Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң ҚР тұрғындарының жекелеген санаттағылары мен тұлғаларын медициналық көмекпен қамтамасыз етудегi жеңiлдiктер туралы 1993 жылғы 25.01.N 29 бұйрығына қосымша енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 1993 жылғы 25 қаңтардағы N 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1995 жылғы 3 қазанда тіркелді. Тіркеу N 104. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 8 маусымдағы N 297 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.06.08 N 297 бұйрығымен.

      КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң халықтың жекелеген санаттағылары мен тұлғаларын медициналық қызмет көрсету жөнiндегi бұрын қолданылып келген жеңiлдiктер республика үшiн маңызын қазiр де жоймаған, нормативтi актiлерiне сәйкес бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1993 ж. 01.25 N 29 "Қазақстан Республикасының жеке санаттағылары мен кейбiр тұрғындарын медициналық жеңiлдiктермен қамтамасыз ету туралы" бұйрығына мынандай қосымшалар енгiзiлсiн:
 

      1. "Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiгердiң рецептiсi бойынша дәрi-дәрмек тегiн берiлетiн аурулар түрi мен тұрғындар тобының тiзiмi" деген бөлiмiнiң 1 пунктiне мына сөз қосылсын.
      Көп балалы отбасының 14 жасқа дейiнгi балаларына, ал бала саны төрт және одан көп болса 18 жасқа дейiн.
 

      2. "Амбулаториялық емделу кезiнде медициналық бұйымдармен тегiн қамтамасыз ету" делiнген III пунктке мына сөз қосылсын:
      - I және II топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер (нәжiс, зәр қабылдайтын);
      - Ұлы Отан соғысы мүгедектерi және оларға теңелетiндерге (эластикалық бинт, шұлық, ауыртпайтын ЭТПС-100-1 және ЭТНС-11-2 маркалы стимуляторлар);
      - дәрi-дәрмектердi 50% жеңiлдiкпен алатын зейнеткерлерге нәжiс, зәр қабылдауышты сондай жеңiлдiкпен алады.
      - қант диабетiмен ауыратындар (айына 100 гр. этил спиртiн, 1,0 және 2,0 "Новопен", "Пливапен" шприцтерi мен инелерi);
 

      3. "Амбулаториялық емделу кезiнде дәрiгердiң рецептiсi бойынша жеңiлдетiлген жағдайда дәрi-дәрмек алатын тұрғындар тобының тiзiмi" деген I тармаққа мынандай сөз қосылсын:
      - Арал маңы экологиялық кризис салдарынан (1993 ж. 1 шiлдеден) зардап шегушiлер - дәрi-дәрмек құнының 80% төлейдi;
      Арал маңы экологиялық кризис салдарынан зардап шегушiлер дәрi-дәрмек құнының 70% төлейдi.
 

      4. Ескертулер төменгi редакцияда берiлген:
      - жеңiлдiк рецептiсiмен дәрi-дәрмек алуға қажеттi құжаттар жеңiлдiк құқын куәлейтын куәлiкте оның мәнi (құнының мынандай % немесе "тегiн"), оған мекеме мөрi басылып, сол мекеме басшысының қол қойылады, берiлген осы куәлiкте қай уақытқа дейiн дәрi-дәрмектi жеңiл бағамен немесе тегiн алатындығының мезгiлi қосымша көрсетiледi;
      - тегiн немесе жеңiлдетiлген бағамен дәрi-дәрмек алатын рецепт бойынша сол рецепт берiлген аумақ көлемiндегi қала немесе ауданның дәрiханаларынан ғана алуға болады. Ал мүгедектер мен Ұлы Отан соғысына қатысушылар және жеңiлдiк жөнiнен солармен теңесетiндер, соны мен бiрге бала кезден мүгедектер дәрiлердi тегiн, не жеңiлдетiлген бағамен Қазақстан Республикасы жерiндегi дәрiханалардың қайсысынан болса да алуларына болады. Қаладан тыс мұндай рецептермен дәрi-дәрмектiң құнынан төмен жеңiлдiк бағамен берген де оның шығыны дәрi-дәрмек сататын жергiлiктi денсаулық сақтау мекемелерiнiң есебiнен жүргiзiледi.
 

      5. Бұйрықтың 3 пунктi "Күшiн жойды деп есептелсiн" дей келе, мынандай нұсқаулы құжаттармен толықтырылсын:
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 90 ж. 05.15 N 195 "Чернобыль АЭС апаты зардабын жою жұмыстарына қатынасқандарға әлеуметтiк және медициналық қызмет көрсетудi қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" бұйрығы;
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 90 ж. 11.14. N 442 "СПИД-пен сырқаттанушылар немесе иммун тапшылығы вирусiн жұқтырып алғандардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" бұйрығы;
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 85 ж. 02.28. N 240 "Дәрi-дәрмектердi алуға кететiн шығын мөлшерi туралы" бұйрығы;
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 89 ж. 12.29. N 698 "Кейбiр санаттағы азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсарту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" бұйрығы;
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 90 ж. 03.07. N 102 "КСРО Министрлер Кеңесi қаулысын жариялануы туралы N 161 "КСРО Қорғаныс министрлiгi, КСРО Iшкi iстер министрлiгi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң жұмысшы мен қызметкерлерiнiң әскери мiндеттi өтеуге шақырылған басшы және қатардағы құрамдағы әскери қызметкерлердiң қайтыс болғандарының отбасыларына көрсетiлетiн жеңiлдiктер туралы";
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 89 ж. 10.31 N 592 "Бұрын фашистiк концлагерде тұтқында болғандарға дәрi-дәрмектi тегiн босату туралы";
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 90 ж. 05.10 N 187 "Совет халқының Ұлы Отан соғысының 45 жылдық жеңiсiн мерекелеуге байланысты жүргiзiлетiн шаралар туралы";
      - КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 83 ж. 09.12 N 1071 "Азамат соғысы мен Ұлы Октябрь революциясына қатынасушылардың тұрмысын бұдан әрi жақсартуға шаралар туралы";
      - 30 п. IV тармақшаның IV қосымшасында 56 ж. 11.14 N 1475 дербес зейнеткерлер туралы КСРО Министрлер Кеңесi бекiткен қаулы.
      Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау медициналық көмектi ұйымдастыру Бас басқармасына (Е.М.Мусин) жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрiнiң
      орынбасары

Қазақстан Республикасы тұрғындарының жекелеген
санаттағылары мен тұлғаларына медициналық
көмекпен қамтамасыз етудегi жеңiлдiктер

      Мүгедектердi, тұрғындардың қорғансыз топтары мен кейбiр адамдардың аурудың кейбiр түрлерiнен зардап шегушiлердi әлеуметтiк қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының үкiметi оларға профилактикалық жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтауға және толыққанды өмiр сүруге мүмкiндiк беру мақсатында бiрқатар шаралар жасады:
      "Қазақ КСР-да мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасында 1992-1995 жж. мүгедектердi әлеуметтiк қорғау жөнiндегi Мемлекеттiк бағдарлама, "Арал бойындағы экологиялық апаттан зардап шегушi азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы", Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 4.11.92 ж. N 939 "Дәрi-дәрмектердiң барлық түрлерi мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бөлшек сауда бағасын ырықтандыру туралы заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң 4.12.92 ж. "Көп балалы отбасын әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығы қабылданды.
      Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне, интернационалист-жауынгерлерге, әскери қызметте қайтыс болғандардың отбасына, еңбек мүгедектерiне, бала кезден мүгедек балалар мен азаматтарға, Чернобыль апатынан зардап шегушiлерге, Арал бойындағы экологиялық апаттан зардап шегушiлерге, аурудың кейбiр түрiмен сырқаттанушыларға және медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында бұйырамын:
 

      1. Облыстардағы денсаулық сақтау басқарма (бөлiм) бастықтары, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмшiлiктерi, ғылыми-зерттеу институттардың директорлары, мединституттардың ректорлары "Фармация" РӨБ, Медтехника РӨБТ, "Медснаб" республикалық жергiлiк кәсiпорынның бас директорлары, Қазақстан Республикасындағы мүгедектердi әлеуметтiк қорғау жөнiндегi нұсқау құжаттарды басшылыққа ала отырып орындасын.
 

      2. Облыстық денсаулық сақтау басқарма (бөлiм) бастықтары, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмшiлiктерi, Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, интернационалист-жауынгерлерiн, әскери қызметте қайтыс болғандардың отбасыларын, еңбек және бала кезден мүгедек балалар мен азаматтарды, Чернобыль апатынан, Арал бойы экологиялық апаттан зардап шегушiлердi, аурудың жекелеген түрiмен сырқаттанатындар осы бұйрықтың N 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес медициналық және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудегi жеңiлдiк пен құқығын iске асырсын.
      Мына пункттердiң
 

      3. Күшi жойылды деп есептелсiн:
      3.1. "Амбулаториялық түрде емделетiн жекелеген санаттағы науқастарға дәрi-дәрмектi тегiн беру туралы" КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң N 194 17.02.83 ж. бұйрығы.
      3.2. "Гиппофизарлылық ергежелiлiк және қант диабетiмен ауыратын науқастарға тегiн берiлетiн медициналық дәрi-дәрмектердiң тiзiмiн бекiту туралы" 22.04.81 ж. N 422 КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
      3.3. Отан соғысының мүгедектерi, т.б. мүгедектер, жеңiлдiк жағынан олармен теңесетiндер, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен әскери қызметте қайтыс болғандардың отбасыларына медициналық дәрi-дәрмектiк және санаторлық-курорттық көмектi бұдан әрi жақсарта берудiң шаралары туралы" 03.09.84 ж. N 1015 КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы .
      3.4. "ОК КПСО, КСРО Министрлер Кеңесi мен БСКСО қаулыларының 2 және 3 пункттерiн қолдану тәртiбi туралы, 1985 ж. 14 мамырдағы N 436 "Әскери қызметтен, жұмысшылар, қызметкерлер мен колхозшылардың зейнеткерлiкке шыққандарға, кәрiлiктен, мүгедектiктен немесе асыраушы адамынан айырылғандардың ең төменгi мөлшерде зейнет ақы алатындарына амбулаториялық емделу үшiн дәрi-дәрмек беру тәртiбi туралы КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 85 ж. 11.14. N 1326 бұйрығы.
      3.5. "Бала кезден мүгедектердiң жағдайын бұдан былай жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" 14.05.86 ж. N 660 КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
      3.6. "1988-1989 жж. елiмiздегi денсаулық сақтау iсiн жақсарту жөнiндегi алдыңғы кезектегi шаралар туралы" 03.09.87 ж. N 1001 КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
      3.7. "Дәрi-дәрмектердi тегiн және жеңiлдiкпен босату туралы" 5.03.88 ж. N 06-9/68-9 КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң хаты.
      3.8. "Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлерiне медициналық қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 09.06.88 ж. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы мен 20.07.88 ж. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң хаты.
      3.9. "Интернационалист-жауынгерлерге медициналық қамтамасыз етудi жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" 05.08.88 ж. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
      3.10. "Тұрғындарға әлеуметтiк қызмет көрсету және зейнеткерлердi қамтуды жақсарту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" 29.09.89ж. N 559 КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
      3.11. "Амбулаториялық емделу үшiн дәрi-дәрмектi тегiн алуға құқылы тұрғындар санаты мен аурулар тiзiмi" N 3 қосымша, 29.01.90 ж. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
      3.12. "ҚазССР Министрлер Кеңесiнiң 29.04.90 ж. N 168 қаулысын жүзеге асыру туралы Қаз КСР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 4.06.90 ж. N 364 бұйрығының 2-шi пунктi "Мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатынасушыларға, интернационалист-жауынгерлерге, қайтыс болған әскери қызметкерлердiң отбасыларына қосымша жеңiлдiктер туралы" Қаз КСР Президентiнiң жарлығын жүзеге асыру туралы" Совет халқының Ұлы Отан соғысы жеңiсiнiң 45 жылдығын мерекелеуiне байланысты шаралар туралы" 14.04.1990 ж. N 375 КСРО Министрлер Кеңесiнiң қаулысы, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысы кезiнде Ленинград қоршауында болған азаматтарға жеңiлдiктер туралы" КСРО Министрлер Кеңесiнiң қаулысы.
      3.13. "Ауру адамдарға бiрiншi кезекте пәтер алу құқығын беретiн сырқаттардың тiзiмiн бекiту туралы" КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 83 ж.03.28. N 330 бұйрығы.
      3.14. "Ауру адамдарға бiрiншi кезекте пәтер алу құқығы беретiн сырқаттардың қосымша тiзiмiн бекiту туралы" КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 86 ж.12.23. N 1650 бұйрығы.
      3.15. "Ауру адамдарға бiрiншi кезекте пәтер алу құқығын беретiн сырқаттардың қосымша тiзiмiн бекiту туралы" КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 88 ж.03.5 N 187 бұйрығы.
      3.16. "Ауру адамдарға бiрiншi кезекте пәтер алу құқығын беретiн сырқаттардың қосымша тiзiмiн бекiту туралы" КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 91 ж.06.6. N 152 бұйрығы.
      3.17. "Қосымша пәтер алу құқығын беретiн аурулардың ерекше тiзімi" 77 ж.07.29. Қаз КСР Коммунальдi шаруашылық министрлiгiмен келiсе отырып, Қаз КСР Денсаулық сақтау министрлiгi бекiткен бұйрық (үшiншi басылым).
      3.18. "Қосымша пәтер алу құқығын беретiн аурулардың ерекше тiзiмiне" өзгерiстер енгiзу туралы 1986 ж.02.28. N 154 Қаз КСР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бұйрығы.
 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау министрдiң бiрiншi орынбасары Е.Қ.Арғымбаевқа жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрi

                                               Қазақстан Республикасы  
                                           Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
                                             1993 ж. 01.25. N 29 бұйрығына
                                                     N 1 қосымша
 

Дәрiгерлiк көмек алудағы құқық пен жеңiлдiктер
 

       1. Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мынаған құқылы:
      - мемлекеттiк амбулаториялық-емханалық мекемелерде тегiн қызмет көрсету артықшылықтарына;
      - Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталiне, ауруханаларға кезектен тыс жатып емделуге;
      - зейнеткерлiкке шыққан соң да бұрын жұмыс iстеп жүрген кезiнде бекiтiлген емханада тегiн емделуге;
      - тiс протездерiн тегiн жасауға және жөндетуге (асыл металдардан басқасы), сондай-ақ протездер және басқадай ортопедиялық-протездер жасатуға;
      - дәрiгердiң тағайындауы бойынша дәрi-дәрмекпен тегiн қамтамасыз етiп және дәрiнi үйге әкеп беруге;
      - жұмыс iстеп жүрген мүгедектер, жұмыс стажының үзiлгендiгiне қарамай уақытша жұмысқа жарамсыздық (ауырған) кезiнде 100% мөлшерiнде, ал жалпы ауруда төрт ай қатарынан бес ай бойы күнтiзбелiк жылда толық жәрдем ақы алуға;
      - жыл сайын өзiне қолайлы мезгiлде ақылы еңбек демалысын алуға және еңбек ақысыз жылына бiр рет 4 апталық қосымша демалыс алуға және санаторияда емделуге бару, қайту жолына қосымша демалысы жетпеген жағдайда, керек күндерге еңбекке жарамсыздық қағаз алып ондағы көрсетiлген күндерге жолдаманы кiмнiң бергенi, кiмнiң есебiнен екендiгiне қарамай мемлекеттiк әлеуметтiк-сақтандыру жүйесi бойынша төленуге тиiс;
      - жұмыс iстеп жүрген жерi санаторияда, курортты-амбулаторлық емделуге бiрiншi кезекте тегiн жолдама беруге, ал балалары балаларды сауықтыру мекемелерiне баратын жолдамамен қамтамасыз етiлуге, жұмыс iстемейтiн мүгедектер әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, Қорғаныс министрлiгi Мемлекеттiк қауiпсiздiк және iшкi iстер органдары нұсқауына сәйкес тегiн жолдама беруге немесе қолданылып жүрген заң бойынша жылына бiр рет тиiстi мөлшерде көмек ақша алуға құқылы.
 

      2. Ұлы Отан соғысына қатынасушылар мынандай жеңiлдiктерге ие:
      - зейнеткерлiкке шыққанға дейiн пайдаланып келген мемлекеттiк және муниципальдi ауруханалық емдеу мекемелерiне Отан соғысы мүгедектерiне арналған госпитальдарда тегiн медициналық көмектi басқалардан бұрын алуға;
      - Қазақстан Республикасы аумағы бойынша дәрiгерлiк рецептен басқалардан бұрын тегiн дәрi алуға, тұратын жерiне, мекен-жайына қарай дәрiханалардың бiрiне бекiтiлуге, дәрiгердiң рецептiсiмен дәрiнi үйге алуға;
      - басқалардан бұрын тегiн тiс протезiн жасатуға (асыл металдардан басқа);
      - жұмыс iстеп жүрген жерi санаторияға, профилакторияға, демалыс үйiне жолдама беруге, сондай-ақ санаторлық-курортты мекемелерге жеңiл бағамен жолдама алуға;
      - қазан, сәуiр айлары аралығында медициналық көрсету бойынша амбулаторлық-курорттық түрде емделуге және пансионатта жатуға;
 

      3. Чернобыль АЭС апатының аймақтық зардабын жоюға қатынасқандар мынаған құқылы:
      - емдеу-профилактикалық мекемелер мен дәрiханалардың көрсететiн қызметiн бiрiншi кезекте пайдалануға;
      - дәрiгердiң рецептiсi бойынша дәрiнi тегiн алуға;
      - жыл сайын санаторлық-курортты емделуге немесе жолдама құнының орташа есеппен ақшасын алуға;
      - тұратын жерiнен емделетiн жерге дейiн таксиден басқа көлiкпен тегiн баруға;
      - тiс протезiн тегiн жасатып, тегiн жөндетуге (асыл металдардан басқа);
      - уақытша жұмысқа жарамсыздық кезде, жұмыс стажының үздiксiз, үздiктiлiгiне байланыссыз еңбек ақысын 100% мөлшерiнде алуға;
      - жұмыс iстеп жүрген мүгедектерге уақытша еңбекке жарамсыздық кезiнде 4 ай қатарынан немесе 5 ай бойы күнтiзбелiк жылда ақы төленуге тиiс;
      - жұмыс iстеп жүрген кезiндегi бекiтiлген емхананы зейнеткерлiкке шыққаннан соң да пайдалануына, ал жұмыс ауыстырған жағдайда да сол емханаға бекiтiлуге құқылы.
 

      4. Арал бойын экологиялық апат зардабын шегушi мүгедектер мен зейнеткерлер және 1993 ж. 1 қаңтарынан сонда тұратындарға арналған жеңiлдiктер:
      - дәрiгердiң рецептiсi бойынша тегiн дәрi-дәрмек алуға;
      - тегiн тiс (қымбат металдан басқа) жасатуға және тiс протездерiн жөндетуге;
      - жұмыс орны немесе тұратын тұрғылықты жерiнен дәрiгерлiк көрсеткiш бойынша тегiн санаторлық-курортты жолдама алуға;
      - экологиялық апат салдарынан мүгедек болып қалғандар асыраушы адамынан айырылғандар мынандай мөлшерде бiр жолғы көмек ақша алады:
      I топтағы мүгедектерге - 2 жыл көлемiндегi ең төменгi еңбек ақы;
      II топтағы мүгедектерге - 1,5 жыл көлемiндегi ең төменгi еңбек ақы;
      III топтағы мүгедектерге - 1 жыл көлемiндегi ең төменгi еңбек ақы;
      асыраушы адамынан айырылған отбасыларға - 2 жыл көлемiнде ең төменгi еңбек ақы;
      Жыл сайын сауықтыру үшiн мынандай мөлшерде еңбек ақы берiледi:
      I және II топтағы мүгедектерге - 3 айлық мөлшерде ең төменгi еңбек ақы;
      III топтағы мүгедектерге - 2 айлық мөлшерiнде ең төменгi еңбек ақы;
 

      4.1. 1993 ж. 1 қаңтарынан экологиялық апат аймағында тұратын әйелдер:
      - босануға дейiнгi демалысты экологиялық апат аймағынан сырт емдеу сауықтыру мекемелерiнде өткiзуге;
      - бала туғанда ең төменгi еңбек ақының 4 айлық мөлшерiн алуға;
      - диспансерлiк есептегi балаларға берiлетiн азық-түлiктiң 50 процентiнiң ақшасын алуға;
      - балаларды жыл сайын тегiн (медициналық көрсеткiш бойынша) мамандандырылған балаларды емдеу мекемелерiне немесе санаторлық үлгiдегi немесе басқадай сауықтыру мекемелерiне денсаулықтарын түзетуге жiберуге құқылы.
      - медициналық мекеменiң жiберуi бойынша науқас баланы (санаторлы-курортты) емдетуге республика аумағы iшiнде тегiн, егер баланың анасы бара алмайтын жағдайда онда бұл жеңiлдiктi баланы ертiп апаратын адамның пайдалануына болады.
 

      4.2. 1993 ж. 1 қаңтарынан экологиялық апат зардабын шегушiлерге арналған жеңiлдiктер:
      - дәрi алуға (дәрiгердiң рецептiсiмен) құнынан 30 процент төмен ақша төлем (қымбат металдан басқа) тiс жасатуға және тiс протездерiн жөндетуге;
      - жыл сайын алдыңғы кезекте тұратын жерi немесе жұмыс орнынан (медициналық көрсеткiшімен) санаторлық-курорттық жолдама алуға болады.
 

      4.3. 1993 ж. 1 шiлдеден экологиялық апат зардабын тартушылар:
      - дәрi алуға (дәрiгердiң рецептiсiмен, 20 процентке түсiрiлген бағамен тiстi протездеуге (қымбат металдардан басқа);
      - жыл сайын жұмыс орнынан немесе тұратын жерiнен (медициналық көрсеткiш бойынша) санаторлық-курорттық жолдама алуға болады.
 

      5. 18 жасқа дейiн төрт немесе одан да көп балалы отбасыларына бекiтiлген жеңiлдiктер:
      - көп балалы аналар тегiн тiс жасатуға және (қымбат металдардан басқа) тiс протездерiн жөндетуге;
      - 14 жасқа дейiнгi балалар үшiн дәрiгердiң рецептiсiмен тегiн дәрi алуға,
      - санаторийге, профилакторияға, демалыс үйiне, пионер лагерiне баратын жолдаманы жұмыс орны қамтамасыз ету ерекшелiгiне құқылы.
      - ведомстволық мекемеге байланыссыз мектепке дейiнгi балаларды емдеу мекемелерi немесе санаторлық үлгiдегi немесе басқадай сауықтыру мекемелерi орнымен балаларды кезектен тыс қамтамасыз етедi.
 

          "Қазақстан Республикасы тұрғындарының жекелеген
          санаттағылары мен тұлғаларын медициналық
          жеңiлдiкпен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан
          Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
          92 ж.01.25. N 29 бұйрығына қосымша енгiзу туралы
 

       Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси зұлмат құрбандарын ақтау туралы" 1993 жыл 14 сәуiрдегi Заңына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жаппай және саяси зұлмат құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын iске асыру туралы 1993 жыл 14 сәуiрдегi N 2744 қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерiне қосымша әлеуметтiк қамқорлық шаралары туралы 94 жыл 15 шiлдедегi N 1804 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердi және соларға теңесетiн тұлғаларды әлеуметтiк қорғау мен жеңiлдiктер туралы 95 жыл 28 сәуiрдегi Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентi аппаратының басшысы мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Кеңес Одағы Батырлары мен үш мәрте Даңқ орденiн алған азаматтарға әлеуметтiк жеңiлдiктер туралы" 94 жыл 05.12 N 35-35/28 хатына және бұрынғы КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң жекелеген тұрғындар тобы мен ауру санаттағыларын медициналық жеңiлдiкпен қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтi актiлерiне, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 94 ж.12.12. N 20-16/5118 хатына, Қазақстан Республикасының 92 ж.07.01. N 1473-ХII тұрғын үй Кодексiне сай бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасы тұрғындарының жекелеген санаттағылары мен тұлғаларын медициналық жеңiлдiкпен қамтамасыз ету туралы" 93 ж.01.25 N 29 бұйрығына төмендегi қосымшалар енгiзiлсiн.
 

      1.1. 3-пункттегi "Күшi жойылған деп саналсын" дегенге төмендегi тармақтар енгiзiлсiн.
      3.19. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Тiстi тегiн протездеу туралы" 1974 жылғы 10.30 N 02-14/8 хаты.
      3.20. КСРО Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 1946 ж.07.03. "Тiстi тегiн протездеу туралы тәртiбi".
 

      1.2. "Ұлы Отан соғысының мүгедектерiнiң құқығы" бұйрығының 1 пунктiне N 1 сөйлемге:
      - егер жанардан айрылу және кiсi бетiнiң кемшiлiгi соғыс жарақатына байланысты болса, онда көз, ауыз және жақ сүйегi протезiн тегiн салуға;
      - дәрiгер рецептiсi бойынша есту аппараты және көзiлдiрiк әйнегiмен тегiн қамтамасыз етуге;
      - дәрiгерлiк қорытынды бойынша жылына бiр рет санаторий жолдамасымен қамтамасыз етуге;
      - жыл сайынғы демалысты өзiне қолайлы пайдалануға, сонымен қатар жылына 2 апталық жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алуға;
 

      1.3. N 1 бұйрықтың 2 қосымшасының пунктiне "Ұлы Отан соғысына қатынасушылар жеңiлдiктерге құқысы бар" дегенге:
      - дәрiгер рецептiсi бойынша есту аппараты және көзiлдiрiк әйнегiмен тегiн қамтамасыз етiлуге;
      - дәрiгер қорытындысы бойынша жылына бiр рет санаторийге тегiн жолдама алуға;
 

      1.4. "Медициналық қызмет көрсетудiң құқысы мен жеңiлдiктерi" бұйрығының N 1 қосымшасына 6-II пункт енгiзiлсiн.
 

      6. Ұлы Отан соғысына қатынасқан Кеңес Одағы Батыры мен үш мәрте Даңқ орденiн алғандар төмендегi жеңiлдiктерге құқылы:
      - мемлекеттiк амбулаториялық-емханалық мекемелерде басқалардан басым болып тегiн қызмет алуға;
      - ауруханаларға кезексiз жатуға және ауруханада оның iшiнде Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне арналған госпитальдарына тегiн ем қабылдауға;
      - жұмыс iстеп жүрген кезде тiркелген емхананы зейнеткерлiкке шыққаннан соң да тегiн пайдалануға;
      - тiс протезiн тегiн салуға және жөндетуге (асыл металдан жасалған протезден басқасын), сонымен қатар бекiтiлген тәртiп бойынша протезбен және басқа протездiк-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етiлуге;
      - дәрiгердiң рецептiсi бойынша дәрiмен тегiн қамтамасыз ету, дәрiгерлiк қорытынды бойынша дәрiнi үйге тегiн жеткiзiп беруге;
      - санаторий, сауықтыру және демалыс үйлерiне жұмыс iстеп жүрген жерi бойынша тегiн жолдамамен бiрiншi кезекте қамтамасыз етуге;
 

      7. Соғысқа қатынасқандардың жеңiлдiктерi мен гарантиясына теңестiрiлетiн адамдар құқылы:
      - дәрiгер рецептiсi бойынша тегiн дәрiлермен қамтамасыз етiлуге;
      - жұмыс iстеп жүрген жердiң емдеу мекемесiнiң қорытындысы бойынша, ал зейнеткерге-зейнетақы төлейтiн органдар арқылы жыл сайын тегiн санаторий-курорт жолдамасымен емделуге;
      - жұмыс iстеп жүргенде тiркелген емханаға зейнеткерлiкке шыққаннан соң да емделе беруге;
      - амбулаториялық-емханалық мекемелердi қызметiн басқалардан басым болып пайдалануға және ауруханаға кезексiз жатуға;
      - мемлекеттiк емделу-профилактикалық мекемелерiнiң бiлiктi көмегiн кезексiз және тегiн пайдалануға;
      - тiс протезiн тегiн жасатуға және жөндетуге (асыл металдан басқасын), сонымен қатар протезбен және протездiк-ортопедтiк бұйымдармен тегiн жабдықтауға;
      - ауру салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болғанда төрт айға дейiн (қатарынан) немесе күнтiзбелiк жылда бес айға жәрдем алуға;
      - уақытша еңбекке жарамсыз болғанда еңбек стажына қарамай жалақының 100% мөлшерiнде жәрдем алуға;
 

      8. Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша соғысқа қатынасқандармен теңестiрiлген басқа тұлғалар төмендегiше жеңiлдiк пен кепiлдiкке құқылы.
 

      8.1. Қаза болған әскери қызметкерлердiң отбасы төмендегiлерге құқылы:
      - дәрiгер рецептiсi бойынша тегiн дәрiмен қамтылуға;
      - Ауғанстанда азаматтық мiндетiн өтеп жүргенде қаза болған немесе жарақат, контузия, мүгедектiк немесе ауру салдарынан өлген әскери қызметкердiң әйелдерi жұмыс iстеп жүрген жерiнен басқалардан басым болып қамтамасыз етiлуге, немесе сол жауынгерлердiң балаларын бағып-қағатын басқа кiсiлер сол балалармен бiрге демалыс үйiнде және пансионатта демалуға жолдама алуға, сонымен қатар әскерилердiң перзенттерi балалар профилактикалық мекемесiне жолдама алуға;
      - жұмыс iстеп жүргенде тiркелген емханаға зейнеткерлiкке шыққан соң да емделе беруге;
      - амбулаториялық-емханалық мекемелердiң қызметiн басқалардан басым болып пайдалануға және ауруханаға кезексiз жатуға;
      - мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерiнiң бiлiктi көмегiн кезексiз және тегiн пайдалануға;
      - жыл сайынғы кезектi демалысты өзiне қолайлы кезде пайдалануға, сонымен бiрге жылына 2 апталық жалақы сақталмайтын қосымша демалыс алуға ерiктi.
 

      8.2. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери жанқияр қызмет атқарғаны және еңбектегi ерлiгi үшiн КСРО ордендерi мен медальдерi мен наградталған сонымен бiрге 1988-1989 жылдары АЭС (Чернобыль) апаты зардаптарын жоюға қатынасқан, апат аймағынан Қазақстан Республикасына көшiрiлген (еркiмен ауған) және жол үстiнде құрсақта болған адамдарға жеңiлдiк төмендегiше:
      - еңбек еткен кезiнде емханаларға зейнеткерлiкке шыққаннан соң да емделуге;
      - дәрiгер рецептiсi бойынша дәрi бағасының 50% төлеуге құқылы.
 

      8.3. 1979 жыл 12.01 мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға тағы басқа соғыс жүрiп жатқан елдерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметкерлерге төмендегiше құқық берiледi:
      - жұмыс iстеп жүргенде тiркелген емханасына зейнеткерлiкке шыққаннан соң да емделуге;
      - жұмыс iстейтiн жерiнде басқалардан басым құқықпен санаторий, сауықтыру және демалыс үйлерiне жолдама алуға;
 

      8.4. Ауғанстан көлемiнде уақытша болған мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң жұмысшысы мен қызметкерi және кеңес әскерiнiң шектеулi құрамына уақытша енбеген кiсiлерге берiлетiн жеңiлдiктер:
      - тiс протезiн тегiн жасатуға әрi жөндетуге, сонымен бiрге протезбен және протез-ортопедтiк бұйымдармен тегiн жабдықтауға;
      - жұмыс iстейтiн жерiнде санаторийге, профилактикалық, демалыс үйлерiне басым құқықпен жолдама алуға;
 

      9. Жеңiлдiгi мен кепiлдiгi соғыс мүгедегiне теңестiрiлген тұлғалар төмендегi құқыққа ие:
      - дәрiгер рецептiсi бойынша тегiн дәрiмен емделедi,
      - жұмыс iстеп жүрген жердiң емдеу мекемесiнiң қорытындысы бойынша, ол жұмыс iстемейтiндерге - зейнетақы төлейтiн органдар арқылы жыл сайын тегiн санаторий-курорт жолдамасын алады;
      - жұмыс iстеп жүргенде тiркелген емханаға зейнеткерлiкке шыққаннан соң да емделедi;
      - амбулаториялық-емханалық мекемелердiң қызметiн басқалардан басым болып пайдалануға және ауруханаға кезексiз жатуға;
      - тiс протезiн тегiн жасатады және жөндетедi (асыл металл протезiнен басқасын), сонымен бiрге, протезбен және протездiк-ортопедтiк бұйымдармен тегiн жабдықталады;
      - дәрiгер рецептiсi бойынша есту аппараттары және көзiлдiрiк оптикасымен тегiн жабдықталады;
      - ауру салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болғанда қатарынан төрт айға дейiн немесе күнтiзбелiк жылда бес айға жәрдем алады;
      - уақытша еңбекке жарамсыз болғанда еңбек стажына қарамай жалақысының 100% мөлшерiндей жәрдем алады;
 

      10. Жаппай саяси зұлмат құрбандары төмендегiше жәрдемге құқылы,
      - жұмыс орнынан санаторийге, сауықтыру, демалыс үйлерiне жолдамамен басым жабдықталады, әрi ол жолдаманы басым жеңiлдiкпен сатып алады;
      - медициналық жәрдем, дәрi алу, емханалық бақылау және мемлекеттiк емдеу-профилактикалық мекемелерiнде жатып емделу бiрiншi кезекте өтедi;
      - дәрiгердiң рецептiсi бойынша алынған дәрiнiң 50% құны шегерiледi (құқық бұзушылықтан мүгедек болған немесе бас бостандығын алғаннан кейiн ауырған жағдайда басқасы);
      - тiс протезi тегiн жасалады әрi жөнделедi (асыл металдан басқа протез-ортопедтiк заттар жеңiлдiкпен қамтамасыз етiледi.
 

      11. Қарттығына байланысты зейнеткерлерге және дербес зейнеткерлер, I және II топтағы еңбек мүгедектерi төмендегi жеңiлдiктi пайдаланады;
 

      11.1. Тiс, жақ сүйегi, бет және көз (алтыннан протез жасаудан басқасы) тегiн протезделедi.
 

      11.2. Қарттығы бойынша зейнетақы алатын әскери есептегiлер, жұмысшылар, қызметкерлер, ұжым мүшелерi, мүгедектiгi бойынша немесе аз мөлшерде жәрдем алатын асыраушысынан айырылған зейнеткерлер дәрiнi 50% арзан бағамен алады.
 

      11.3. Дербес зейнеткерлер құны 20% арзандатылған дәрiнi алады.
 

      11.4. 3 пункттiң 3.3. тармақтары "Қосымша тұрғын үй көлемiне ерiк беретiн ауру тiзiмi" дегендi "12 аптадан артық болғанда көтерген құрсағы" деп түзетiледi (көтерген құрсағы 12 аптадан артық болса).
 

       Министр

                                              Қазақстан Республикасы
                                           Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
                                            1993 ж. 01.25. N 29 бұйрығына
                                                     N 2 қосымша
 

Амбулаториялық емделу кезiнде дәрiгердiң рецептi
бойынша дәрi-дәрмек тегiн босатылатын аурулардың
түрлерi мен тұрғындар тобының
Тiзiмi
 

       I. Тұрғындар тобы.
      Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен оларға теңестiрiлген мүгедектер:
      16 жасқа дейiнгi бала кезден мүгедек балалар;
      3 жасқа дейiнгi балалар;
      Ұлы Отан соғысына қатынасқандар, сонымен бiрге әскери қызметкерлердiң әйелдерi мен ата-аналары, КСРО-ны қорғау кезiнде немесе әскери мiндеттi атқару үстiнде алған жарақаттан қайтыс болған, контузия алып, зақымданғандар немесе соғысқа барған кезде ауруға шалдыққандар;
      Бұрынғы әскери қызметкерлер-интернационалистер, Ауғанстан немесе басқа елдер аумағындағы соғысқа қатынасқандар;
      Кәмелеттiк жасқа толмай (16 жаста босатылғандар) фашист концлагерiнде тұтқында болғандар;
      Чернобыль АЭС апаты зардабына шегушi балалар;
      Чернобыль АЭС апаты салдарынан немесе онда жұмыс iстегендердiң iшiнде сәуле дертiне шалдыққандары, осы апат салдарынан немесе ондағы зардапты жою үшiн жұмыс iстегендiктен мүгедек болып қалғандар;
      Чернобыль АЭС апатынан немесе онда жұмыс iстегендiктен өлген азаматтардың отбасылары;
      Арал бойындағы экологиялық апат аймағында тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер;

      II. Санаттағы аурулар
      Онкологиялық және қан аурулары;
      Қантты, қансыз диабет;
      Ревматизм (рецидивке қарсы емдеу үшiн бициллин)
      Буындардың сырқырап ауруы;
      Жүрек қақпақшаларына операция жасағаннан кейiнгi жағдай (антико-агулянттар);
      Асқынған порфирия (аденил препараты, отандық фосфордин);
      Бруцеллездiң ауыр түрi (антибиотиктер);
      Психикалық аурулар (I және II топтағы мүгедектер, сонымен бiрге психиатриялық және психоневрологиялық мекемелердiң емдiк-өндiрiстiк шеберханасында жұмыс iстейтiн науқастар);
      Денеге қолдырап шығатын қызыл бөртпе, терi ауруының созылмалы ауыр түрi;
      Мерез;
      Лепра;
      Туберкулез;
      Аддисон ауруы;
      Ақыл-есiнен адасқан және қояншық ауруы;
      Гепатоцеребральдi дистрофия және фенилкетонурия;
      Муковисцидоз (ауру балаларға);
      Өкпе демiкпесi;
      Дизентерия;
      Гипофизарлық ергежейлiлiк;
      Бүйрекке операция жасағаннан кейiнгi жағдай;
      Бехтерев ауруы;
      Паркинсон ауруы;
      Миастения;
      Миопатия;
      Маридiң мишық атаксиясы;
      Балалардың сал ауруы;
      Жыныс мүшесiнiң ерте жетiлуi;
      СПИД, оның вирусын жұқтырып алушылар;
      Жүрекке, бүйрекке жасалған операциядан соңғы жағдай;
      Жүрек инфарктiсi (алдыңғы алты ай);

      III. Амбулаториялық емделу кезiнде медициналық
      бұйымдармен тегiн қамтамасыз ету

      Ұлы Отан соғысының мүгедектерi және оларға теңелгендерге керектi заттар (нәжiс, зәр қабылдағыштар, емдiк белдемшелер "Варитекс", "Жибо"), магнитафонды аппликаторлар, телескопиялық көзiлдiрiк, медициналық сүлiк, минерал сулары (шишасына ғана төлейдi), дәрiлiк өсiмдiктер, Ұлы Отан соғысы мүгедектерi хирургиялық ауруларды таңатын материалдарды тегiн алады;

      IV. Амбулаториялық емделу кезiнде дәрiгердiң
      рецептiсi бойынша жеңiлдiк жағдайда дәрi-дәрмек
      алатын тұрғындар тобы

      1. 50% төлейтiндер:
      Ленинград қоршауы кезiнде қаладағы кәсiпорында жұмыс iстеген және "За оборону Ленинграда" медалiмен наградталған азаматтар;
      Кәсiби жұмысқа байланысты немесе жалпы ауру зардабынан I және II топтағы мүгедектер;
      Көмек ақы алатын I және II топтағы бала кезден мүгедектер;
      Әскери қызметте iстеген зейнеткерлер, жұмысшылар, қызметкерлер, колхозшылар, кәрiлiктен зейнет ақы алушылар, мүгедектер мен асыраушы адамынан айрылып ең аз еңбек ақы мөлшерiнде жәрдем ақы алушылар;
      Ұлы Отан соғысында адал еңбек сiңiрген әскери қызметкерлер мен тылда еңбек еткендердiң қажырлы еңбегi үшiн КСРО-ның ордендерi және медальдарымен наградталған зейнеткерлер;
      Ленинград қалалық кеңесi халық депутаттары атқару комитетiнiң "Жителю блокадного Ленинграда" белгiсiмен наградталған азаматтар;
      1986-1987 жж. Чернобыль АЭС зардабын жою жөнiндегi жұмысқа қатынасқандар;
      КСРО Қорғаныс министрлiгi, КСРО Iшкi iстер министрлiгi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерлерi мен жұмысшылары, әскери мiндеттi атқаруға шақырылғандардың әскери қызметте бастық немесе қатардағы құрамда қызмет еткендердiң отбасы мүшелерi;
      Қоғамдық тәртiптi сақтау кезiнде қоғамға қаржы жұмыс жүргiзуге байланысты төтенше жағдайда қайтыс болғандардың отбасы мүшелерi;
      30-40 жылдары 50ж. басында негiзсiз қылмыстық жауапкершiлiкке тартылған және басқадай сотталуға тап болған және әлеуметтiк-саяси жаламен сотсыз-ақ репрессияға ұшырағандар бас бостандығынан ажыраған кезде ауруға шалдыққандықтан мүгедек болып қалғандар (құқықтыққа қарсы әрекет кезiнде мүгедек болғандар мен босатылғаннан кейiн жалпы аурудан мүгедек болып қалғандардан басқасы) және өлгеннен кейiн ақталғандардың басқа ерге шықпаған жесiрлерi;
 

      2. 20 процент төлейтiндер:
      Дербес зейнеткерлер мен олардың отбасы мүшелерi.

                                              Қазақстан Республикасы     
                                          Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 
                                            1993 ж. 01.20. 29 бұйрығына
                                                     N 3 қосымша
 

Бiрiншi кезекте үй алу құқын беретiн ауру түрлерiнiң
Тiзiмi
 

       1.1. Барлық ағзалардың ашық түрдегi, үнемi туберкулез таяқшасын бөлетiн туберкулез.
 

      1.2. Созылмалы психикалық аурулар, психикалық белгiлердiң басымдылығы және адамның өзгергендiгi (шизофрения, маникальдi-депрессивтi психоз, қояншық, пресенильдi және сенильдi психоздар).
 

      1.3. Орталық жүйке жүйесiнiң органикалық зақымданып және сүйек, жамбас құрылысының ауыр зардаптануы (бас сүйегi - ми жарақаты, жұлын мен омыртқа жарақаты, күрделi склероз, Бүкiр амиотрофикалық склерозы, сирин гомиелия, балалардың целебральдi параличi.
 

      1.4. Проказа
 

      1.5. Нәжiс, зәр жолдары мен қынаптың тесiлген қаяуы, қуық iсiгi стомаға айналған түрi, тiк iшектiң табиғи тесiгiнiң өзгеруi.
 

      1.6. Тронх демiктесiнiң асқынып тез ұстайтын түрi. Дем алудың жетiспеушiлiгi II-III стадиялары.
 

      1.7. Гемофилия және Виллебрант ауруы.
 

      1.8. Жүйке, бұлшық еттерiнiң семуiнiң тұқым қуалаушылық ауыр түрi.
 

      1.9. Муковиецедоз.
 

      1.10. I типтi қант диабетiнiң орташа және ауыр түрi.

II. Ауруына байланысты бiрiншi кезекте
үй алуға құқылы тұрғындар тобының
Тiзiмi

      2.1. Чернобыль апатына және Семей полигон сынағы, сондай-ақ азаматтық және әскери құқықтағы жерде ядролық сынақ зардабынан денсаулықтарына нұқсан келгендiгiн ДЭЕК анықтаған азаматтар.
 

      2.2. Арал экологиялық апаты салдарынан I және II топтағы мүгедектер қоныс аударған жағдайда, Алматы қаласы мен облыс орталықтарынан басқа жерге барса ғана үй алуға құқылы.

III. Қосымша тұрғын алаң беруге болатын аурулар 
Тiзiмi

      3.1. Ауруына және жағдайына байланысты жеке бөлме беруге болатын аурулар:
 

      3.1.1. Маңайдағыларға жұғуы қауiптi аурулар:
      - бiрнеше рет лабораториялық бақылау арқылы анықталған үнемi туберкулез таяқшасын бөлiп отыратын ашық түрдегi өкпе және басқа ағзалар туберкулезi;
      - Проказа.
 

      3.1.2. Дертi бiр үйде бiрге тұратын үй-iшiндегiлерге қауiптi науқас;
      - Созылмалы психикалық дерт белгiлерi бар, тұрақты психикалық симтомдары бар ақыл-есi өзгерген тұлғалар;
      а) шизофрения;
      б) эмилепсия (жиi ұстайтын түрi, ақыл-есi өзгерген) ауруханалық анықтамасы болған жағдайда;
      в) Орталық жүйке жүйесi органикалық зақымдалғанда (психоздар, ақыл-есiнiң азайғанының созылмалы түрiне, есалаң және жиi ұстайтын талмаларға);
      г) Пресенильдi және сенильдi психоздар;
      д) Жиi қайталайтын маникальдi-депрессивтi психоз;
      е) Есi өзгерген деноминсациаланған психопаттар;
      ж) Имбецильдi және нақұрыстық олигофрения мен мәжбүндер.
 

      3.1.3. Ем қонбайтын аурудың салдарынан ондай науқаспенбiрге тұру басқаға қиын жағдайда;
      а) Нәжiс пен зәр жолының тесiлген қаяуы, сонымен бiрге үлкен және кiшi дәретiн ұстай алмайтын ауруға;
      б) Қатерлi iсiк қауiптi (радикальдi емделiнген және асқынып тесiлген, сәуле әсерiнiң күйiк алған науқастарға;
      в) Созылмалы терi ауруының (ауруларының) жайылған түрiнен зардап шеккендер, атап айтқанда: созылмалы бластомикоз, коксидиосидез, хромомикоз, күлбiрлеу, сонымен бiрге тез түлейтiн эритродермия;
      г) Қол-аяқ сүйектерiнiң гангренасы;
      д) Орталық жүйке жүйесiнiң органикалық зақымдануы және қол аяқ сүйектерiнiң шат қуысы ағзаларының қызметi бұзылғанда;
 

      3.2. Қосымша 18 ш.м. алаң беруге болатын аурулар.
      а) Өкпе және басқа ағзалардың ашық түрдегi туберкулезi;
      б) Өкпе эмфиземасы бронхэктоз ауруы, өкпенiң iрiңдеуi зардабынан дем алу қызметiнiң бұзылуы;
      в) Жүрек қызметiнiң созылмалы ауруы салдарынан II және III дәрежедегi қан айналымының бұзылуы мен ревматикалық жүрек ақауы, жүрек инфарктiсi, жүректiң талма ауруы (қан ауруы аққан, агранулоцитоз, Верльгоф ауруы, гемофилия, гипопластикалық анемия, бүйрек аурулары),
 

      3.3. Жүктiлiктiң екiншi кезеңi (20-21 аптадан жоғарғысы).

                                               Қазақстан Республикасы    
                                           Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
                                              1993 ж. 01.25 N 29 бұйрығына
                                                      N 4 қосымша
 

I. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына қажеттi техникалық және
басқа да жабдықтар алуына керектi медициналық анықтамалар
Тiзiмi

      1. Бөлме iшiнде жүруге жайлы арба;
      - қан айналымының III дәрежедегi созылмалы жеткiлiксiздiгi;
      - өкпе, жүрек қызметiнiң III дәрежелi жеткiлiксiздiгi;
      - гемиплегия, гемипарез, парплегия, төменгi парапрез, тетраплегия, трипарез, тетрапарез;
      - күрделi атаксия, гиперкинетикалық амниостатикалық синдром:
      - екi аяқтың тiзеден жоғары кесiлуi және бұдан да жоғары деңгейдегi ампутациялар.
 

      2. Серуендеуге арналған жылжымалы арба;
      - гемиплегия, гемипарез, паралегия, төменгi парапарез, триплегия, тетраплегия, трипарез, тетрапарез, екi аяқтың тiзеден жоғары кесiлуi және бұдан да жоғары деңгейдегi ампутациялар;
 

      3. Автомототранспорт:
      - өкпе, жүрек қызметiнiң II дәрежедегi жеткiлiксiздiгi;
      - аяқ сүйектерiнiң бiрiнiң салдануы немесе парез, параплегия, күрделi парапарез болса;
      - гемиплегия күрделi гемипарез;
      - аяқ қол тамырларындағы өзгерiстерден болатын (ромбооблитерит) I және II дәрежедегi артериялық жетiспеушiлiк;
      - екi аяқтың веналық тамырларының II және III дәрежедегi созылмалы жетiспеушiлiгi;
      - көптеген анкилоздар мен күрделi контратуралардың бiр аяқтың екi немесе одан да көп буындарында болуы және аяқта да болуы;
      - екi аяқтың табан сүйектерiнiң Шарп бойынша кесiлуi және бұдан да жоғарғы деңгейде болған оталау;
      - оталған жiлiншiк, аяқта бұдан жоғары жасалған ампутация;
      - туа немесе жүре пайда болған ұшықтың шығуы;
      - ұшықтың немесе тiзе буының қатты босаңсуы;
      - аниклоз немесе ұшақ буыны жұмысының қимылсыз қалуы немесе қимылы 10 градустан аспауы;
      - анкилоз немесе тiзе буыны жұмысының ыңғайсыз жағдайда сiресiп орнына келмей қалуы (бүгiлу бұрышы 150-170 көп);
      - екi бiрдей жамбас сүйегiнiң және жiлiк сүйектерiнiң дұрыс-бiтпеуi салдарынан 170 кем жағдайда деформациялануы;
      - қол-аяқтың ауруы екiншi бiр созылмалы (2-3 жылдан кем емес) остеомиелитпен бiрге жалғасып ол жыланкөзденсе немесе ойылып секвестрленсе жалған буын немесе сүйектiң тұтастығы бұзылса (көлденеңiнен не шетiнен бастап сүйектiң жартысына жуығы бүлiнсе) осының салдарынан ортаң жiлiк пен сирақ сүйектерi бүлiнiп олардың деформациясы 170 кем болса.
      - бiр аяқтың 10 см қысқаруы;
      - жарақаттан кейiнгi жазылмайтын жара (алты айдан көп) және жiлiншектегi мөлшерi 20 см квадрат көп (жазылып) қайталанатын жара, аяқ үстiндегi 10 квадрат см және одан да үлкен, табандағы мөлшерi 2 см квадрат кем емес жара;
      - омыртқаны қисайтатын жүрiп-тұруды қиындататын, омыртқаларды 3,4 дәрежеге қисайтып, олардың жұмысын бұзатын аурулар;
      - Бехтерев ауруы (анкилозданған спондилоартрит), ұршықтың сiресiп жұмыс iстемей қалуы;
      - қол саусақтарының басының кесiлiп қалуы және сол мүшенiң одан да жоғары деңгейде кесiлуi;
      - екi көздiң де көрмей қалуы немесе көру қабiлеттiлiгi коррекциядан кейiн (көруi 0,05-тен төмен болуы немесе көру қабiлеттiлiгiнiң тартылуы 10 - төмен болуы;
      - балалардың церебральдi параличi.

II. Кейбiр адамдарға жеңiл машина, моторлы
арбаны тегін беруге болатын ауру
Тiзiмi

      1. "Запорожец" маркалы жеңiл машина немесе қолмен басқаратын машинаның басқа түрi медициналық керек деген анықтамадан соң Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне, партизандарына, Ұлы Отан соғысында контузия алған, темiр жол бойында, әскери-теңiз базасында, аэродромдарда жарақат алған немесе Ұлы Отан соғысы кезiнде ауруға шалдығу салдарынан мүгедек болып қалғандарға және осы заңға сәйкес солармен теңестiрiлген әскери мiндеттi атқару үстiнде мүгедектiкке ұшыраған әскери қызметкерлерге, Совет Армиясы мүгедектерiне сонымен бiрге:
      - соғыстан келгеннен кейiн ауру болып, КСРО-ны қорғау жолында және әскери мiндеттi атқару кезiнде жарақат, контузия алу салдарынан мүгедек болса;
      ҚР, КСРО Iшкi iстер министрлiгi органдары құрамында қатардағы және бастық болып қызмет атқарған кезiнде жарақат, контузия алудан мүгедек болса;
      - 1994 ж. 1 қаңтарда Украина, Белорусь, Литва, Латвия, Эстония, ҚСР халқын қорғау жолында жауынгерлiк және командалық құрамдағы атқыштар батальондардың, взводтардың әскери басқарушылары алған жарақаттан, контузиядан мүгедек болса;
      - Чернобыль АЭС апатынан соң сондағы зардапты жою iсiне уақытша қатынасқандар, командировкамен барғандар, басқа жақтан (республикалардан) барып жұмыс iстегендер;
      б) Iшкi iстер органдарының бастық және қатардағы әскери мiндетiн атқарып жатқандар;
      в) әскери қызметкерлерден және әскери мiндеттiлерден осы апатқа байланысты жұмысқа тартылғандары;
      - Семей ядролық полигоны зардабынан сәуле ауруына шалдыққандар;
 

      2. Осы N 4 қосымшаның I п. аталған мүгедектерге арба (мотоколяска) тегiн берiледi.
 

      3. Жұмысшы, колхозшы және қызметкерлер арасындағы мүгедектер, сонымен бiрге бала кезден мүгедектер медициналық көрсетулер бойынша арбаны 80 процент жеңiлдiк бағамен алуларына болады.
 

      4. Еңбек зардабтарынан кәсiби аурулардан мүгедек болғандар сол ауруға ұшыратқан кәсiпорындары арқылы арбамен қамтамасыз етiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады