары болса, староста және оның бiр-екi көмекшiсi сайланады.
      Тәрбиешiнiң басшылығымен кеңес мүшелерi интернатта, асханада кезекшiлiктi ұйымдастырады, өзiне-өзi қызмет ету жұмыстарының белгiленген күн тәртiбiнiң орындалуын қадағалайды, үлгiрiмi нашар оқушыларға көмектесiп, тәрбиеленушiлердiң бос уақытын көңiлдi өткiзуiне ықпал етедi. Оқу жылының соңында интернат кеңесi тәрбиеленушiлердiң жалпы жиналысында өз жұмыстары жайлы есеп бередi.
      3.7. 4-10 класс оқушылары өздерi тұратын интернат пен оның ауласын таза ұстауға, өзiне-өзi қызмет етуге байланысты барлық жұмысты орындауға мiндеттi, сабақтан тыс уақытта мектеп директорының немесе интернат меңгерушiсiнiң басшылығымен ауыл шаруашылығы жұмыстарына қатысады.
      Балалар денсаулығына қауiптi (санитарлық жүйелердi тазалау, терезелердi жуып-сүрту, шатырдағы қарды түсiру, жылу жүйелерiнде жұмыс жасау т.б.) жұмыстарға оқушыларды жұмсауға рұқсат етiлмейдi.

4. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернатты
басқару. Басшы және педагогикалық қызметкерлер

      4.1. Мектеп жанындағы интернатты мемлекеттiк қоғамдық басқару жариялылық, демократия және өзiн-өзi басқару принципi негiзiнде жүзеге асырылады.
      4.2. Интернаттың барлық қызметкерлерiнiң мiндетi мен құқы лауазым туралы нұсқаумен, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң Ережесiмен анықталады.
      4.3. Мектеп директорына интернат құрылымын, штаттық кестенi бекiту, қаржы мүмкiндiгiне қарай еңбек ақыны төлеу құқы берiледi.
      4.4. Интернаттың оқу-тәрбие, әкiмшiлiк-шаруашылық жұмысына жалпы басшылық жасау мектеп директорына жүктеледi. Интернаттың меңгерушiсi болып жоғары бiлiмi бар, педагогикалық стажы үш жылдан кем емес адам тағайындалады.
      4.5. Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңына сәйкес мектеп жанындағы интернаттарға педагогтарды қабылдау конкурстық негiзде, кейiн келiсiм-шартқа отыру негiзiнде жүргiзiледi.
      4.6. "Қазақ ССР-iнiң агроөнеркәсiп комплексiндегi ауылдар мен селоларды дамыту" туралы Қазақ ССР-iнiң Заңына сәйкес интернат мекемелерiнiң педагог қызметкерлерi отынға, коммуналдық қызметке және электр энергиясына ақы төлеуден босатылады. Жеке меншiгiнде малы бар қызметкерлер ауыл шаруашылығы қызметкерiмен бiрдей жем-шөппен, мал жаятын және шабатын жермен қамтамасыз етiледi.

5. Мектеп жанындағы интернаттың қаржылануы және есебi

      5.1. Жалпы бiлiм беретiн мектеп жанындағы интернаттар сол мектептiң бюджетiне сәйкес қаржыландырылады. Интернат кредитiн интернатта тәрбиеленушiлердiң санына байланыссыз бөлушi мектеп директоры болып есептеледi.
      5.2. Интернат белгiленген мөлшер бойынша қосалқы шаруашылықты, оқушылар кооперативiн құрып, халыққа әр түрi ақылы қызмет көрсете алады. Одан түскен пайда интернаттың жеке қорына құйылады.
      5.3. Мемлекет тарапынан бөлiнген бюджеттi жұмсау, интернаттың жеке қаржысын құру және оны жұмсау, мекеменiң қаржышаруашылық iстерiн анықтау тәртiбi қазiргi кезеңде күшi бар нормативтi құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
      5.4. Жалпы бiлiм беретiн мектептер жанындағы интернат белгiленген жүйе бойынша iс қағаздарын жүргiзедi және бағынатын бiлiм органдарына есеп бередi.
      5.5. Интернаттың жасау-жабдығы мектептiң заттары тiркейтiн кiтапшасының есебiнде болады.
      5.6. Интернаттың жеке мөрi болмайды. Мектеп мөрiн пайдаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады