Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сату және есепке алудың ережелері туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Сауда министрлігі 1994 жылғы 4 мамырдағы N 5-64 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1994 жылғы 31 тамызда тіркелді. Тіркеу N 7. Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің 25 қарашадағы 2002 жылғы N 94 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 25.02.93 жылғы "Сауда ережелерін бұзғаны және тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтіргені үшін жауапкершілікті күшейту туралы" N 152 қаулысының негізінде, зергерлік бұйымдармен сауда жасауды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, зергерлік бұйымдарды сату жөніндегі бұрын жарық көрген ережелердің Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" және "Алтын қоры мен алмаз қоры туралы" Заңдарына сәйкес келтірілуіне байланысты Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен, алтын қоры және алмаз қорымен жұмыс жөніндегі Департаментпен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі сынама қадағалау мемлекеттік инспекциясымен келісілген бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сату және есепке алудың Ережесі бекітілсін.
      2. "Қазақзергер" республикалық бөлшек-сауда кәсіпорны, жергілікті жерлердегі сауда басқармаларының органдары:
      аталған ережелерді сауданың барлық ұйымдары мен кәсіпорындарына жеткізуді;
      олардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
      3. Қазақ ССР Сауда министрлігінің бұрын жарық көрген 4.02.1972 жылғы "Қазақ ССР Сауда министрлігі жүйесінің сауда кәсіпорындарындағы бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сату және есепке алудың тәртібі жөнінде нұсқаулар туралы" N 1-25 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.

      Министр

Қазақстан Республикасы
Сауда министрлігінің
1994 жылғы 4 мамырдағы
N 5-64 бұйрығына 
N 1 қосымша   

Бағалы металдар мен бағалы тастардан
жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау, сату және
есепке алудың
Ережесі

1. Жалпы ережелер

             1. Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды, корпусы бағалы металды сағаттар арнаулы мемлекеттік сауда кәсіпорындар әмбебап дүкендер мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 7 мамырдағы N 1311-ХІІ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы металдар, бағалы тастар мен олардан жасалатын бұйымдар өндірісі, өңдеуге және сатуға байланысты қызметті лицензиялау туралы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік сыныптама бақылау инспекциясының лицензиясы бар тұтыну корпоррациясы жүйесінің аудан орталықтары мен ірі елді мекендеріндегі дүкендердің арнаулы бөлімдері арқылы сатылады. Зергерлік бұйымдарды фирмалық дүкендер арқылы сатуға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тәртіпте жол беріледі.

2. Қабылдау және сақтау

      2. Базарлар мен дүкендерде бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдарды қабылдау, сақтау және босату материалдық жауапты адамдармен жүргізіледі, олармен толық материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша келісім-шарт жасалады.

      3. Қоймалар /базарлар/ мен дүкендерге келіп түсетін бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдар іс жүзіндегі нормативтік актілердің талаптарына және тапсырушының /сатушының/ жолдама құжаттарына сәйкес саны және сапасы бойынша қабылданады.

      4. Көтерме-сауда базаларының қоймаларында бағалы тасты бағалы металдардан жасалған бұйымдар сейфтерде, жартылай бағалы тастарды және тастарсыз /күмістен жасалған әшекейлерден басқасы/ асыл металдардан жасалған бұйымдар алтын корпусты сағаттар-металл жәшіктерде, шкафтарда, күмістен жасалған бұйымдар-металл сөрелерде сақталады.
      Дүкендерде зергерлік, алтын бұйымдар мен алтын корпусты сағаттар жұмыс күні аяқталған соң материалдық жауапты адамдар сүргі соғып, сейфтерде сақталады. Күмістен жасалған бұйымдар /ас үй күмісі, стол сервизі заттары/ дүкендерде сейфтерде немесе металл шкафтарда сақталады. Күміс әшекейлер сауда залында сөрелерде, ал қосалқы баспана-орындарда - металл сөрелерде сақталады. Сөрелер есіктерден 1м кем емес арақашықта орналастырады. Металл жәшіктер еденге немесе қабырғаға мықтап бекітіледі.
      Базалар мен дүкендерде құндылықтар салынған сейфтердің кілттері сейфтердің бірінде сақталады, оның кілті құндылықтардың сақталуына жауап беретін материалдық жауапты адамдардың бірінде болады.
      Аталған құндылықтарды сақтау үшін баспана-орындардың терезелерінің 2 ойығында металл шыбықтарының қимасы 1,5 см кем емес металл тор болып, есіктер мен терезелер-сенімді түрде ілінетін болуы тиіс.

      5. Құндылықтарды бір жәшікте /отқа жанбайтын шкафта/ сақталуға тыйым салынады, олардың сақталуына әртүрлі материалдық жауапты адамдар жауап береді.
      Бағалы металдар мен бағалы /жартылай бағалы/ тастардан жасалған бұйымдар сақталатын сейфтер /шкафтар, металл жәшіктер, сөрелер және т.б./ арнайы бөлінген орындарға қойылады.
      Желдеткіш қораптар қойған кезде әрбір орынға торлы жабылма жасалады, сыртқы ағаш есіктер темірмен қапталады. Бұдан басқа сенімді ілмекті қосымша торлы есіктер орнатылады.
      Дүкен, база, қойма, құндылықтарды сатып алу үйлері үш шекті күзет сигнализациясымен жабдықталады.
      Үйдің сигнализация жүйесінде бір-біріне тәуелсіз сигнализациялар шектер деп саналады, олардың әрқайсысы орталықтандырылған бақылау пультінің нөміріне өзінше қосылған. Базалардың, қоймалардың бақылау тексеру пунктінің концентраторына сигнализция жасауға жол беріледі, бірақ мұнда қойылар талап-концентратордың сигналы орталықтандырылған бақылау пунктіне немесе милицияның кезекшілік бөліміне берілуі тиіс.
      Сигнализацияның бірінші шегімен дүкен, қойма, базаның периметрі /немесе көлемі/ /терезелер, есіктер, люктер, желдеткіш каналдар, су, жылу, және басқа да байланыс-қатынас жүйелері/ қорғалады. Екінші шекпен периметр және қойма көлемі /алаңы/, үшіншісімен-құндылықтар жиналған дәл сол орын /сейф, шкаф, сөре және т.б./ қорғалады.
      Бұдан басқа, дүкен /база, қойма/ бірінші күзет шегімен біріктірілген немесе орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған жеке өрт сигнализацияларымен жабдықталады. Өрт сигнализациялары тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі уақытта өрт жөніндегі сигнал орталықтандырылған бақылау пультіне не дүкен қойма, база әкімшілігі орнына қосылады.
      Құндылықтар сақтаулы, тұрған, сауда жүргізілетін немесе құндылықтар сатып алынатын орын-үй қатар сигнализациясымен жабдықталады.
      Қатер сигнализациясы деп қызмет көрсетуші адамның шабуыл өрт және т.б. жағдайларда күзет постысына, сол сияқты орталықтандырылған бақылау пультіне не милицияның кезекшілік бөліміне жасырын түрде сигнал беру /кнопка, педаль/ құрылымы ұсынылады.

      6. Базалардағы құндылықтарды сақтауға арналған 6 орын жұмыс күні аяқталған соң материалдық жауапты адамдармен пломбаланып, күзету үшін орталықтандырылған күзет пунктіне / бақылау-тексеру пункті/ немесе арнаулы журналға қол қойдырып, милиция нарядына өткізіледі.
      Жұмыс күнінің басында материалдық жауапты адамдар пломбалардың бұзылған-бұзылмағандығын тексеріп, бұл жөнінде арнаулы журналға белгі жасайды.
      Өз алдына жұмыс істейтін құндылықтарды сатып алу пункттері мен бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдармен сауда жасайтын дүкендер, мұның ішінде комиссиондық негізде сауда істейтін зергерлік дүкендер жұмыс күнінің басында дәл осы тәртіпте күзетке өткізіліп және қабылданады.
      Дүкендер мен өз алдына жұмыс істейтін сатып алу пункттері түскі үзіліске жабылған кезде сауда залында жауапты кезекші материалдық жауапты адамдар қалады. Бұл секциялар мен орындар орталықтандырылған күзет пунктіне күзетке өткізіледі. Зергерлік дүкендер үйінде орналасқан құндылықтарды сатып алу жөніндегі пункттер түскі үзіліске жабылған кезде механикалық қорғаныс құралдары /ілмек, пломбир, бақылау құлыптары/ қолданылады.
      Құндылықтарды сақтауға арналған үйлердің күзету орталықтандырылған бақылау пульттерінің көмегімен жүргізілген жағдайда, оларды күзетке қабылдау мен өткізуді материалдық жауапты адамдар пультпен телефон бойынша кезекшіге хабарлау арқылы жүргізіледі.

3. Тиеу, босату және сату

      7. Жасалған келісім-шарттар мен сатып алушының тапсырмаларына сәйкес бөлшек сауда тораптары мен базаларға бағалы металдардан, бағалы тастардан жасалған бұйымдар мен алтын корпусты сағаттарды көтерме тиеу және босатуды арнаулы көтерме сауда базалары жүргізіледі.
      Қоймалардан, базалардан құндылықтар директор, аға бухгалтер /немесе оның орынбасарларының) және материалдық жауапты адамның, мұның қарауында әкетілетін құндылықтар болады, қолы қойылған қағазбен босатылады, рұқсат қағазда міндетті түрде босатылған тауарлардың орын саны, есеп-фактураның нөмірі мен алушының фамилиясы көрсетіледі.

      8. Бағалы металдар мен тастардан жасалған бұйымдар сақтаулы тұрған үйдің кірер және шығар аузында тұрақты және бір жолғы рұқсат қағаздарын сақтау мен тексеру, сол сияқты рұқсат қағазында көрсетілген орындар саны бойынша осы үйден әкетілетіндерге бақылау жасау күзет бақылау тексеру қызметшілері арқылы жүргізіледі.

      9. Бөлшек сауда торабында бағалы металдар мен бағалы тастардан /күміс галантереядан басқасы/ жасалған бұйымдар екі дана тауар чегінің көшірмесімен сатылады. Тауар чектерінде реттік нөмір болады.
      Чектердің бірінші данасын жұмыс күнінің аяғында материалдың жауапты адам бухгалтерияға өткізеді, екіншілері тауармен бірге сатып алушыға беріледі.
      Тауар чектерінің бірінші даналары соңғы инвентарлау нәтижелерін бекіткеннен кейін 10 күн сақталады; есептік мәліметтерден ауытқушылық байқалған жағдайда - істі қарау аяқталғанға дейін.

      10. Сатылған бұйымдар үшін сатып алушылардан қолма-қол ақша касса арқылы қабылданады. Касса кабиналары сауда залының сатып алатын пункттеріне түкпірінде орналастырады, олар тексеру-касса аппараттарымен, еденнен бастап есептегенде биіктігі 1,8 м. кем емес қорғаншамен және қатер сигнализациясымен жабдықталады. Кассаларда ақша сақтауға арналған сейфтер /металл жәшіктер/ орналастырылып, бекітіледі.
      Зергерлік дүкендер, базалар мен қоймалар милиция постыларымен күзетіледі, олар қатер сигналын беру құралдарымен сол сияқты ішкі істер аумақтық органымен тікелей телефон байланысымен немесе радиостанциямен және қалалық телефон байланысымен жабдықталуы тиіс. Қатер сигналын беруге және тіке телефон байланысына арналған тіке сымдар бөлу, қатер сигналын құрастыру іс жүзіндегі тәртіпке сәйкес сауда ұйымдарының есебінен жүргізіледі.

      10.1. Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдар Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің арнаулы байланысы арқылы жеткізіледі.
      Ерекше жағдайларда аталған құндылықтар күзетпен ведомстволық автокөлік арқылы кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлерімен апарылуы мүмкін. Мұнда құндылықтардың бас бүтіндігі Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігінің 1992 жылғы 12 қазандағы арнаулы байланыс нұсқауларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс.
      Ведомостволық автокөлікпен және тиісті күзетпен қамтамасыз етпеген кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды беруге тиым салынады.
      Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды жеткізу ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      11. Қазақстан Республикасында жасалған, сол сияқты заңдық және денелік тұлғалардың республикадан тыс жерлерден әкелген, оларды сатуға мемлекеттік сыныптама бақылау инспекциясының лицензиясы бас сату үшін шығарылған барлық бұйымдар Қазақстан Республикасында белгіленген сыныптамаларды қанағаттандыруы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мемлекеттік сыныптама бақылау инспекциясы мен таңбалануы және бұйымның аты, сыныбы, шифры, грамдық бағасы, салмағы көрсетілген, пломбаланған ярлыгі болуы тиіс. Бұйымдардың маркілерінің мұның ішінде салмағын да дұрыстығын тексеру мақсатындағы жағдайларда ярлыгін алып, дүкеннің ярлык-дубликатында актінің нөмірін көрсетіп акт жасау талап етіледі.
      Бұйымды дайындаушының ярлыгі сақталады және ол дубликатпен бірге ілінеді.

      12. Алтыннан, платинадан және күмістен жасалған бұйымдар
айырбасталмайды және қайтарылмайды.
      Бағалы металдардан жасалған бұйымдарда тауар сараптау бюросы растаған өндірістік кемшіліктер байқалған жағдайда оларды айырбастау немесе сатып алушыға ақшасын қайтару Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдарына сәйкес жүргізіледі.
      Корпусы алтын сағаттар жарамсыз болған кезде сағаттың тек тетігі ғана айырбасталады, ауыстырылған тетігіне жаңа паспорт беріледі.    

IV. Есепке алу

      Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарға бағалар мен дүкендер төмендегідей тәртіпте есеп жүргізеді.

      13. Зергерлік бұйымдар /асыл тасты бұйымдар/ - әрбір бұйым жеке-жеке есептік нөмірімен, оның қысқаша сипаттамасымен /тастардың аты, олардың шифры, саны, және салмағы/, сыныбы, бұйымның жалпы салмағы мен бұйымның бөлшек сауда бағасы көрсетіледі.

      14. Алтыннан жасалған бұйымдар (салмағы бойынша сатылған) - аттары, сыныбы, саны салмақтары, грамдық бағасымен сомасы көрсетіледі.

      15. Алтыннан жасалған жеке-жеке бұйымдар-әрбір бұйымның аты, есептік нөмірі, қондырмасының қысқаша сипаттамасы, сыныбы, жалпы салмағы және бір данасының бөлшек сауда бағасы көрсетіледі.

      16. Салмағы бойынша сатылған күмістен жасалған бұйымдар аттары бойынша, сыныбы, саны, салмағы, грамдық салмағы мен сомалары көрсетіледі.

      17. Күміс шыбықшалы бұйымдарды қоса есептегенде, күмістен жасалған дана-дана бұйымдар - сыныптары, саны, бір данасының бағасы мен сомалары көрсетіліп, аттары бойынша.

      18. Күміс галантерея:
      Көтерме сауда базаларында - аттары бойынша, сыныбы, саны грамдық бағасы мен сомалары көрсетіледі;
      бөлшек сауда торабында - жиынтық түрінде.

      19. Күміс жиекті хрусталь - аты, саны, бағасы мен сомасы бойынша.

      20. Жаңа және қайта жасалған алтын корпусты отандық өндірістік сағаттар - аттары бойынша, маркілері, сыныптары, саны, бір данасының бағасы мен сомалары көрсетіледі.

      21. Шетел фирмаларында қайта жасалған алтын корпусты сағаттар - әрбір сағат жеке-жеке, сыныбы, фирманың аты, тетіктің немесе корпустың нөмірі, корпустың салмағы және бір данасының бағасы.

      22. Бағалы және жартылай бағалы металдар мен тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды қабылдап, беріп және сағатын қоймалар, орындар мен дүкендер тиісті типтегі және дәлдік класындағы өлшеуіш-таразы құралдарымен жабдықталуы тиіс.
      Таразылардың және әртүрлі өлшеуіштердің дер уақытында тексеруден өткендігі жөнінде Қазбасстандарттың куәліктер болуы тиіс.
      Алтын мен платина 0,01 г. күміс - 0,01г. дейінгі дәлдікте өлшенеді. Бағалы тастар 0,01 каратқа дейін, жартылай бағалы тастар - 0,01 дейінгі өңделгенде - 0,1 г. дәлдікте өлшенеді.
      Зергерлік және алтын бұйымдар 0,01г. дейінгі, күміс бұйымдар - 0,1 г. дейінгі дәлдікте өлшенеді. ____________________________________
      1. Асыл тасты алтын корпусты сағаттардың әрбірі жеке-жеке есепке алынады, тастардың аттары, олардың сипаттамалары, сандары мен салмақтары, фирмалардың аттары, тетігінің немесе корпусының нөмірлері, сыныбы корпусының салмағы және бөлшек сауда бағасы көрсетіледі. Басқа жағдайларда сағаттар аттары, бір данасының бөлшек сауда бағасы, саны мен сомасы көрсетіліп есепке алынады. Сағаттармен қондырылған асыл металдардан жасалған бұйымдар бұйымның аты бойынша есепке алынып, сағаттардың маркілері бір данасының бөлшек сауда бағасы, саны және сомалары көрсетіледі.
      2. Аты бір, бағасы бірдей, бірақ түрі бөлек алтын мен күмістен жасалған бұйымдар бағалары бойынша есепке алынып, аттары, сыныбы, саны, грамдық бағасы мен сомалары көрсетіледі.

V. Инвентарлау

      23. Көтерме және бөлшек сауда торабындағы бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды инвентарлау негізгі құрал жабдықтарды, тауар-материалдық құндылықтарды, ақша қаражаттары мен мемлекеттік саудадағы есеп айырысуларды инвентарлауды жүргізудің тәртібі туралы іс жүзіндегі нұсқауларға сәйкес жүргізіліп, жасалады.
      Мұнда бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдардың инвентарлық тізбеде осы Ереженің IV тарауында қарастырылған есепке алу сипаттамасына толық сәйкес келетіндігін есте ұстау керек.

      24. Осы Ережелерде қарастырылған алтыннан жасалған бұйымдарды қабылдау, сату, сақтау және есепке алу тәртібі платина мен палладайдан жасалған бұйымдарға да толық қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады