"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiне көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына үстеме ақы төлеудiң тәртiбi туралы" ережеге түсiнiктеменi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнің 1994 жылғы 20 мамырдағы N 58 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 24 қарашада тіркелді. Тіркеу N 22. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрiнiң 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 86-ө бұйрығымен.

---------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы  29 наурыздағы N 305 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiне көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына үстеме ақы төлеудiң тәртiбi туралы" ережеге түсiнiктемені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігiнiң 1994 жылғы 20 мамырдағы N 58 қаулысының күші жойылды деп танылсын...

      Министр
-----------------------------------     

        Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы наурыздың 29-ындағы N 305  P940305_ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiне көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына үстеме ақы төлеудiң тәртiбi туралы" ережеге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген түсiнiктеме бекiтiлсiн. 

      Министрдiң
      бiрiншi орынбасары

Қазақстан Республикасы   
Еңбек министрлiгiнiң    
1994 жылғы мамырдың    
20-сындағы N 58 қаулысымен 
Бекiтiлген         

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы наурыздың 29-ындағы N 305 қаулысымен
бекiтiлген "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
басқару органдары қызметкерлерiне көп жылдық
сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына
үстеме ақы төлеудiң тәртiбi туралы" ережеге
ТҮСIНIКТЕМЕ

        Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы наурыздың 29-ындағы N 305 қаулысымен бекiтiлген көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы төлеудiң тәртiбi туралы ереженi күшiне енгiзуге байланысты мынаны түсiндiремiз: 
      Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарының штаттарында тұрғын қызметкерлерiне көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына ай сайын үстеме ақы төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi. 
      Мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерiне көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына үстеме ақы осы Ережеге N 1-2 қосымшаларға сәйкес жұмыс стаждарына қарай төленедi. 
      Үстеме ақы айына бiр рет жалақы берiлген күнi төленедi.

I. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы
алуға право беретiн жұмыс стажын есептеу

        1. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн проценттiк үстеме ақы алуға право беретiн мемлекеттiк басқару органдарындағы жұмыс стажына басқару деңгейi мен атқарған қызметiне қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында үздiксiз жұмыс iстеген барлық уақыты есептеледi, бұған халық депутаттары жергiлiктi Кеңестерiнiң бұрынғы атқару комитеттерiнде, олардың бөлiмдерi мен басқармаларында, комсомол және кәсiподақ органдары мен халықтың бақылау мекемелерiнде iстеген уақыттары да қосылады. 
      2. Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" 1991 жылғы желтоқсанның 16-сындағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiнгi бұрынғы ССРО Одағы мен одақтас республикалардың мемлекеттiк басқару органдарында үздiксiз жұмыс iстеген уақыттары қосылады. 
      3. Министрлiктер, ведомстволар мен комитеттер жанындағы солардың басшылығымен жұмыс iстеген және жұмыс iстейтiн әр түрлi шаруашылық есептегi ұйымдар мемлекеттiк басқару органдарына жатпайды, бұған қаулының қосымшасында аталғандар қосылмайды. 
      4. Мемлекеттiк басқару органдарындағы жұмыстың үздiксiздiгi ССРО Министрлер Советiнiң 1973 жылғы сәуiрдiң 13-iндегi қаулысымен бекiтiлген және кейiн өзгертiлiп және толықтырылып отырған /ССРО қаулылар жинағы, 1973, N 10, 51-бап, 1984, N 4, 19-бап/ "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi жәрдемақы тағайындағанда жұмысшылар мен қызметшiлердiң үздiксiз еңбек стажын есептеу ережесiмен Қазақ КСР-iнiң еңбек туралы заңдар кодексi бойынша есептеледi. 
      5. Жұмыс стажы жыл сайын тиiстi жылғы қаңтардың 1-iне есептеледi, ол үстеме ақының неғұрлым жоғары мөлшерi пайда болуына байланысты реттелiп отырады. 
      6. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына үстеме ақы алуға право беретiн жұмыс стажына сондай-ақ мыналар қосылады: 
      6.1. Офицерлер құрамындағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы Күштердiң мерзiмнен тыс қызметте болған әскери қызметшiлердiң /армияда, Әскери комиссариаттарда, Республикалық ұланда, iшкi, шекара және темiр жол әскерлерiнде/ қатардағы әскери қызметте болған уақыты, мұнда үздiксiз жұмыс стажы сақтаулы шарт; 
      6.2. әскери қызметшiлер мен қызметшiлердiң Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi органдарында және қызметшiлердiң соттарда және прокуратурада мемлекеттiк басқару органдарында жұмысқа кiрген мерзiмiне қарамастан жұмыста болған уақыты, мұнда үздiксiз жұмыс стажы сақтаулы шарт; 
      6.3. мемлекеттiк басқару органдарымен еңбек қатынастарындағы әйелдерге баласы бiр жарым жасқа толғанға дейiн оны күту жөнiнде iшiнара ақы төленетiн демалыс уақыты және баласы үш жасқа жеткенге дейiн оны күту үшiн жалақысы сақталмай берiлетiн қосымша демалыс уақыты; 
      6.4. жоғары немесе орта арнаулы оқу орнында оқыған уақыт, егер оны бiтiргеннен кейiн жолдама бойынша мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеген болса, мұнда үздiксiз жұмыс стажы сақтауы шарт; 
      6.5. мамандығын арттыру курстарында, аспирантурада, жоғары партия мектебiнде, әр түрлi академияларда болған уақыт, егер қызметкер оқуға түскенге дейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеген болса және оқуды бiтiргеннен кейiн бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа орналасса; 
      6.6. шетелдерде жұмыс iстеген уақыт, егер қызметшi шетелге жұмысқа жiберiлмес бұрын мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеген болса және шетелден қайтып келген күннен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа орналасса, мұнда жолда болған уақыты есепке алынбайды. 
      Шетелдегi жұмыс деп алыс шетелдерде iстеген жұмыс және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылданғаннан кейiн - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығындағы жұмыс есептеледi. 
      6.7. 1992 жылғы қаңтардың 1-iне дейiн Қазақстан Республикасының партия және комсомол ұйымдарында iстеген уақыты, кәсiподақ ұйымдарында-мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа кiргенге дейiнгi уақыты, сондай-ақ басқа жұмыстардан босатылып, кәсiподақтардың хатшысы және төрағасы болып iстеген уақыты. 
      1992 жылғы қаңтардың 1-iнен кейiнгi жұмыс уақыты көп жылғы сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы алуға право беретiн жұмыс стажына есептеледi, мұнда мемлекеттiк басқару органдары қызметшiлерiне көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық жалақыларына үстеме ақы төлеудiң тәртiбi туралы ереженiң 3-тармағы төртiншi абзацының /немесе Ережеге түсiнiктеменiң 9.3-тармағының/ талаптары есепке алынады. 
      Оның бер жағында партия, кәсiподақ, комсомол газеттерi мен журналдарында iстеген уақыттар партия, кәсiподақ және комсомол ұйымдарындағы жұмыс стаждары болып саналмайды; 
      6.8. мемлекеттiк кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде /ғылыми мекемелердi қоса/ мемлекеттiк басқару органдарындағы мамандықтарға ұқсас басшы лауазымды жұмыстарда, мамандығы бойынша лауазымды жұмыстарда iстеген уақыт, егер қызметкер мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа тұрғанда қызметшiнi лауазымды жұмысқа жоғарылату, тағайындау немесе бекiту ретiнде жазбаша түрде рәсiмдеген болса. 
      Басқа барлық жағдайларда жұмыс уақыты қызметкердiң мемлекеттiк басқару органдарына көшiрiлген соңғы жұмыс орны бойынша ғана стажға есептеледi /қызметiнiң түрiне қарамастан кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң, қайта құрылуын және қайта ұйымдастырылуын есепке ала отырып/. 
      7. Кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң лауазымды басшыларына жататындар: шебер, цех, учаске, бюро, лаборотория, бөлiм, басқарма бастығы; бас мамандар: бас инженер, бас экономист, бас бухгалтер, бас юрисконсульт және т.с.; кәсiпорын басшылары: директор, меңгерушi, басқарушы, төраға және оның орынбасарлары. Сонымен қатар мұнда қызметшiлердiң мамандықтары мен лауазымдарының жалпы одақтық топтастырғышымен пайдалану қажет. 
      8. Мамандықтың ұқсастығы деп қызметшi кәсiпорында, ұйымда, мекемеде еңбек қызметiн атқарғанда кәсiби немесе мамандық тобы жөнiнен мемлекеттiк басқару органдарында да сондай кәсiбилiкке мамандыққа ұқсас, бiрдей, барабар, тең қызмет атқару ұғынылады. 
      9. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы алуға право беретiн жұмыс стажында үзiлiс болмайды, бiрақ мынадай жағдайларда үзiлiс стажға есептелмейдi: 
      9.1. қатардағы мерзiмдi әскери қызметте болу, егер қызметкер әскери қызметке шақырылғанға дейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс атқарған болса және запасқа шыққаннан кейiн 3 айдың iшiнде мемлекеттiк басқару органына қайтып оралған болса, мұнда жолда болған уақыты есепке алынбайды. 
      Үстеме ақы алу үшiн жұмыс стажына қатардағы әскери қызметке шақырылғанға дейiн мемлекеттiк басқару органдарында iстеген уақыт пен одан кейiн мемлекеттiк басқару органдарында iстеген уақыт есептеледi. 
      9.2. кадрларды даярлау және қайта даярлау курстарында оқуда болған уақыт, егер қызметкер оқуға дейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс iстеген болса және оқуды бiтiргеннен кейiн осында қайтып оралған болса; 
      9.3. қызметшiнiң халық шаруашылығы салаларының кәсiпорындарында, ұйымдары мен мекемелерiнде iстеген уақыты, егер қызметшi халық шаруашылығында iстегенге дейiн мемлекеттiк басқару органдарында, партия, кеңес және комсомол органдарында жұмыс атқарған болса және бiр ай мерзiмде мемлекеттiк басқару органдарына жұмысқа орналасқан болса. 
      Қызметшiлердiң халық шаруашылығы салаларының кәсiпорындарында, ұйымдары мен мекемелерiнде көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы алу жөнiндегi жұмыс стажында осында жұмыс iстегенге дейiнгi мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс атқарған халық шаруашылығы салаларында қызмет iстегеннен кейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс атқарған барлық жұмыс кезеңi есептеледi. 
      9.4. зейнеткер болған уақыт, егер қызметшi зейнеткерлiк демалысына мемлекеттiк басқару органынан кетiп, кейiн қайтадан соған жұмысқа орналасқан болса, сондай-ақ зейнеткерлiк демалысына мемлекеттiк басқару органдарынан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Iшкi iстер министрлiгiнен, прокуратура мен соттан, партия, комсомол және кәсiподақ органдарынан шыққаннан кейiн халық шаруашылығы кәсiпорындарында, ұйымдары мен мекемелерiнде iстеген уақыты, егер осыдан кейiн мемлекеттiк басқару органдарында жұмыс атқарған болса. 

II. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн лауазымдық
жалақысына проценттiк үстем ақы есептеудiң
және төлеудiң тәртiбi

        2.1. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн қызметкердiң лауазымдық жалақысына проценттiк үстем ақы негiзгi жұмыс орнындағы жалақысына есептеледi, мамандықты қоса атқару қосалқы жұмыс iстеуге, шөл далалық және қуаншылық, биiк таулық және аудандық коэффициенттер бойынша төлемдер, сыйлықтар және материалдық көтермелеудiң басқа түрлерi жөнiнен қосымша төлемдер есепке алынбайды. 
      2.2. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақының мөлшерiн күнтiзбелiк ай бойына көбейту правосына ие болған қызметкерлерге үстеме ақының айлық жалпы сомасы айдың кезеңдерi бойынша тиiстi мөлшерде есептелген үстеме ақыларды жинақтап есептеу жолымен белгiленедi. Күнтiзбелiк ай бойына лауазымдық жалақы өзгерген жағдайда көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақының сомасы да осындай тәртiппен белгiленедi. 
      Мәселен, қызметкердiң көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы алуға право беретiн жұмыс стажы тиiстi жылғы қаңтардың 1-iне 4 жыл 7 ай 15 күн болды делiк, сәуiрдiң 15-iнен бастап ол 5 жыл болады. Бұл жағдайда қызметкердiң айлық жалақысына процент есебiмен үстеме ақының мөлшерi 1-қосымша бойынша сәуiрдiң 15-iне дейiн 10 процент және сәуiрдiң 15-iнен кейiн 20 процент, 2-қосымша бойынша тиiсiнше 10 және 15 процент болады. 
      2.3. Егер қызметкерге көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы тағайындау правосы немесе оның мөлшерiн өзгерту қажеттiгi оның кезектi немесе қосымша демалыста болу мерзiмiне, сондай-ақ оның уақытша еңбекке жарамсыз болған уақытына душар келсе, жаңа үстеме ақы демалыс және уақытша еңбекке жарамсыз уақыты аяқталғаннан кейiн төленедi. 
      2.4. Көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн проценттiк үстеме ақы қолданылып жүрген заңға сәйкес қызметкерге сақталатын орташа табысты есептегенде есепке алынады /демалыс уақытында, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттемелердi атқарғанда, уақытша еңбекке жарамсыз болған кезiнде, мемлекеттiк зейнетақы тағайындаған жағдайда, әскери жиындарда болғанда, екi қабат болған және босанған кездегi демалыс уақытында, төтенше ахуалдардың салдарын жойған және пайда болған уақытта және басқалар/.
      2.5. Қызметкер жұмыстан босаған кезде көп жылдық сiңiрген еңбегi үшiн үстеме ақы жұмыс iстеген уақытына пропорциялы түрде есептеледi және ол бiржола есеп айырысқанда төленедi.

     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлiгi                    Еңбек министрлiгi

     Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
     Әдiлет министрлiгi                   Статистика және талдау
                                          жөнiндегi мемлекеттiк
                                                  комитетi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады