Т Ә Р Т I Б I Қазақстан Республикасы су айдындарының биоқорларын әуесқойлық және спорттық мақсаттарға пайдалану

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының экология және боресурстар Министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген 1994 жылғы 12 желтоқсандағы N 122. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 8 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 53. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

                       Жалпы ережелерi

     1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары, Республика көлемiнде тұрғылықты тұратын немесе оған уақытша келген барлық адамдар балық питомниктерiнен, тоғандық және басқа тауарлы балық шаруашылықтарынан басқа, барлық суларда аулау тәртiбiн сақтап, ақысын төлеп, жеке басының тұтынуы үшiн балық, басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн әуесқойлық және спорттық мақсатта аулауға рұқсат етiледi.
     2. Қолданылып жүрген әуесқойлық және спорттық балық аулау Ережелерiнiң орындалуын мемлекеттiк бақылау, тәртiп бұзғандарды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту және олардың үстiнен көтерiлген қылмыстық iс қозғалған материалдарды заң орындарына жолдау, сондай-ақ бұл мәселелер жөнiнде құқық органдарында мемлекеттiк мүдделердi қорғау балық органдары арқылы жүзеге асырылады.
     3. Әуесқойлық және спорттық балық аулау бiртұтас рұқсат беретiн құжат "Балық аулау картасы" арқылы жүзеге асырылады. Барлық су қоймаларындағы биоқорларды пайдаланғаны үшiн ақысы төленгенi туралы белгiсi қойылған бұл құжат балық аулауға құқық бередi.
     Балық қорын қорғау органдары су қоймаларында немесе оның жекелеген учаскелерiнде лицензиялар бойынша су жануарларын аулауды және су өсiмдiктерiн жинауды ұйымдастырады.
     Балық аулаушының картасы және лицензиясы ерекше есеп беру бланкiлерi болып табылады, лауазымды адамның қолы қойылып, балық қорғау органының мөрiмен куәландырылады.
     3.1. Азаматтар әуесқойлық және спорттық балық аулау мәселелерiмен шұғылданатын мемлекеттiк балық қорғау органдарында, аң және балық аулау қоғамдарында және басқа мекемелерде "Балық аулаушының картасы" және лицензиясын алуға мiндеттi. Биоқорларды пайдалану үшiн берiлген, ақысы төленген құжаттарды әрдайым балық аулауға барғанда өзiмен бiрге алып жүруге тиiстi.
     3.2. Балық аулаушының Картасы және лицензиясы онда белгiленген мерзiмге дейiн жарамды, мерзiмi бiткен соң алынған жерге 15 күннiң iшiнде қайтарылады. Жоғалған немесе қабылданбаған жағдайда олардың құны төленбейдi және олар қайтадан жаңартылмайды.
     Жоғарыда көрсетiлген құжаттарды көбейтуге, басқа адамдарға беруге және олардың күшi жүретiн жерлерден тыс қолданылуына тыйым салынады.
     3.3. Ауланған балықтың, су жануарлары мен өсiмдiктердiң санын балық аулаушының Картасында және лицензиясында мемлекеттiк немесе қоғамдық балық инспекторлары тiркейдi, ал олар жоқ болған жағдайда балық аулаушы өзi жазады.
     Балық, су жануарлары мен өсiмдiктерiн аулау орнынан алып кетер алдында Балық аулаушы картасы мен лицензиясында олардың саны тiркелмеген немесе нормасы артық болған жағдайда тәртiп бұзушы заңды түрде жауапқа тартылады, балық аулау құқынан айырылады.
     3.4. Лицензия арқылы ауланатын балық түрлерi: қортпа, пiлмай, шоқыр, сүйрiк, бекiре және бекiренiң будандастырылғандары, бахтан, хариус, ақ амур, доңмаңдай, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, жалғанкөз-глосса, буфалло, сазан.
     4. Азаматтар су айдындарында немесе бассейндерде пайдаланылып жүрген балық аулау Ережелерiн мiндеттi түрде бiлуi және қолдануы керек.
     Балық аулау ережелерiн бiлмегендiк, тәртiп бұзушы жауапкершiлiгiнен босатпайды.
     Балық аулау ережелерiмен әуесқойлық және спорттық балық аулау мәселелерiмен шұғылданатын мемлекеттiк балық қорғау органдарында, аң және балық аулау қоғамдарында және басқа мекемелерде танысуға болады.
     5. Азаматтар мына төмендегiлерге мiндеттi:
     5.1. Суларда санитарлық тазалықты сақтап, су жағасында, мұзда қоқыс, қалдықтарын тастамау және суларды ластамауды қадағалауға;
     5.2. Су айдындарында және балық аулау спорттық базаларда, қоғамдық тәртiптi бұзбау, мемлекеттiк инспекторларға Ереженi бұзушыларды ұстауға көмектесуге және жауапқа тартуға;
     5.3. Жағалаудағы жасыл желкендердi (көшеттердi) сақтауға;
     5.4. Жағалауда орнатылған көрсеткiштердi, қалқан мен аншлангтарды, тағы басқа белгiлердi бүлдiруден сақтауға;
     5.5. Рұқсатсыз ауланған балықты қайтадан суға жiберуге;
     6. Балық қорын қорғау органдарына, белгiленген тәртiп бойынша мынадай құқық берiледi:
     6.1. Жалпы тыйым салынатын кезеннiң ұзақтығын өзгертпей, ғылыми балық шаруашылық мекемелерiнiң келiсуiмен, әуесқойлық және спорттық балық аулауға тыйым салуды гидрометеорологиялық жағдайға байланысты он күнге не ары, не берi ауыстыруға;
     6.2. Аңшылар мен балық аулау қоғамдарына, сондай-ақ әуесқойлық және спорттық тұрғыдан балық пен су жануарларын аулау мәселелерiмен айналысатын ұйымдарға қажеттi жағдайларда балық қорғау органдарының бақылауымен мұз астындағы су қоймаларынан кәсiптiк құралдармен балық аулауға, ауланған балықты басқа су қоймаларына жiберуге немесе сауда жүйесiне тапсыруға рұқсат бередi.
     6.3. Әуесқойлық және спорттық балық аулауға тыйым салынған кезеңдерде лицензиялар бойынша балық аулау мақсатына қолданылатын аулар санын жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiп белгiлеуге рұқсат етiледi.
     6.4. Балық аулауға толық немесе учаскелер бойынша бөлшектеп тыйым салуды ұйғару әуесқойлық және спорттық балық аулау балық шаруашылық ғылыми зерттеу және малдәрiгерлiк қызмет органдарының келiсуiмен жүзеге асырылады.
     6.5. Балық шаруашылық ғылыми зерттеу мекемелерiнiң келiсуiмен балық өсiрiлетiн салалардың шекаралары және қыстайтын шұңқырлары анықталады.
     6.6. Жергiлiктi атқарушы үкiмет органдарының келiсуiмен шағын өлшемдi флоттың қозғалысына тыйым салу немесе шектеу көзделедi.
     6.7. Мемлекеттiк және қоғамдық балық қорғау инспекторларын көтермелеу үшiн оларға Ереженi сақтай отырып, балық аулауға рұқсат етiледi.
     6.8. Әуесқойлық және спорттық тұрғыдан балық ауланатын су айдындарды немесе су учаскелерiн анықтау, белгiленген тәртiп бойынша аң және балық аулау қоғамдарымен бiрлесе, жүзеге асырылады.
     Келiсiм шарттарының жүйелi түрiнде орындалмаған жағдайында, мәдени балық шаруашылықты ұйымдастыру және әрi қарай оны қолдану мүмкiн болмай қалған жағдайда, балық қорғау органдары бұл шарттарды бiржақты бұза алады.
     7. Мыналарға тыйым салынады:
     7.1. Балық қорғау органдарының рұқсатынсыз су қоймаларына балықтың жаңа түрлерiн жiберу.
     7.2. Балық қорғау органдарының рұқсатынсыз жаңа аулар мен балық аулау құралдарын балық аулау Ережелерiнде көрсетiлмеген бассейндер мен суларда қолдану.
     7.3. Балық аулау жарыстарын балық ұрық шашу кезеңiнде өткiзу.
     7.4. Су айдындарында немесе жағалауларда рұқсат етiлмейтiн балық аулау құралдарын пайдалану және жарылатын, уландыратын заттарды қолдану.
     7.5. Су айдындарында және жағалауда транспорт көлiктерiн жуу (автомобиль, мотоцикл, өздiгiнен жүретiн шасси, т.б.) және су айдындардың гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерiне керi әсер ететiн жұмыстарын жүргiзу.
     7.6. Балық аулауға рұқсат етiлмейтiн орындарда жүзу құралдарын тоқтату, өте қажет жағдайлардан басқа (дауыл, тұман, апат, т.б.) және тұрғын ауылдардың қасында.
     7.7. Су айдындарында немесе жақын араларда белгiлi уақытта және белгiленген жерлерде аулауға болмайтын балық түрлерiн, теңiз сүтқоректiлерiн және су омыртқасыздарын өзiмен бiрге алып жүру.
     7.8. Балықтарды судың астында гарпун және гарпун мылтықтарын, акваланг және басқа автономиялы демалу құралдарын қолданып, балық қорғау органдарының сондай мақсаттарға арналмаған учаскелерде аулау.
     7.9. Бағалы балық түрлерiн, уылдырықты, теңiз сүтқоректiлердi, су омыртқасыздарды және өсiмдiктердi, заңсыз балық аулағаны үшiн және жойғаны, зиян келтiргенi үшiн азаматтарды заң жүзiнде жауапқа тарту көзделген (белгiленген бағалар бойынша) түрлерiн сатып алу және сату.
     7.10. 8 см-ден кiшi шаяндарды аулау (аулау ұзындығы көздiң ортасынан бастап, құйрық пластинкасына дейiн өлшенедi).
     8. Балық аулауға рұқсат етiлмейдi:
     8.1. Балық аулау Ережесiнде рұқсат етiлмеген мерзiмдерде және орындарда белгiленген бассейндерде және топтарда.
     8.2. Жарылатын және уландыратын заттарды, электроток, шаншатын аулау құралдары, оқ ататын немесе пневматикалық мылтықтарды, басқа да рұқсат етiлмейтiн аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
     8.3. Көлдердi өзара және негiзгi өзенмен жалғастыратын ағыстар мен өзектерде аулау жұмысын жүргiзуге болмайды.
     8.4. Арнай рұқсат болғанға дейiн жаңадан iске қосылған су қоймаларында, су айдындарында балық аулауға тыйым салынады.
     8.5. Тiркелмеген, сондай-ақ сыртында анық нөмiрi жоқ жүзу құралдарымен және оларды жүргiзу құқығы жоқ болса, балық аулауға рұқсат етiлмейдi.
     8.6. Балық аулау учаскелерiнде (жылым тарту, ау құру орындарында) балық аулау.
     8.7. Магистралдi каналдарда, мелиоративтiк жүйелердi, жылу орталықтары және электрстанциялар орналасқан жерлерде балық аулау жұмыстарын жүргiзу.
     8.8. Өзеннiң және каналдың суға құйяр аузынан екi қапталына қарай қашықтығы 500 метр, судың жоғарғы жағында қарай 500 метр. Өзеннiң немесе каналдың құйяр аузынан өзен бойлап (жоғары) 1500 метр және бөгеттерге, блюзге, көпiрге жақын 500 метр балық аулау.
     8.9. Балық қорғау органының рұқсатынсыз жаңадан шыққан құралдарды және әдiстердi пайдалануға болмайды.
     9. Қазақстан Республикасының су қоймаларында балық қорына келтiрiлген зиянның орнын толтыру мөлшерi және балық аулау мен балық қорын сақтау жөнiндегi Ережелердi бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту.
     9.1. Балық қорына зиян келтiргенi, заңсыз балық аулағаны немесе балықтың, теңiз сүтқоректiлерiнiң, балдырлардың және өзен омыртқасыздарының бағалы түрлерiн жойғаны үшiн тәртiп бұзушылар белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады, және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң N 889 15 қыркүйек 1993 ж. Жарлығы бойынша оларға мынадай айып салынады.

       Балықтың, теңiз сүтқоректiлерiнiң және су
   омыртқасыздарының бағалы түрлерiн заңсыз аулағаны,
ұстағаны және жойғаны үшiн өндiрiлiп алынатын өтемдердiң
                       Мөлшерi
--------------------------------------------------------------------
Балық, теңiз сүтқоректiлерi және су  ! Әрбiреуi үшiн материалдық шы.
омыртқасыздарының түрлерi            ! ғын өндiрiлiп алынатын ставка
                                    ! ның мөлшерi (ең аз еңбекақы
                                    ! бойынша)
--------------------------------------------------------------------                   1                   !               2
--------------------------------------------------------------------
Қортпа                                               22
Пiлмай                                               15
Бекiре, шоқыр                                        10
Сүйрiк бекiре будандары, каспий албырты,
сылан, таймень                                       3
Арал албырты, сырдариялық жауырындық,
шортан тектес ақмарқа (Қызыл кiтаптан)               6
Майқап (үскiш), лаха, хариус, табан, бахтан,
арал қаязы, қаражал майшабақ                         2
Сазан, тұқы, ақ амур, доңмаңдай, долғын
майшабағы                                           1,5
Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық,
тiкенбалық, аққайран, тұрпа, шармай,
жалғызкөз-глосса, жайын, ақмарқа                     1
Табан, мөңке, оңғақ, ақтұқы, қылышбалық,
торта, қарақөз, тарақбалық, айнакөз,
қызылқанат, шортан, көксерке, жыланбас, шермiр,
жыланбалық                                          0,5
Көкбас, қызылкөз, берiш, алабұға, шемей,
майбалық                                            0,1
Шаян                                                0,1
Салин артемиясы, майда шаян және басқа су
омыртқасыздары                                       2
Каспий итбалығы                                      100

     Ескерту: Албырт, ақсақа балықтарының, ақмарқа мен шорттанның уылдырығын заңсыз дайындаудан келген шығын сол дайындалған уылдырықтың жоғарғы сорты есебiнде нарық бағасымен есептелiп, үш есе мөлшердегi, ал бекiре уылдырығы үшiн он есе мөлшердегi құны өндiрiлiп алынады.
     9.2. Балық қорғау заңдылығын бұзған азаматтарға балық қорғау органдары әкiмшiлiк тұрғыда Қазақстан Республикасының Заңында көрсетiлген мөлшерде айып салынады.
     10. Балық аулау құралдарын судан шығарып алу, Ережелердi бұзғаны жағдайда қолданылады, және тартып алынған балық аулау құралдарын жеткiзу, сүзу құралдарын және ауланған балықты, су жануарлары мен өсiмдiктердi тапсыру орнына тәртiп бұзушы балық қорғау органдарының қызметкерлерiнiң айтуы бойынша апарады.
     11. Рұқсат етiледi:
     11.1. Балық қорғау органдарының келiсiмiмен барлық алу құралдарың түрлерiмен бақылауға жатпайтын балық түрлерi: таутан, гольян, быстрянка, амур чебачек, амур лжепескарь, пескарь, гольян-губач, кәдiмгi голец, губач, элиотрис, гаммарус, әуесқойлық және спорттық мақсаттарға балық жемi ретiнде ауланады.
     11.2. Жаңадан ауланған, тұздалған, ысталған, қақталған түрiнде балық аулау орнынан тасымалдау үшiн белгiленген балық мөлшерi екi күндiк нормадан аспайтын, балық аулау картасында немесе лицензияда көрсетiлгендей болуы шарт.     

    Қазақстан Республикасының
    Экология және Биоресурстар
        Министрлiгi

    Қазбалыққорғау бас басқармасы
    ______________________________________________________________
    лицензияны берген балық қорғау мекемесiнiң аты)
    ______________________________________________________________
    лицензияны берген қызметкердiң аты-жөнi, атқаратын қызметi

    Түбiршек
    Лицензияға N _________
    балық алау құқығына
    Лицензияның құны _________________________т.
                          (жазба түр.)
    Азамат _______________________________________________________
            (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты лицензияны сатып алғ.)
    ______________________________________________________________
       кiм берген құжаттың, құжат, нөмiрi, толтырылған күнi)
    Балық аулауға рұқсат _________________________________________
    ______________________________________________________________
                    (су айдыны, учаскесi)
    ___________________бастап________________________________дейiн
    Қолданылған ау-құралдар ______________________________________
    ______________________________________________________________
        (түрлерiн атап, санын көрсету)
    Балық аулау құқығы ___________________________________________
                        (балықтың түрiн атап, санын көрсет)
    Табиғат байлығын пайдаланғаны үшiн ақысын төледiм ____________
                                                      (жазба түр.)
    ______________________________________________________________
                 теңге
    "_____" _____________________________________________199____ж.
                   (ақысын төлеген күнi)
    Лицензияны берген күнi _______________________________________
    Лицензияны алдым, балық аулау шарттарымен таныстым ___________
    ______________________________________________________________

    Қазақстан Республикасының
    Экология және Биоресурстар
          Министрлiгi
    Қазбалыққорғау бас басқармасы
    ______________________________________________________________
          (лицензияны берген балық қорғау мекемесiнiң аты)
    ______________________________________________________________
      лицензияны берген қызметкердiң аты-жөнi, атқаратын қызметi

    Лицензия N ____________________
    бағалы балық түрлерiн аулау құқығына
    Лицензияның құны ___________________т.
                       (жазба түрде)
    Азамат _______________________________________________________
           (фамилиясы, аты, әкесiнiң аты лицензияны сатып алғанның)
    ______________________________________________________________
       кiм берген құжат, оның нөмiрi, толтырылған күнi)
    Балық аулауға рұқсат _________________________________________
                                (су айдыны, учаскесi)
    _________________________бастап__________________________дейiн
    Қолданылған ау-құралдар ______________________________________
                             (түрлерiн атап, санын көрсету)
    Балық аулау құқығы ___________________________________________
                               (балықтың
    ______________________________________________________________
             (түрiн атап, санын көрсет)
    Табиғат байлығын пайдаланғаны үшiн ақысы төледiм______________
                                                    (жазба түр.)
    ______________________________________________________________
                  теңге
    "_______"____________________199___ж.
        (ақысы төлеген күнi)
    Лицензияны берген күнi________________________________________
    Қолы ____________________________
         (лицензияны берген қызметкер)

    М.О.

           Су айдындарындағы биоқорларды пайдаланушының
                            Нұсқауы   

     1. Биоқорларды пайдалану Картасы әрқашан иесiнде болуға тиiстi, оны табиғат және құқық қорғау қызметкерлерiнiң талап еткен жағдайда көрсетуге тиiс.
     2. Биоқорларды пайдалану Картасы тiркелу нөмiрi, балық қорғау мекемесiнiң мөрi, "құны төлендi" деген белгiсi бар жағдайда ғана күшiне енедi.
     3. Алушының Картаны басқа адамға беруге қақысы жоқ.
     4. Өздiгiнен Картаның көшiрмесiн немесе түпнұсқасын дайындауға қақысы жоқ.
     5. Балық аулаушы әрқашан балық аулауға барған сайын 2 таблицадағы аулаған балықтары және қолданылған ау-құралдары деген бағаналарға сәйкес деректердi енгiзуге мiндеттi. Деректер жазылмаса немесе таблицаға түзетулер енгiзiлсе, онда балық аулау Ережелерi бойынша Картасы өз күшiн жояды, осыған сәйкес ол иесiнен алынады.
     6. Балық аулау Ережесiн бұзған азамат (биоқорларды пайдалану) белгiленген тәртiп бойынша табиғат қорғау заңдылығына сәйкес жауап бередi.
     7. Мерзiмi бiткен биоқорларды пайдалану Картасы бiр ай аралығында балық қорғау органдарына қайтарылуға тиiстi.

                                      Қазақстан Республикасының
                                      Экология және Биоресурстар
                                      Министрлiгi

                 Қазбалыққорғау бас басқармасы

               Су айдындарының биоқорларын
                пайдаланушының картасы

Фамилиясы _________________________________________
Аты _______________________________________________
Әкесiнiң аты_______________________________________
Туған жылы ________________________________________
Мекен-жайы ________________________________________
Телефондар _______________________(үй)____________________(жұмыс)

              Тапсырма - Мiндеттеме
             -----------------------
    Алушы балық аулау Ережесiмен және биоқорларды пайдалану
Картасын толтыру шарттарымен танысты

                                  Қолы ______________________     

     Биоқорларды пайдалану Картасының өкiлеттiк мерзiмi:
"______" __________199____ж.-нан "_______"________199____ж. дейiн
Балық аулау учаскесiнiң шекарасы: _______________________________
_________________________________________________________________
Балық аулау Картасын берген _____________________________________
                           (мекеме, аты-жөнi, атқаратын қызметi)
_________________________________________________________________

Қолы_________________________               

                            "_____"_________________199____ж.
                                   (берiлген күнi)

    1. Қазақстан Республикасының су айдындарындағы биоқорларды
пайдалану:
--------------------------------------------------------------------
Күнi (ақысы төлену  ! Ақысы төлену мөрi   !Мемлекеттiк инспектордың
мерзiмiнiң уақыты   ! (жалпы сомасы теңге ! қолы
                   ! мен)                !
--------------------------------------------------------------------
          1        !           2         !           3
--------------------------------------------------------------------
__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     2. Әрбiр балық аулауға шыққан кездегi ауланған балық пен су
жануарлары туралы мәлiмет:
--------------------------------------------------------------------
Күнi, су айдыны !Балық, су жануарлары! Аулау мөлшерi ! Балық аулауда
ның, учаскенiң  !нының, өсiмдiктердiң! --------------! қолданылған
аты             !түрлерi             ! саны ! салмағы!ау-құралдардың
               !                    !      ! кг     !аттары мен
               !                    !      !        !саны
--------------------------------------------------------------------
         1     !           2        !   3  !   4    !      5
--------------------------------------------------------------------
               !                    !      !        !
               !                    !      !        !
               !                    !      !        !
               !                    !      !        !
--------------------------------------------------------------------
     3. Биоқорлардың пайдалану Ережелерiн бұзғаны туралы балық
қорғау органдарының жазған белгiлерi._______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

                  Биоқорларды пайдалану бағасын (құны)     

Қазақстан Республикасы                        Шетел азаматтары
азаматтары үшiн                               үшiн

КОД                                 КОД
--------------------------------------------------------------------
01 ! 3 күнге __________т.   !    11    ! 3 күнге____________________
02 ! 6 күнге __________т.   !    12    ! 6 күнге____________________
03 ! 12 күнге _________т.   !    13    ! 12 күнге___________________
04 ! 1 айға ___________т.   !    14    ! 1 айға_____________________
05 ! 3 айға ___________т.   !    15    ! 3 айға_____________________
06 ! Маусымдық ________т.   !    16    ! Маусымдық__________________
--------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады